

Әріп бойынша іздеуА Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э |
Хадис ЖибрилПайғамбарымыз сахабаларымен (достарымен) отырғанында, Жәбрейіл алейһиссаламның адам кейпінде келіп, Исламды, иманды және ихсанды сұрағанда расулуллаһ алйеһиссаламның берген жауаптарын білдіретін хадис шәриф. Жибрил хадисінде Жәбрейіл алейһиссалам қолдарын расулуллаһ алейһиссаламның мүбәрәк тізелерінің үстіне қойды және пайғамбарымызға: «Йа расулаллаһ! Маған Исламды, мұсылмандықты түсіндір» деді. Расулуллаһ алйеһиссалам: «Исламның шарттары: Кәлимаи шаһадатты айту, уақыты кіргенде намаз оқу, мал-мүліктерінің зекетін беру, Рамазан шәриф айында күнде ораза тұту және күші жететін адамның өмірінде бір рет қажылыққа баруы.» Иманның шарттарын сұрағанында: «Аллаһу та’алаға сену, Оның періштелеріне сену, түсірген кітаптарына сену, пайғамбарларына сену, ахирет күніне сену, тағдырға жақсылық пен жамандықтың Аллаһу та’аладан екендігіне сену» деп айтты. «Ихсан дегеніміз не?» деп сұрағанында: «Аллаһу та’аланы көріп тұрғандай ғибадат ету деген сөз. Сен Оны көрмесең де Ол сені көреді» деді. (Хадис шәриф – Мүслим) Хадиси ҒарибТек бір ғана адам білдірген сахих хадис. Немесе арадағы рауилердің (жеткізген адамдардың) біреуіне бір хадис ғалымы тарапынан қарсылық етілген хадис. «Сауд оттан құралған тау. Ей үмметім! Бұл таудан кәпірлер мәңгілік жетпіс жыл шығарылып, жетпіс жыл түсіріледі.» Бұл хадис, хадиси ғарибке жатады. (Тирмизи) Хадиси ХасБір адам үшін айтылған хадис шәрифтер. «Барлық үмбеттің бір сенімдісі бар. Ей үмбетім! Біздің сенімдіміз Әбу Убайда бин Жәррах.» Бұл хадис, хадиси хасқа жатады. (Сахих Мүслим) Хадиси ХасенЖеткізгендер (рауилер) дұрыс және сенімді адам болумен қатар есте сақтау қабілеті, түсінігі сахих хадистерді білдіргендердей қуатты болмаған адамдар жеткізген хадис шәрифтер. «Ұлы Аллаһ, жан алқымға келмейінше (иманды) құлының тәубесін қабыл етеді.» Бұл хадисті Имам Тирмизи риуаят еткен және “Бұл хадис, хадиси хасен” деп айтқан. (Хадис шәриф – Риязус-Салихин) Хадиси ҚауиРасулуллаһ алейһиссалам айтқанынан кейін артынша бір аяти кәрима оқыған хадис шәрифтері. Хадис ҚұдсиМағынасы Аллаһу та’аладан, сөзі расулуллаһ саллаллаһу алейһи уә сәлләм тарапынан айтылған хадис шәрифтер. Хадис құдсиерді айтқанда пайғамбарымызды нұр қаптайтын еді және бұл халінен белгілі болатын. (Абдулхақ Дәхләуи) «Құлым маған парыз намазда болғанындай ешбір амалымен жақын бола алмайды.» (Бұхари) «”Лә илаһа иллаллаһ” қорғаным. Бұны оқыған адам қорғаныма кірген болады. Ал қорғаныма кірген адам азабымнан амандықта болады, құтылады.» (Садәти Әбәдийә) Хадиси мақтуЖеткізгендері (рауилері) табииндерге дейінгілері білініп, Табииннен риуаят етілген хадис шәрифтер. "Табииннен риуаят етілген, білдірілген мақту хадистердің кейінгі рауилері әһли сүннет ғалымдарынан болса, бұлар шынайы хадиси мақту болып табылады. Мәуду деп саналмауы тиіс." (Ибн Қудама-Бұхари) Хадиси мәшһурАлғаш уақытта бір адам тарапынан білдіріліп, екінші ғасырда танымал болған, яғни бір адамның расулуллаһтан естіп, ал ол адамнан көп адам естіп, бұлардан да көп адамдардың естіп тараған хадис шәрифтер. "Хадис мәшһурға сенбеген адам кәпір болады." (Ибн Абидин) Хадиси мәудуБір хадис имамының шарттарына сай келмеген хадис шәрифтер. "Бір мүжтәһид (аяти кәрима және хадис шәрифтерден үкім шығара алатын ғалым) бір хадистің сахих (дұрыс) болуы үшін, қажетті деп қойған шарттарына сай келмейтін бір хадис үшін : “Менің мазһабымның усулының қағидалары бойынша мәуду” дейді. Әйтпесе “Расулулллаһтың саллаллаһу алейһи уә сәлләмнің сөзі емес” демейді." (Даудул-Карси) Хадиси мәуқуфСахабаларға дейінгі рауилері (нақыл етушілері) бар болып, сахаба болған рауидің расулуллаһтан естідім демей, осылай айтқан екен делінген хадис шәрифтер. Хадиси мәусулСахабалардың (расулуллаһ алейһиссаламның достарының) «расулуллаһтан естідім, былай деді» деп хабар берген хадис шәрифтер. Мұнда расулуллаһқа дейінгі риуаят етушілердің ешбірінде үзінді болмайды. Хадиси муаллақБастан бір немесе бірнеше рауисі (нақыл етушісі) немесе ешбір рауисі белгілі болмаған хадис шәрифтер. Хадиси муфтәраМусәйләмәтул-Кәззаб және одан кейін келген мунафықтардың (көңілімен (жүрегімен) сенбей, сөздерімен сендік деп екіжүзділік еткен) зындықтардың, кәпірлердің, мұсылман болып көрінген дінсіздерің ойдан құрастырған сөздері. Әһли сүннет ғалымдары (расулуллаһ алейһиссалам және төрт халифасымен сахабаларының жолында болған ғалымдар) муфтәра хадистерді іздеп тауып бөліп шығарған. Дін ұлыларының кітаптарында мұндай сөздердің ешбірі жоқ. Хадиси мүрселСахабалардың есімі айтылмай, табииннен (сахабаны көргендерден) бірінің тікелей расулуллаһ алейһиссалам былай деді деп хабар берген хадис шәрифтер. Хадиси мүснәди мунқатиСахабадан басқа бір немесе бірнеше рауисі (нақыл етушісі) білдірілмеген хадис шәрифтер. |