18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Хадис Жибрил

Хадис Жибрил

Пайғамбарымыз сахабаларымен (достарымен) отырғанында, Жәбрейіл алейһиссаламның адам кейпінде келіп, Исламды, иманды және ихсанды сұрағанда расулуллаһ алйеһиссаламның берген жауаптарын білдіретін хадис шәриф.

Жибрил хадисінде Жәбрейіл алейһиссалам қолдарын расулуллаһ алейһиссаламның мүбәрәк тізелерінің үстіне қойды және пайғамбарымызға: «Йа расулаллаһ! Маған Исламды, мұсылмандықты түсіндір» деді. Расулуллаһ алйеһиссалам: «Исламның шарттары: Кәлимаи шаһадатты айту, уақыты кіргенде намаз оқу, мал-мүліктерінің зекетін беру, Рамазан шәриф айында күнде ораза тұту және күші жететін адамның өмірінде бір рет қажылыққа баруы.»

Иманның шарттарын сұрағанында: «Аллаһу та’алаға сену, Оның періштелеріне сену, түсірген кітаптарына сену, пайғамбарларына сену, ахирет күніне сену, тағдырға жақсылық пен жамандықтың Аллаһу та’аладан екендігіне сену» деп айтты.  

«Ихсан дегеніміз не?» деп сұрағанында: «Аллаһу та’аланы көріп тұрғандай ғибадат ету деген сөз. Сен Оны көрмесең де Ол сені көреді» деді. (Хадис шәриф – Мүслим)