6 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     9 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Әһли сүннет ақидасы өте құнды қазына

Әһли сүннет ақидасы өте құнды қазына

            Кімдер дүниеде бір-бірлерін жақсы көрсе, бірге болса, ахыретте де бірге болады. Ахыретте кімдермен бірге болуды, қайда болуды қаласақ мұны дүниеде таңдап, соған қарай шешім қабылдау керек. Яғни кім болғанымыз емес, кімдермен бірге болғанымыз маңызды.

            Бір жақсылықтың істелуіне себепші болу, ол жақсылықты істегенмен бірдей болады. Бір адамның хидаятына (иманға келуіне) себепші болу, бір кісіге көмекші болу ең құнды ғибадат. Кейбір адамдарға Аллаһу та’ала ерекше қабілет берген. Оларды ерекше міндетпен жаратқан. Бұл адамдар күлімдеген жүзбен, жылы сөзбен, басқа адамдардың хидаятына (дұрыс жолға түсуіне) себеп болады, адамдарға дін ұлыларын, ғұламаларын танытады... Олар “мәңгі оттан тағы да бір адамды қалай құтқара аламыз” деп тырысады, адамдарға әһли сүннетті үйретуге тырысады, кімді жақсы көру керек екенін, кімді жаман көру керек екендігін айтады, мыңдаған мұсылмандардың “Силсилийа алийа” деп аталатын ұлы ғұлама, әулиелердің жолын көруіне, тануына себепші болады. Көптеген мұслманның ақиқатты көруіне себепкер болады.

            Дін ғұламалары былай дейді: «Әһли сүннет ақидасы өте құнды қазына. Аллаһу та’ала бұл құнды қазынаны қоқысқа тастамайды... Тек қадірлі жүректерге (көңілдерге) орналастырады. Сондықтан да осындай құнды қазынаға ие болған мұсылмандар өте құнды болады.»

            Аллаһу та’аланың дініне қызмет ету құлшынысы әрбір мұсылманның бойында міндетті түрде болуы керек. Егер ол болмаса, иманында нұқсандық бар демек. Өйткені иманның толық болуы немесе болмауы оны басқаларға жеткізуге байланысты. Мәселен Әбу Бәкір Сыддық “радиаллаһу анһ” иман келтіріп аузынан шыққан алғаш сөзі мынау еді: «Йа Расулаллаһ, менің тағы алты досым бар, әкелейін олар да мұсылман болсын.» Адам не нәрседен зауқ алса, басқалардың сол зауқты алуын қалайды. Адам нені жақсы көрсе, басқалардың да соны жақсы көруін қалайды. Шүбһәсіз Аллаһу та’ала бізге мүбәрәк адамдарды және әһли сүннет ғалымдарын жақсы көруді нәсіп етті. Біздің де қатты жақсы көретін дінімізге қызмет етуіміз және дінімізді басқаларға да жақсы көргізуіміз негізгі міндетіміз болады. Мұның сауабын өлшеу мүмкін емес...

            Мұсылманға ең бірінші керек болған нәрсе – иман. Иманнан кейінгі керек нәрсе – ілім. Ілім үйрену әйел және еркек барлық мұсылмандарға парыз. Адамдардың өзін құтқаратындай мөлшерде ілім үйренуі парыз. Үйренгеннен кейін үйренгендерін басқаларға үйрету де парыз, сонымен қатар үйренгені бойынша амал ету де парыз. Бір мұсылман бір ғибадатты жасамағанда күнәға кіреді, ал ол ғибадаттың қалай жасалатынын білмесе екінші күнәға тағы кіреді. Ілім үйренбеу пәлекет, үйретпеу де пәлекет, ілімімен амал етпеу болса ең үлкен пәлекет.

            Дін ғұламалары айтады: «Дінге қатысты бір мәселені үйрету немесе үйретуге себепші болу жүз рет умра жасаудың сауабынан да артық. Әһли сүннет ақидасы жазылған бір кітапты (мәселен сайтымыздағы намаз кітабын) алып басқаларға беру өте құнды іс. Кітап оқығанда да өте мұқият болуымыз керек. Кітаптың ішіндегі мәліметтерден бұрын кітаптың жазушысы маңызды. Көңілден шыққан нәрселер көңілге әсер етеді. Ақидасы бұзық адамдардың жазған кітаптарын оқыған адамдардың жазушыдан әсерленіп ақидасы бұзылуы мүмкін. Дін ғалымдары “лас құбырдан шипа келмейді” деген. Денемізге азық алғанда азықтың таза болуына мән бергеніміз сияқты, рухымыздың да азығын алғанда мұқият болуымыз керек, тіпті азықтан да көбірек мұқият болуымыз керек. Рухтың азығы ілім, дін, ғибадат. Денеге бұзылған азық берген жағдайда дене өлуі мүмкін, бірақ рухына бұзық азық алған адам иманын жоғалтады. Тағамдардың тазалығына қалай мән беріп жүрсек, оқитын кітаптарымызды да жақсы таңдауымыз керек. Олай болса әр түрлі королдіктердің етегін сүйіп жүрген ахыр заман шәйхтарымен мазһабсыз дүмшелердің сандырақтарын ислам кітабы екен деп оқып алданып қалмауға тырысу керек.»