19 - Шабан, 1447 жыл.
     7 - Ақпан, 2026 жыл.   

  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / "Асхаби кирам" кітабы / АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (2)

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (2)

43) БАБУР ШАХ: Тимур Гурган шахтың ұлы әйгілі Астарабадтың жаулаушысы Миран шахтың немересі болған сұлтан Әбу Саидтың немересі. Ол 888 [м.1482] жылы дүниеге келді. 933 [м.1526] жылы Үндістанды алып, үлкен ислам мемлекетін құрды. Бұл мемлекет 1274 [м.1858] жылғы британдықтардың басқыншылығына дейін 342 жыл бойы билік құрды. 937 [м.1530] жылы қайтыс болды. Кабулда жерленген. Ғалым, әділ және әдебиетші еді. Өз өмірбаянын өзі жазды. «Тузук Бабури» деп атаған бұл кітабы Акбар шах заманында Шағатай тілінен парсы тіліне, кейін ағылшын тіліне аударылып басылды. Бабур құрған «Тимур ұлдары» немесе «Гургания» (Моғол патшалығы) мемлекетінің он жеті патшасы төмендегілер:

 

Реттік нөмірі

Есімі және әкесі

Туылған жылы

Таққа отыруы

1

Бабур бин Омар бин Әбу Саид

888

933 [м.1526]

2

Хумайун бин Бабур

913

937 [м.1530]

3

Акбар бин Хумайун

949

963 [м.1555]

4

Сәлим Жиһангир бин Акбар

977

1012 [м.1603]

5

Шах-жиһан бин Жиһангир

1000

1037 [м.1627]

6

Евренкзиб Алемгир бин Шах-жиһан

1028

1068 [м.1657]

7

Шах Алем Мұхаммед Бахадыр бин Алемгир

1053

1118 [м.1706]

8

Жиһандар Искендер бин Шах Алем

1124 [м.1712]

9

Фаррух бин Азимушшан бин Шах Алем

1098

1125 [м.1713]

10

Рафиуддаражат бин Рафиушшан бин Шах Алем

1131 [м.1718]

11

Шах-жиһан сәни бин Шах Алем

1131 [м.1718]

12

Мұхаммед бин Шах-жиһан сәни

1114

1131 [м.1718]

13

Ахмед Бахадыр бин Мұхаммед шах

1161 [м.1748]

14

Алемгир сәни бин Жиһандар

1099

1167 [м.1753]

15

Шах Алем сәни бин Алемгир

1140

1173 [м.1759]

16

Акбар шах сәни Мұхаммед бин Шах Алем

1173

1221 [м.1806]

17

Бахадыр шах сәни бин Мұхаммед

1189

1253 [м.1837]

 

 

Жоғарыда жазылған Гургания (Моғол) патшаларының соңғы замандарында британдықтар Үндістанға орналаса бастады. Байқатпай хинду кәпірлерін мұсылмандарға қарсы қойды. Үздіксіз бүліктер шығарды. Алдымен Нидерланды, Португалия, Франция және Англия елдерінің саудагерлері мен үлкен фирмалары жағалаудағы қалаларға орналасты. Алғаш рет Фаррух Сир Шах бір ағылшын фирмасына ерекше құқық берді. Екінші Шах алем Бенгал құрлығын жылына екі миллион төрт жүз мың рупия құнына ағылшын фирмасына жалға берді. 1221 [м.1806] жылы Шах алем қайтыс болғанда ағылшын үкіметі фирманың құқығын қорғау деген сылтаумен мәселеге араласты. 1274 [м.1858] жылы Делиде көтеріліс шығарып, Үндістандағы уаһһабилердің көмегімен Бахадыр шахты Калькутта қаласына апарып қамап, Моғол патшалығын құлатты. Хақиқат Кітап үйінің 1987 жылы басып шығарған «Дия-ул кулуб» кітабына қараңыз!  1294 [м.1877] жылғы Османлы-Ресей соғысы кезінде Үндістанды Англия корольдігіне бағынышты империя деп жариялады. Мидхат пашаның ислам дініне тигізген ең үлкен зияны осы болды. Британдықтар кірген барлық ислам мемлекеттерінде істегеніндей ислам ғалымдарын, ислам кітаптарын, ислам мектептерін жойып жіберді. Нағыз діннен жұрдай сауатсыз жастарды жетілдіріп шығарды. Хиндулар мен мұсылмандарды бір-біріне айдап, миллиондаған мұсылмандардың қылыштан өтуіне себеп болды. Шығарған бүліктерінің ең қандысы 1274 [м.1858] және 1366 [м.1947] жылдары Пәкістан құрылып жатқанда болды. Олар Пәкістанға мемлекет басшысы тағайындаған Әли Жиннаһ шии еді. [м.1948] жылы ол өлгенде орнына отырған Әйюб хан масон еді. Олар ислам дінін құлату жолында еді. Оның орнына келген генерал Яхия хан нағыз қызылбас (шии) еді. 1392 [м.1972] жылдың басында Үнді соғысында жеңіліп, шығыс Пәкістан қолынан кеткен соң қамауға алынды. 1947 жылы шии Пәкістан мемлекетінің құрылуы Үндістанда миллиондаған әһли сүннеттің өліміне себеп болды. Стамбұлда Ихлас қорының құрушысы 1391 [м.1971] жылдың соңында Үндістан мен Пәкістан саяхатында «Панипут» қаласында есігі құлыптаулы Құран мектебін көріп, неліктен жабық екенін сұрағанда «1947 жылдан бері жабық тұр. Бүкіл шәкірттерді және қаладағы мыңдаған мұсылмандардың барлығын [м.1947] жылы хиндулар өлтірді. Бір әһли сүннет кісі тірі қалмады. Біз мұнда кейіннен келдік» деген жауап алды.

Сәйид Абдулхаким хазрет айтқан: «Исламның үлкен дұшпаны британдықтар. Ислам дінін ағашқа ұқсататын болсақ, басқа кәпірлер мүмкіндік тапқанда бұл ағашты түбінен шабады. Мұсылмандар оларға дұшпан болады. Бірақ бұл ағаштың тамырынан бір күні көшет шығуы мүмкін. Британдықтар ондай емес. Бұл ағашқа қызмет етеді, бағады, суарады. Мұсылмандар оларды жақсы көреді. Бірақ түнде ешкімге білдіртпей түбіне у құяды. Ағаш қайта шықпайтындай қурап шіриді. «Әттең-ай, өкінішті, қайғырдым» деп мұсылмандарды алдайды. Британдықтардың исламға осылай у шашуы ақша, мансап және әйел сияқты нәпсінің қалауларын қандыру арқылы сатып алған жергілікті мұнафиқтардың, тексіздердің қолдары арқылы ислам ғалымдарын, ислам білімдерін жойып жіберуі болған». 12, 345.

44) БАҚИ БИЛЛАҺ: Мұхаммед Бақи биллаһ Үндістанның үлкен әулиесі еді. 971 жылы дүниеге келіп, 1013 [м.1604] жылы қайтыс болды. Делиде жерленген. Зухд пен тақуалығы және кереметтері мәшһүр. Кабулдан Самарқандқа келіп білім алды. Ол жақта Имкенк ауылында Хажеги Имкенги Ахмед Қашаниден фәйз алып, тасаууфта кемелдікке жетті. Құран кәрімді әр түні екі рет хатым ететін. «Хадарат-ул қудс» және «Бәракат» кітаптарында өмірбаяны парсы тілінде жазылған.

Стамбұлда Сүлеймания кітапханасында Рашид мырза бөлімінде 474 нөмірлі «Мәнһәж-ус саликин» кітабын хижреттің 993 [м.1585] жылы Мұстафа бин Хусейн Руми Ахрари Мекке қаласында жазған. Оның ұстазы қожа Ахмед Садық Ахрари Кабили мәулана Хажеги Ахмед Қашаниден және одан кейін шәкірті қожа Мұхаммед Ислам Жуйбариден Бұхарада фәйз алды. Жуйбаридің шәкірді болды, бірақ мәулана Хажеги Қашанидің ұлы мәулана қожа Исхақ Бәлхтан Ташкентке келгенде білім мен фәйз беру міндетін Мәуланаға қалдырды. Мәулана қожа Исхақ әкесінің шәкірті болған мәулана Лутфуллаһтың шәкірті еді. Қожа Ахмед Садық мырза Мәуереннахрдан Стамбұлға келді. Үшінші сұлтан Мұрат хан оны үлкен құрметпен қарсы алды. Ол өзі мен уәзірлері қызмет етуде жарысты. Оның шәкірті болды. Кейін Хижазға жолға шықты. Мысыр әкімі Ибраһим паша теңдесі жоқ қызмет көрсетті. Меккеде сұлтанның арнайы дайындаған үлкен сарайында қонақ болды. Ол жерде екі жыл қалып, тоғыз жүз тоқсан үшінші 993 [м.1585] жылы Мәдина қаласын зиярат етті. Шам жолымен Стамбұлға келді. 144, 145, 146, 148.

45) БАЯЗИД БИСТАМИ: Есімі Тайфур. Әкесі Иса. Әулиенің ұлыларынан болып, ханафи мазһабында еді. 160 жылы Бистамда дүниеге келіп, 231 [м.846] жылы қайтыс болды. Бистамда жерленген. Бистам Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында. Имам Жафәр Садықтың руханиятымен жетіліп тасаууфта биіктеген. Отыз жыл Шамды аралап жүз он үш ұстаздан дәріс алды. Аллаһқа деген махаббатта соншалықты ілгерілеп, ғибадаттағы кәмілдігі соншалық, намаз оқығанда Аллаһтан қорқып және исламға деген құрметінен кеудесінің сүйектері сықырлайтын. Өте үлкен ғалым, ізгілікті және ақын еді. Өлеңдері танымал (қаддәсаллаһу та'ала сиррәһул азиз). 148, 150, 327.

46) БАҒАУИ ХУСЕЙН: Әкесі Мәсуд. Мухийсуннә есімімен танымал. Хадис ғалымы. Шафи мазһабында. 436 [м.1044] жылы Хорасанда Бағ қаласында дүниеге келіп, 516 [м.1122] жылы қайтыс болды. Әйгілі «Мәсабиһ» кітабының авторы. Бұл кітапта 4719 хадис шәриф бар. Фиқһта «Кифая», тәфсирде де «Мәалимуттәнзил» және тағы көптеген құнды еңбектері бар (рахимә-һуллаһу та'ала). 106.

47) БӘҺЛУЛ ДАНА: Әкесі Омар. Куфалық дәруиш. Харун Рашидпен арасындағы әңгімелері мәшһүр. Білімі жоқ болса да, Харунға насихат беретін. 190 [м.806] жылы қайтыс болды. 87.

48) БӘРА БИН АЗИБ: Ансар сахабалардың ұлыларынан. Кіші жаста болғандықтан Бәдір соғысына апарылмады. Он төрт соғыста Расулуллаһтың көз алдында соғысты. Өте ержүрек, батыл еді. Рәй қаласы жаулап алынған кезде көп қаһармандық көрсетті. Басрада қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһ). 68. 241.

49) БӘШИР БИН СА’Д АНСАРИ: Асхаби кирамнан. Хазреті Әбу Бәкірге ансар сахабалардан ең алғаш биат еткен ол еді. Екінші Ақаба келісіміне және бүкіл соғыстарға қатысты. Ямама соғысынан қайтар жолда Айнуттәмәр оқиғасында шәһид болды (радиаллаһу та'ала анһ). 113.

50) БӘЙДАУИ: Абдуллаһ бин Омар қазы Бәйдауи муфәссирлердің (тәфсиршілердің) бас тәжі. Шираздың Бәйда ауылында дүниеге келіп, 685 [м.1286] жылы Тебризде қайтыс болды. Шафии мазһабының үлкен ғұламасы еді. «Әнуар-ут тәнзил» атты тәфсирі өте құнды болып, бүкіл ғалымдарға күшті дәлел болған. Кәлам, фиқһ, лұғат және нахв ілімдерінде өте құнды кітаптары бар. Тәфсирін көп адам шәрһ еткен. Олардан «Шәйхзада шәрһі» ең құндысы (рахимә-һуллаһу та'ала). 86, 88, 97, 110, 111, 125, 130, 204, 274, 390.

51) БӘЙҺАҚИ: Ахмед бин Хусейн Бәйһақи хадис ғалымы. Шафии мазһабында үлкен ғалым еді. 384 [м.994] жылы Нишапурдың Бәйһақ ауылында дүниеге келіп, 458 [м.1066] жылы Нишапурда қайтыс болды. «Сүнән-и кәбир» және «Сүнән-и сағир» хадис кітаптары мәшһүр (рахимә-һуллаһу та'ала). 129, 205, 248.

52) БИЛАЛ БИН РӘБАХ ХАБЕШИ: Асхаби кирамнан. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) муәззині (азаншысы) еді. Алғаш мұсылман болғандардан. Уммиятәбни Халефтің құлы еді. Кәпірлер және оның қожайыны көп қорлық көрсетіп азаптайтын. Мойнына жіп байлап, балалардың қолына беріп Меккенің көшелерінде кездіретін. Ал Билал «Аллаһ бір, Аллаһ бір» деп дінінен бас тартпайтын. Бір күні Билалды шешіндіріп, жалғыз іш киімімен ыстық құмға жатқызды. Үстіне үлкен тас қойды. «Не Мұхаммедтің дінінен шығасың, не өлгенге дейін осында осылай қаласың» деді. Билал хазрет сол тастың астында «Аллаһ бір, Аллаһ бір» дейтін. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ол жақтан өтіп бара жатып мұны көрді. «Аллаһу та'аланың есімін айтуың сені құтқарады» деді. Үйіне келді. Әбу Бәкір келгенде Билалдың азаптарын айтып беріп, «Қатты қынжылдым» деді. Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) кәпірлерге барды да, «Билалды осылай азаптаумен не табасыңдар? Одан да маған сатыңдар!» деді. Олар «Қанша алтын берсең де сатпаймыз. Бірақ сенің құлың Амирмен ауысамыз» деді. Амир Әбу Бәкірдің сауда істерімен айналысатын. Көп ақша табатын. Мал-мүлкінен бөлек он мың алтыны бар еді. Әбу Бәкірдің барлық ісін атқаратын, яғни оның қолы мен аяғындай еді. Бірақ кәпір еді, иманға келмейтін еді. Әбу Бәкір Амирды бүкіл мал-мүлкі және ақшасымен бірге «Билал үшін сендерге бердім» деді. Олар «Әбу Бәкірді алдадық» деп қатты қуанды. Әбу Бәкір Билалды тастың астынан шығарып, қолынан жетектеп Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) алдына әкелді. «Йа, Расулаллаһ! Билалды бүгін Аллаһ үшін азат еттім» деді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қатты қуанды. Әбу Бәкірге дұға етті. Сол мезетте Жәбрейіл алейһиссалам келіп, тоқсан екінші сүре болған «Уәлләйл» сүресінің он жетінші аятын түсірді. Аллаһу та'ала Әбу Бәкірдің тозақтан алыс екенін сүйіншіледі.

Ең алғаш азан оқыған Билал болды. Ол бүкіл соғыстарға қатысты. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болуынан кейін жиһад етуге Шамға кетті. Жиырмасыншы жылы Шамда қайтыс болды. Баб-ус сағирде жерленген. Дауысы өте әдемі және өте әсерлі еді. Азан оқығанда бәрін жылататын. Омар (радиаллаһу анһ) Шамға келгенде ол азан шақырып бүкіл әскерді жылатқан еді. Одан кейін Мәдинаға келгенінде хазреті Хусейннің (радиаллаһу та'ала анһума) көндіруімен таң намазының азанын шақырып, бүкіл Мәдина халқын таңқалдырған еді. 133, 243, 250.

53) БИРГИУИ: Мұхаммед бин Әли 928 жылы Балыкесирде дүниеге келіп, 981 [м.1573] жылы Өдемиштің Бирги ауылында оба ауруынан қайтыс болды. Түрік тіліндегі «Өсиетнама» кітабы өте құнды, оның «Қазы-зада шәрһі» өте пайдалы. Араб тіліндегі «Тариқат-и Мұхаммедия» кітабын көп ғалымдар шәрһ етіп, түрікшеге аударған. Көп рет басылған. Ол түрік ғалымдарының бас тәжі (рахимә-һуллаһу та'ала). 90.

54) БҰХАРИ: Мұхаммед бин Исмаил 194 [м.809] жылы Бұхарада дүниеге келіп, 256 [м.869] жылы ораза айт күні Самарқандта қайтыс болды. «Сахих Бұхари» атымен танымал болған «Жамиуссахих» хадис кітабы Құран кәрімнен кейін ислам дінінің ең құнды, ең дұрыс кітабы. Басқа еңбектері де көп. Бұхари кітабында жеті мың екі жүз жетпіс бес хадис шәриф бар. Оларды алты жүз мың хадис арасынан таңдаған. Әр хадисты жазатын кезде ғұсыл алып, екі рәкат намаз оқып, истихара жасайтын. Бұхари кітабы он алты жылда жазылды. 18, 21, 40, 79, 231, 242, 362.

55) БУРХАНЕДДИН МӘРҒИНАНИ: Әли бин Әбу Бәкір үлкен ғұлама болып, Бұхарада мудәррис (ұстаз) еді. Шәйхулислам атымен танымал. Ферғананың Мәрғинан (Маргилан) ауылында дүниеге келіп, 593 [м.1197] жылы Бұхарада Шыңғыс хан басқыншылығында шәһид болды. Туындылары арасында «Хидая», яғни «Шәрһи Бидая» және «Тәжнис», «Куния-тул фәтауа» кітаптары мәшһүр (рахимә-һуллаһу та'ала). Хидая кітабы екі том болып басылған, ағылшын тіліне аударылған. Көп ғалымдар тарапынан шәрһ етілген. Ибн Хумамның шәрһі болған «Фәтһ-ул қадир» кітабы қайта басылған. 125.

56) БУРАЙДА-ТУБНИ ХАСИБ ӘСЛӘМИ: Асхаби кирамнан. Хижретте қауымымен бірге келіп мұсылман болды. Ухуд соғысынан кейін Мәдинаға келді. Одан кейінгі соғыстардың бәріне қатысты. Біршама уақыт Басрада тұрды. Хорасанға жиһадқа барды. Кейін Мәрвте орналасып, сол жақта қайтыс болды. Балалары, немерелері сол жақта қалды. Ұлы Абдуллаһ арқылы бірнеше хадис шәриф риуаят етілген. 113.

57) ЖАБИР БИН АБДУЛЛАҺ: Ансар сахабалардың ұлыларынан. Екінші Ақабә келісімінде әкесімен бірге еді (радиаллаһу та'ала анһума). Бәдір мен Ухудта кішкентай еді. Басқа он сегіз соғыстың бәріне қатысты. Өмірінің соңында көзі көрмей қалды. Язидтің қолбасшылығындағы әскермен Стамбұлды қоршауға қатысты. 77 жылы 95 жасында қайтыс болды. Мәдинада жерленгені «Мәудуатул-улум» кітабының 648 бетінде жазылған. Коджа Мұстафа паша салдырған мешіт пен кесене басқа Жабир үшін салынған болса керек. 40, 106, 185, 231.

58) ЖАБИР БИН ЗӘЙД: Басрада жерленген, табииннен. Ғалым және фақиһ еді. Абдуллаһ бин Аббастың шәкірті болған. 103 жылы қайтыс болды. 126.

59) ЖАФӘР ТАЙЯР: Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көкесі Әбу Талибтың ұлы және хазреті Әлидің ағасы. Иман келтіргендердің отыз екіншісі. Хабешке хижрет етіп, Хайбәрдің жаулап алуында келген. Шамға жақын Мутә деген жерде хижреттің сегізінші жылы жәмазил-ула айында рум әскерімен соғысқан үш мың әскердің қолбасшысы Зәйд бин Хариса шәһид болғанда оның орнына әмір болып, туды оң қолына алып шабуылдаған еді. Оң қолы кесілгенде туды сол қолына алып, сол қолы да кесілгенде тісімен ұстап шабуылдаған және соңында шәһид болған. Қайтыс болғанында қырық бір жаста еді. Сол күні жетпістен астам жарақат алған болатын. Расулуллаһқа «Жафәр Тайярға екі қолының орнына екі қанат беріліп жәннатта ұшып жүргені» уахи етілді. Бұл сүйіншіні сахабаларға хабар берді. Осы себепті «Тайяр» (Ұшқыш) деп аталды. 66, 250, 323, 329, 340.

60) ЖАФӘР САДЫҚ: Әкесі Мұхаммед Бақыр бин Зәйнәл абидин. Он екі имамның алтыншысы. Анасы Әбу Бәкір Сыддықтың немересі Қасымның қызы. 83 жылы Мәдинада туылып, 148 [м.765] жылы сол жақта қайтыс болды. Әкесі мен атасының қасына жерленген (рахимә-һумуллаһу та'ала). Білімі мен кемелдігі теңдесіз еді. Имам Ағзам Әбу Ханифа оның дәрісіне қатысып, ариф-и биллаһ болды. Химия ғылымында өз заманының теңдесізі еді. Әйгілі химик Жабир оның дәрісіне қатысып жетілді. Екінші Аббаси халифасы Әбу Жафәр Мансұр оған дұшпан еді. Бір рет өлтірмекші болғанымен, «Тәзкирә-и әулия» кітабында жазылған кереметін көріп қорықты. Тәубесіне келді. Аса құрметтеп, насихаттарын тыңдайтын болды. Оның жеті ұл, үш қыз баласы болып, үлкен ұлы Исмаил одан бұрын қайтыс болғандықтан, жетінші имам екінші ұлы Мұса Казым хазрет болды. Бидғатшылардың бір бөлігі оның ұлы Исмаилды және ұрпағын имам деп таниды. Оларды «Исмаилия» деп атайды. Шиилердің көбі өздерін «Жафари» деп атаса да, бұл сөздері Әбу Жафәр Мұхаммед Тусидің жолында екенін көрсетеді. 86, 87, 96, 108, 110, 111, 124, 125, 134, 212, 315, 324, 358, 361, 406, 410.

61) ЖАМИ «МОЛЛА»: Абдуррахман бин Ахмед Нуреддин мәулана Жами Хиратта (Герат) шәйхулислам еді. Ғалым, кемел әулие, әдебиетші және ақын еді. Хорасанда Жам ауылында 817 жылы дүниеге келіп, 898 [м.1492] жылы Хиратта қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). «Решехат» кітабында ұзақ өмірбаяны бар. Бахауддин Бұхари хазреттің халифаларынан Садеддин Қашғари оның мәжілісінде кемелдікке жетті. Патшалардан, әсіресе уәзір Әлишер Науаиден көп құрмет көретін. Фатих сұлтан Мұхаммед хазретпен де хат жазысатын. Фатихтың шақыруымен Конияға келгенімен, патша қайтыс болғандықтан онымен көрісе алмады. «Шәуаһид-ун нубуввә», «Нәфәхат-ун үнс» және «Бахаристан» кітаптары қайта-қайта басылған. Үшеуі де парсы тілінде. Жүзге жуық құнды еңбектері әр түрлі тілдерге аударылған. 31, 122, 143, 363, 386.

62) ЖАМИ НАМЫҚИ: Ахмед Әли бин Мұхаммед Намықи Жами әулиелердің ұлыларынан. Жетік шәйхулислам еді. «Нәфәхат» кітабының парсы Хинд басылымы 322-ші беттен бастап Ахмед Жамиды ұзақ сипаттаған. Ол асхаби кирамнан Жәрир бин Абдуллаһтың ұрпағы. Жәрир ақ реңді, ұзын бойлы, өте сымбатты кісі еді. Омар (радиаллаһу анһума): «Жәрир бұл үмбеттің Юсуфы» дейтін. Ахмед Жамидың отыз тоғыз ұлы және үш қызы бар еді. Он төрт ұлы қалып, бәрі ғалым, тақуа және кемел әулие болды. Бәрінің кітаптары, туындылары бар еді. Ол өзі үмми еді (оқу-жазуды білмейтін). Оқымады, жиырма екі жасында тәубе етіп, он сегіз жыл оңаша қалып, нәпсін тәрбиелеумен айналысты. Илми ләдунниге жетті. Сол кезде оған илми захир нәсіп етілді. Илми захирдың осылай нәсіп болуы асхаби кирамнан кейін өте аз әулиелерге нәсіп болған. Тәухид, марифат-и илаһия, сияр, хикмет, тасаууф, ақиқат сырлары жайында үш жүзден астам кітап жазды. «Мифтах-ун нәжат» атты парсы тіліндегі еңбегі Стамбұлдағы Сүлеймания кітапханасында, «Әсад ефенди» бөлімінде 1728 нөмірде бар. Мұны 522 жылы жазған болатын. Ол 441 жылы дүниеге келіп, 536 [м.1142] жылы қайтыс болды. «Сиражуссаирин» кітабында өзінің өмірін баяндап, Аллаһу та'ала берген ниғметтерді жазуда. Бұл кітабын алпыс екі жасында жазған еді. Сол кезге дейін жүз сексен мың кәпірдің иман келтіруіне, тәубеге келуіне себепкер болған. Оның ұлы Захиреддин «Румузу-хақаиқ» кітабында: «Әкем Ахмед өмірі бойы алты жүз мың адамның тәубеге келуіне себепкер болды» деп жазған. Ұзақ уақыт Хиратта, Абдуллаһ Ансаридың үйінде тұрып дінді уағыздады. 143.

63) ШЫҢҒЫС ХАН: [Dschingis-chan] Шыңғыс немесе Тимучин деп атайды. Түрік емес. Моңғол болғаны бүкіл тілдердегі тарих кітаптарында жазылған. Ең танымал және ең залым моңғол патшасы болған. Кәпір еді. Ислам дұшпаны еді. 551 [м.1155] жылы туылып, 624 [м.1227] жылы қайтыс болды. Үлкен тарихшы Шәмсәддин Сами бек «Қамус-ул алам» кітабында жазған: «Шыңғыс дүниедегі ең үлкен жаулаушы және ең әйгілі залым мен қан төгуші. Моңғол. Ислам дініне көп зияны тиген бұл адам тайпа көсемі болған кезінде 599 [м.1202] жылы «Қарақұрым»-да моңғол мен татар хандарының басы, яғни ханы болды. Надан және жабайы моңғолдар мен татарлардан үлкен әскер, дұрысырақ айтқанда қарақшылар тобын жинап, Шығыс Түркістанды және Қытайды жаулады. 616 [м.1219] жылы сұлтан Мұхаммед Харезм шахтың мемлекетіне шабуылдады. Хорасан, Кандағар, Мултан секілді мәдениет орталықтарын өртеп қиратты. Миллиондаған мұсылманды өлтірді. Көбін мешіт ішінде қылыштан өткізді. Өз әскері де жүз мыңдап шығын болды. Бұхара, Самарқанд, Герат секілді білім қайнары үлкен қалаларды қиратты. Әйелдерді тұтқын деп әскеріне таратты. Өте жаман нәрселер істеді. Ислам мәдениетіне қалпына келмейтіндей соққы жасады. Кавказия, Ресей, Анадолыға жайылды. 621 [м.1224] жылы Қарақұрымға қайтты. Кінәсіз адамдардың, әйелдер мен балалардың қанын төгу оның ең үлкен зауқы еді. Әскері де зауқы үшін адам өлтіретін. Ол кірген қалаларындағы қара халықтың бәрін өлтіруді әмір ететін. Алты жүз жылда түрлі еңбекпен қол жеткізген, тіпті ислам дініне дейін жасалған түрлі мәдениет туындыларын, кітапханаларды, мектептерді, обсерваторияларды, [құнды кітаптарды, тарихтың маңызды деректерін, дәлелдерін] жойып жіберді. Ислам ғалымдарының көптеген еңбектерінің қазіргі таңда болмауы ең баста Шыңғыс пен немерелері және олардың әмірімен шабуылдаған жабайы моңғол қарақшылары жасаған шапқыншылықтың, қиратудың нәтижесі. Азғындық пен құтырғандық уақыты қысқа сүрсе де, қиратқан мәдениеттері бұрынғы қалпына келе алмады».

«Мират-и каинат» кітабында бүкіл әлемге танымал болған және сенімді деп қабылданған үлкен ғұлама Имам Суютидің «Тарих-ул хуләфа» кітабынан алынып, былай жазылған: «Шыңғыс моңғол еді. Тілдері үнді тілімен аралас еді. [Яғни түркі тілін білмейтін. Ешбір тұрғыда түркілерге қатысы жоқ еді. Тіпті түркілермен соғысты, көп зиянын тигізді]. Олар Қытай шөл даласында өмір сүретін. Қала, тіпті ауыл да құра алмады. Қалаларға шабуылдады. Қарақшылықпен күн көретін. Қан төгуді, жамандық жасауды жақсы көретін. Шапқыншықтарында садақ қолданатын. Әйелдері де соғысатын. Бәрі кәпір және ислам мен мәдениеттің азғын дұшпаны еді. Олар күнге табынатын. Ешбір жамандық олардың сенімінде тыйым салынбаған, харам емес еді. Көбісі адам етін де жейтін. Әскер арасында некеге тұру және отбасы құру сезімі болмай, бір әйелді түрлі еркектер қолданатын. Өтірікші әрі қанішер еді. Қалаларды өртеп, қиратып, бала, әйел, қария демей, өздерінен болмаған барлық адамды өлтіретін. Моңғол патшасы Душ ханның әйелі Шыңғыстың апасы (әкесінің қыз бауыры) еді. Душ өлгенде баласы болмағандықтан Шыңғыс оның орнына отырды. Қытайдың барлық жерін жаулап патша болды. 616 [м.1212] жылы Түркістанға шабуылдады». Ол көп түрік өлтірді. Шыңғыстың жабайы қауымнан тарағанын, барлық жерді қиратып өртегенін тарих кітаптары жазуда. Ұйымдасқан, дайындалған тәртіпті әскері болмағаны, әскер емес, хайуандар тобы болғаны анық. Қалаларды қиратып, кінәсіз адамдарды қанға батырып, найзағайдай жылдам шабуылдауға жауынгерлік деп атау, жабайыларда тәртіп іздеу, әсіресе жиырмасыншы ғасырда шыққан стратегиялық білімдерді Шыңғыстың және оның қарақшылар отарының тактикасы деп көрсетуге тырысу тарих кітаптарына сай келмейді.

Жевдет паша «Тарих-ул хуләфа» кітабында былай дейді: «Шыңғыс хан жеті жүз мың атты әскерімен Харезм шахқа шабуылдады. Шыңғыстың атты әскерін қазіргі замандағы тәрбиеленген атты әскерге ұқсату дұрыс емес. Иә, қазір жүз мың атты әскерді басқару мүмкін емес. Оның атты әскері өз отауымен, малдарымен, әйелдерімен бір әскердей жүретін. Малдарының етімен, сүтімен азықтанатын. Малдары жерді қазып, шөптің тамырын жейтін. Қаруларын өздері жасап, ер-тоқымдарын өздері тігетін. Өнеркәсіп топтары, басқару, қолбасшылық құрылымдары жоқ еді. Аймақ пен әулет басшылары және тайпа хандары өз-өздерін басқаратын, Шыңғыс ханның бұл мәселелерден хабары да болмайтын». 317, 338, 389.

64) ЖЕВДЕТ ПАША: 1238 жылы Ловеч қаласында дүниеге келіп, 1312 [м.1894] жылы Стамбұлда қайтыс болды. Араб, парсы және түрік тілдерінде кітаптары көп. Әкесінің есімі Исмаил. Ол Османлы уәзірлерінен еді. Білімді, ізетті, әдебиетші және тарихшы еді. Түрік тіліндегі он екі томдық «Тарих-и Османи» кітабы өте құнды. Сұлтан Азиз хан заманында Аллаһу та'аланың әмірлерін заң кейіпіне енгізу үшін құрылған «Мәжәллә» комиссиясының басшысы еді. Мәжәллә – өте құнды кітап. Адам алейһиссаламнан Фатих сұлтан Мұхаммед заманына дейінгі, яғни 843 хижри жылына дейінгі пайғамбарлардың, халифалардың, ғалымдардың оқиғалары мен өмірлерін баяндайтын «Қысас-и әнбия» тарих кітабы он екі томнан құралып, түрік тілінде жазылған. 1331 жылғы басылымы өте керемет. Латын әріптерімен басылғандарында қателер байқалуда. «Малумат-и нафиа» кітапшасы өте құнды діни білімдерді қамтып, 1983 жылы Стамбұлда басылған «Пайдалы мағлұматтар» кітабында бәрі бар. «Саадат-и Әбәдия» кітабында «Мәжәллә» туралы кеңірек мәлімет бар.  64, 127, 237.

65) ЖИҺАН ШАХ: Қарақоюнлылар мемлекетінің үшінші патшасы. 842 жылы таққа отырып, Иранның бір бөлігін басып алды. Аққоюнлылар мемлекетіне соғыс жариялады, дегенмен Ұзын Хасан тарапынан 872 [м.1467] жылы өлтірілді. 36, 384, 390.

66) ЖҮНЕЙД БАҒДАДИ: Әкесі Мұхаммед әйнекші еді. Ол әулиелердің ұлыларынан. 207 жылы Нихавендте дүниеге келіп, 298 [м.911] жылы Бағдатта қайтыс болды. Суфян Сәуридің дәрістерінде жетілді. Нағашы ағасы Сырри Сәқатиден тасаууфты алды. Мыңдаған әулие жетілдірді. Ол өз ғасырының құтыбы еді. Отыз рет жаяу қажылыққа барды. Кереметтері, насихаттары және ақиқатты сөздері көп. Ол ұстазының қасына жерленген. «Шүкір дегеніміз – Аллаһу та'ала берген ниғметті оған қарсы шығуда қолданбау деген сөз» дейтін. Шәбли айтқан: «Аллаһу та'ала қияметте жәннатқа немесе тозаққа кіру арасында маған еркіндік берсе, тозаққа кіруді қалаймын. Өйткені жәннатқа кіру менің қалауым, ал тозаққа кіргізу Оның қалауы. Достың қалауын қалдырып, өзінің қалағанын істеген адамның «жақсы көремін» деп айтуы дұрыс емес». Бұл сөзді Жүнейд естігенде: «Шәбли жас баладай сөйлепті, Раббым маған еркіндік берсе, ешқандай таңдау жасамаймын. Құлдың тілеуі болмайды, Сен тілеген жерге барамын, Сенің тілегеніңді орындаймын деймін» деді. Жүнейдке біреу келіп, «Бір минут менімен бол. Саған бір нәрсе айтамын» дегенінде: «Ей, арыстаным, сен менен сұраған нәрсеңді мен жылдар бойы іздеп жүрмін. Бір сәт Раббыммен бірге болуға жылдар бойы тырысып, бола алмай жүрмін. Қазір қалай сенімен бірге бола аламын?» деді. 148, 150, 155, 214, 322, 387.

67) ДАУД ТАИ: Әкесі Насыр-и Куфи. Зухды және тақуалығымен атақты. Имам Ағзаммен сұхбаттасатын. Харун Рашидтің және басқа да мансап иелерінің сыйлықтарын қабылдамайтын. Ұстазы Хабиб Раи. Жас кезінде бір әншіден:

Қайбір сұлу жүз топырақ болмаған,

Қайбір тәтті көз жерге ақпаған?

шумағын естіп жүрегіне от кірді. Уайымға түсті. Дертіне дауа іздей бастады. Имам Ағзам Әбу Ханифаның есігіне келді. Имам оның жүзі бозарғанын байқап, себебін сұрады. Ол жағдайын айтып берді де, «Дүниеге суып қалдым» деді. Сөйтіп Имам көрсеткен зухд пен тақуалық жолын ұстанып, Имамның дәрістеріне қатысып жүрді. Кейін Хабиб Раиден фәйз алып, кемелдікке жетті. 165 [м.781] жылы Бағдатта қайтыс болды. 43, 409.

68) ӘБУ АМР БИН САЛАХ: Ибн Салах деп аталған бұл кісінің есімі Осман бин Абдуррахман. Шафии мазһабында ғалым еді. Тәфсир, хадис, лұғат және әдебиетте де терең білімі бар еді. 577 жылы Зур қаласында дүниеге келіп, 643 [м.1245] жылы қайтыс болды. Шамда, Құдыста мүдәррис (ұстаз) еді. 106.

69) ӘБУ БӘКІР «ҚАЗЫ»: Мұхаммед бин Тайиб Бақиллани кәлам ілімінің үлкен ғұламасы. Ашари мазһабында еді. 338 [м.949] жылы Басрада дүниеге келіп, 403 [м.1012] жылы Бағдатта қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Білімі, зеректігі көп болғандықтан, кез келген адамды көндіре алатын. Сұлтан Адудуддәула тарапынан Стамбұлға елші ретінде жіберілген болатын. 90, 204, 326.

70) ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ: Абдуллаһ бин Әбу Кухафа Осман бин Амир бин Ка’б бин Са’д бин Тәйм бин Муррә бин Ка’б Құрайши – асхаби кирамның ең үстемі, ашәрә-и мубәшшәрәнің біріншісі. Расулуллаһтың үңгірдегі досы және алғашқы халифасы. Анасының есімі Үммулхайр. Атиқ және Сыддық есімдері мәшһүр. Мата саудагері болып, өте бай еді. Құрайштың алдыңғы қатарлыларынан еді. Хадиша, Әли және Зәйд бин Харисадан кейін төртінші болып иманға келген. Расулуллаһқа өте адал және Оны жақсы көретін еді. Баршаны иманға шақыратын. Осман, Зубәйр, Абдуррахман, Са’д бин Әбу Уаққас, Талха секілді үстем сахабалар Әбу Бәкірдің шақыруымен иманға келді. Ол мал-мүлкін толықтай Расулуллаһтың жолында жұмсады. Көп хадис шәрифпен және аяти каримамен мақталды. Бүкіл соғыстарға қатысты. Өз денесімен Расулуллаһты жауып қорғайтын. Расулуллаһ қайтыс болған күні хазреті Омардың ақылы кетіп, «Расулуллаһ аспанға шықты. Кім Оны өлді десе басын шабамын» деп қылышын шығарды. Бәрі қайғыдан және Омардың осы жағдайынан қорықса да, Әбу Бәкір үлкен ержүректікпен арыстандай ортаға шығып, «Расулуллаһтың әр адам секілді өлетінін» хабар берген аяти кариманы оқыды. Әсерлі сөздерімен насихат айтып, халықты тынышталдырып, көңілдерін басты. Мұсылмандарға жұбаныш берді. Асхаби кирамның ауызбірлігімен халифа сайланып, алдымен мүртәд болғандармен және пайғамбар екенін жариялап сауатсыз қара халықты алдаған Әсуәди анаси, Мусәйләмәтул Кәззаб, Сижаһ ханым және Туләйхат ибн Хувәйлидпен жеке жеке соғысып, бәрін тас-талқан етті. Хира және Әнбар қалаларын жаулап алды. Халидті және Әбу Убәйданы үлкен әскермен Шамға жіберді. Ислам дінін қайтадан ретке келтіріп күшейтті. Екі жыл, үш ай, он күндік халифалықтан кейін хижреттің он үшінші жылы жәмазиәл ахир айының жиырма екінші сейсенбі күні кешке 63 жасында қайтыс болды. Өсиеті бойынша хужрә-и саадатқа жерленді. Жұбайлары Қутәйләдан Абдуллаһ пен Әсма, Умми Руманнан Абдуррахман және Айша есімді балалары болды. Жафәр Тайярдан жесір қалған Әсма мен Хабибаны алып, біріншісінен Мұхаммед, екіншісінен өзі қайтыс болғаннан кейін Үмму Гүлсүм дүниеге келді.

Ғибратты оқиғалары, қарапайымдылығы және жомарттығы ауыздан ауызға өтіп дастанға айналған. Ол 142 хадис шәриф жеткізген. Құран кәрімді жинақтап, ислам дініне ең үлкен қызметі тиген. Әнсаб ілімінде өте озат болып, теңдесі жоқ еді (радиаллаһу та'ала анһ).

Әбу Бәкір Сыддық ақ тәнді, арық, сирек сақалды, сымбатты кісі еді. 12, 13, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 28, 38, 40, 44, 54, 59, 60, 61, 64, 68, 72, 73, 75, 76, 79, 82, 85, 86, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 105, 107, 108, 109, 110, 111, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 123, 124, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 151, 156, 163, 164, 165, 166, 167, 169, 170, 171, 172, 174, 177, 178, 179, 181, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 195, 196, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 212, 215, 216, 219, 223, 229, 230, 232, 237, 242, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 262, 266, 267, 279, 310, 312, 315, 316, 318, 323, 325, 328, 329, 330, 340, 342, 351, 354, 356, 358, 361, 362, 365, 381, 383, 391, 402, 407, 408.

71) ӘБУ ЖӘҺЛ: Есімі Амр бин Хишам бин Муғира бин Абдуллаһ бин Амр бин Махзум. Махзум – Расулуллаһтың атасы Муррәнің немересі. Ол құрайш тайпасының көсемдерінен еді. Расулуллаһтың ең үлкен дұшпаны болған. Ислам дініне деген кегі мен қарсылығы көп еді. Көкесі Уәлид бин Муғира да исламның азғын дұшпаны болған. Хижреттің екінші жылы орын алған Бәдір соғысында Афра ханымның екі ұлы Муаз бен Муаууәз оны ауыр жаралап құлатты. Кейін Абдуллаһ бин Мәсуд хазрет келіп, жан таласып жатқанында өлтірді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) оны көргенде Аллаһу та'алаға шүкір етіп, «Бұл үмбеттің перғауыны осы!» деді. Әбу Жәһлдің інісі Ас бин Хишам да сол кезде өлтірілді. Әбу Жәһл өлгенде жетпіс жасында еді. 15, 38, 92, 95, 109, 229, 312, 324, 326, 340, 343, 344, 350, 361, 379, 380, 381.

72) ӘБУ ДАУД: Сүлейман бин Әшас Сижстани – хадис ғалымы. «Сүнән» кітабы өте құнды болып, төрт мың сегіз жүз хадис шәриф бар. Ол Ахмед бин Ханбалдың шәкірті. 202 [м.817] жылы Иранның Ауған шекарасындағы Сижстан (Систан) қаласында дүниеге келіп, 275 [м.888] жылы Басрада қайтыс болды. 73, 165, 200.

73) ӘБУ ХАНИФА: Имам Ағзам Нұғман бин Сабит – әһли сүннеттің басшысы. Ислам дінінің тірегі. Тегі Иран шахтарының біріне тіреледі. Атасы мұсылман болған еді. Ол 80 жылы Куфада дүниеге келіп, 150 [м.767] жылы Бағдатта шәһид болды. Табииннің ұлыларынан. Фиқһты Хаммадтан үйренді. Имам Жафәр Садықтың сұхбатында кемелдікке жетті. Ол фиқһтың құрушысы. Тасаууфта өте биік дәрежелі, үлкен әулие еді. Әмәуилердің Ирак әкімі Язид бин Омар тарапынан Куфаның қазысы ретінде тағайындалды, бірақ қабыл етпегені үшін зынданда қамшыланды. Аббаси халифасы Әбу Жафәр Мансұр да оны қазы қылғысы келді. Ол қабылдамады. Қайтадан зынданға қамалды. Уланған шербет беріліп шәһид етілді. Терең білімі, зеректігі, ақылы, зухды, тақуалығы, жұмсақтығы, ізгілігі мен жомарттығы жүздеген кітапта жазылған. Шәкірттері өте көп болып, үлкен мүжтәһидтер, ғұламалар жетілдірді. Алпарсланның ұлы, Сәлжұқ сұлтаны Мәлик шахтың [447-485] уәзірі Әбу Са’д Мұхаммед бин Мансұр [494] тарапынан керемет кесене жасалған. Қазір жер жүзіндегі ислам жұртшылығының жартысынан көбі және әһли сүннеттің сексен пайызы ханафи мазһабын ұстанады. 17, 25, 43, 45, 50, 53, 58, 76, 87, 96, 104, 107, 108, 142, 182, 195, 219, 237, 249, 278, 318, 322, 329, 360, 407.

74) ӘБУ ХУРАЙРА: Есімі Абдуррахман. Хайбар соғысында мұсылман болды. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бір күні оның етегінде жатқан кішкентай мысықты мәпелегенін көріп осы есімді берген болатын. Мысықтың атасы дегенді білдіреді. Ол өте кедей еді. Соғыста да, бейбіт күні де Расулуллаһтан айрылмайтын. Есте сақтау қабілеті күшті болғандықтан, көп хадис шәриф жаттаған еді. Асхаби кирамнан және табииннен сегіз жүзден астам адам одан хадис үйренгенін Бұхари хабар берген. Халифа Омар заманында ол Бахрейн әкімі еді. Хазреті Осман заманында Меккенің қазысы болды. Хазреті Муауия оны Мәдинаға әкім қылды. 57 жылы 78 жасында Мәдинада қайтыс болды. 40, 69, 70, 85, 185, 231, 242, 243, 250.

75) ӘБУ ИСХАҚ ИСФЕХАНИ: Рукнеддин Ибраһим бин Мұхаммед – шафии мазһабының үлкен ғұламасы. Өз заманының ең үлкен ұстазы еді. Бес томдық фиқһ кітабы мәшһүр. 418 [м.1027] жылы Нишапурда қайтыс болды. Эсферайенде жерленген. 89, 91, 326.

76) ӘБУ ҚАТАДА: Ансар сахабалардан болып, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) атты әскері еді. 45 жылы жетпіс жасында қайтыс болды. Мәдинада жерленген. 117.

77) ӘБУ КУХАФА: Есімі Осман. Мұсылмандардың халифасы Әбу Бәкір Сыддықтың әкесі еді. Мекке жаулап алынған күні иман етті. 99 жасында он үшінші жылы қайтыс болды. 86, 219, 253, 322, 345.

78) ӘБУ ЛӘҺӘБ: Есімі Абдул-Уза еді. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көкесі болса да мұсылман болмады. Ол мұсылмандардың үлкен дұшпаны еді. Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көп қорлық көрсетіп жапа шектірген. Ешкім мұсылман болмасын деп күндіз-түні барын салатын. Күнде таңертең Расулуллаһтың есік алдына көп тікен жинап қоятын. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дүниеге келген күні таңертең оның күңі Сувәйба «Бауырың Абдуллаһтың ұлы туылды» деп оған сүйінші хабар әкелгенде ол қуанған болатын. «Оған сүт беру шартымен сені азат еттім» деген болатын. Расулуллаһтың алғашқы сүт анасы Сувәйба болды. Осы себепті Әбу Ләһәбтің әр мәуліт түнінде азабы біраз жеңілдеуде. Мәуліт түні қуанған, сол түнді қадірлеген мүминдердің өте көп сауап алатыны осыдан аңғарылады.

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Құран кәрім оқып, алдынан шыққан адамдарды мұсылман болуға шақырған кезінде Әбу Ләһәб артында жүріп, «Оған алданып қалмаңдар, сөзіне сенбеңдер» дейтін. Әйелі «Умму Жәмил» Әбу Суфянның қарындасы еді. Күйеуі секілді ол да қолымен, тілімен көп қорлық көрсететін. Расулуллаһтың қызы Руқайя Әбу Ләһәбтің ұлы «Утба»-да еді. Екіншісі қызы Умму Гүлсүм басқа ұлы «Утәйба»-да еді. Олар да әкелері мен аналары секілді кәпір әрі үлкен дұшпан болды.

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) туған-туыстарын тозақ отымен қорқытып дінге шақырумен міндеттелген кезде Сафа тауына шықты. Туыстарын дінге шақырды. Туыстары жиналып тыңдап тұрғанда: «Мына таудың артында жау бар. Сендерге шабуылдамақшы десем сенесіңдер ме?» деп сұрады. Бәрі «Иә» деп жауаптады. «Олай болса сендерді бастарыңа келетін қиямет күнінің азабымен қорқытуға Раббымнан бұйрық алдым. Иман келтіріңдер!» деді. Әбу Ләһәб қатты ашуланды. Жаман сөздер айта бастады. «Бізді осыған бола шақырдың ба?» деп ұрысты. Сөге бастады. Оның азапталатыны туралы аят келді. Әйеліне «отын, тікен жүкшісі» деп айтылды. Бұған да іштей қатты ашуланды. Дереу балаларына әйелдерімен ажырасуды әмір етті. Опасыз Утәйбә ажырасумен ғана шектелмей, келіп: «Сенің дініңе сенбеймін. Сені жақтырмаймын. Сен де мені жақтырмайсың. Сондықтан қызыңмен ажырастым» деп Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бас салды. Мүбәрәк жағасына жармасып, көйлегін жыртты. Хатәм-ул әнбия пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Йа, Раббым! Оны жыртқыш жануарларыңның бірімен жазала!» деп дұға етті. Аллаһу та'ала сүйікті пайғамбарының дұғасын қабыл етті. Біраз уақыт өткен соң Утәйбә Шамға бара жатқанында Зерка деген жерде бір арыстан келіп оны паршалап тастады. Руқайяны (радиаллаһу анһа) кейіннен Осман бин Аффан (радиаллаһу анһ) жұбайлыққа алды. Ол өте бай еді. Көп дұға алды. Екі дүниенің мәңгі бақытына қауышты.

Әбу Ләһәб бүкіл өмірін кекшілдікпен, дұшпандықпен өткізді. Хижреттің екінші жылы Бәдір соғысындағы қасіретті оқиғаны көріп қайғырды. Дүние зынданға айналды. Жеті күннен кейін «Адәсә» деген жұқпалы тері ауруына шалдығып өлді. Денесі сасып кетті. Әбу Ләһәбтің қарындасы Атиқа Бәдір соғысынан бірнеше күн бұрын қорқынышты түс көріп, ағасы Аббасқа айтқан еді. Құрайштың басына үлкен пәлекет келеді деген болатын. Әбу Ләһәб осы себепті Бәдір соғысына қатыспады. Әбу Жәһлдің бауыры Ас бин Хишамды ақша беріп өз орнына жіберген еді. 77, 178, 186, 325, 326, 383.

79) ӘБУЛ ХАСАН АШАРИ: Есімі Әли бин Исмаил болып, Әбу Мусәл Ашари тегінен. Әһли сүннеттің сенімдегі екі мазһабынан Ашари мазһабының имамы. 260 [м.873] жылы Басрада дүниеге келіп, 324 [м.936] жылы Бағдатта қайтыс болды. Өгей әкесі Әбу Жибаиден білім алып, ол сияқты мутәзилә ғалымы болғанымен, кейіннен тәубе етті. Кәлам ғалымдарынан Әбу Бәкір Бақиллани, Ибн Фурәк [Мұхаммед бин Хасан], Әбу Исхақ Исфәраини, Әбу Исхақ Ширази [Ибраһим бин Әли], Имам Ғазали, Әбулфәтх Шихристани [«Миләл уә Нихал» кітабының авторы Мұхаммед бин Абдулкәри], Фахреддин Рази және тағы көптеген ғұламалар Ашари болды. Оның мазһабы әлемге жайылды. Елу беске жуық кітабы бар. Тәфсирі жетпіс томнан тұрады. Мутәзилә, Харижи және Шии секталарына қарсы кітаптары бар (рахимә-һуллаһу та'ала). 18, 21, 79, 89, 204, 223.

80) ӘБУЛ ХАСАН ХАРҚАНИ: Әли бин Жафәр – заманының құтбы еді. Баязит Бистамидың руханиятымен кемелдікке жетті. Харқаннан Бистамға ұстазының кесенесін зиярат етуге бара жатқанда жолда бір хатым оқитын. Әбу Әли ибн Сина ұстазын зиярат ету үшін Харқанға келеді. Әбул Хасан орманға кеткендіктен жұбайынан сұрайды. Жұбайы ұстаздың ұлылығына сенбегендіктен лайықсыз жаман сөздер айтады. Ибн Сина орманға бара жатқанда ұстаздың бір арыстанға отын жүктеп келе жатқанын көреді. «Бұл не жағдай?» деп сұрағанда: «Үйімдегі қасқырдың бәле жүгін арқалағаным үшін мына арыстан біздің жүгімізді көтеріп жүр» деп жауаптайды. Ол: «Жүректердің ең нұрлысы – ішінде жаратылысқа қатысты уайымы болмағаны. Нығметтердің ең жақсысы – еңбектеніп тапқаны. Достардың ең жақсысы – Аллаһу та'аланы еске түсіретіні» дейтін. Тасаууфты баяндайтын «Әсрар-и сулук» кітабы бар. Мүбәрәк денесі ұстазының денесінен жоғары болуы әдепсіздік болады деп қабірін тереңірек қазуды өсиет еткен болатын. 425 [м.1034] жылы мухаррам айының оныншы сейсенбі күні қайтыс болды. «Тәзкирәт-ул әулия» және «Рәшәхат» кітаптарында сөздері мен кереметтері ұзақ баяндалған (рахимә-һуллаһу та'ала). 146, 410.

81) ӘБУ ХУСЕЙН БИН СӘМУН: Натиқ-ул хикмә Мұхаммед 387 жылы қайтыс болды. 270.

82) ӘБУ МАНСҰР МАТУРИДИ: Мұхаммед бин Махмұд Матуриди – әһли сүннеттің екі ақида имамдарының біріншісі. Әһли сүннетті мутәзиләға қарсы өте керемет түрде қорғаған. Мәуереннахрда өмір сүрді. 333 [м.944] Самарқандта қайтыс болды. Иман туралы көп кітабы бар (рахимә-һуллаһу та'ала). 90, 92.

83) ӘБУ НУАЙМ: Ахмед бин Абдуллаһ Исфахани – хадис және фиқһ ғалымы еді. Тасаууфта үлкен дәрежедегі әулие еді. Хафыз-и Исфахани деп те аталған. [Хафыз – хадис ғалымы деген сөз]. Ол көп кітап жазды. «Хиля-тул әулия» кітабындағы хадис шәрифте: «Аспаптан шыққан (Микрофон арқылы шақырылған) азанның муәззиннің (азаншының) дауысы еместігі, ол аспаптың дауысына «Шайтан азаны» деп айтылатыны» жазылған. Бұл кітап Берлинде басылған. Ол 336 жылы дүниеге келіп, 430 [м.1039] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). 30, 255.

84) ӘБУ САИД РАЗИ: Исмаил бин Әли бин Хусейн Рази – Рей қаласында мутәзила ғалымы еді. Рази – Рей қаласынан деген сөз. Ол көп кітап жазған. «Әл-мувакату бәйнә әһлибәйти уәссахаба» кітабы мәшһүр. «Кәшшаф» тәфсирінің авторы ғұлама Махмұд бин Омар Замахшари бұл кітапты ықшамдаған. Ол 445 [м.1054] жылы қайтыс болды. 129.

85) ӘБУ САИД ХУДРИ: Асхаби кирамның ұлыларынан. Әкесі Малик бин Синан да сахаба еді және Ухуд соғысында шәһид болған. Ол 13 жаста болғандықтан Ухуд соғысына апарылмады. Қалған он екі соғыста Расулуллаһтың көз алдында дұшпанға арыстандай шабуылдады. Ол ғалым әрі фақиһ еді. Бір мың бір жүз жетпіс хадис шәриф хабар берген. 74 жылы қайтыс болды. Стамбұлда «Кария» мешітінің қасына жерленген деп болжануда. 27, 106, 165, 166, 185.

86) ӘБУ СӘУР: Ибраһим бин Халид Келеби. Мүжтәһидтердің және үлкен ғалымдардың бірі. Шафии мазһабында болған. Бағдатта дүниеге келіп, 246 [м.860] жылы қайтыс болды. Ол фиқһ, усул және хилаф ілімдерінде көп кітап жазған. 59.

87) ӘБУ СУФЯН БИН ХАРБ: Атасы Умәйя бин Абди Шәмс бин Абди Мәнаф. Абди Мәнаф – Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) атасының атасы. Ол құрайштың көсемі болған. Расулуллаһтың үлкен дұшпаны еді. Бәдір соғысына оның сауда керуені себеп болған. Ухуд соғысында дұшпан әскерінің бас қолбасшысы еді. Мекке жаулап алынғанда ислам әскеріне келіп, Расулуллаһтың зәужә-и мутаһһарасы (жұбайы) болған қызы Умми Хабибаға келіп паналағысы келгенімен, қызы қабылдамады. Ол сол күні иманға келді. Меккеге қайтып, халықты исламға шақырды. Әйелі Хинд оның сақалынан ұстап, «Ей, құрайш, мына ақымақ шалды өлтіріңдер!» деген болатын. Ертеңіне Хинд те иманға келіп, құрайш әйелдерінің атынан Расулуллаһпен (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) келісімге келді де, қайырлы дұғасын алу абыройына иеленді.

Әбу Суфян шынайы мұсылман болып, Таиф соғысында үлкен қаһармандық көрсетті және бір көзі соқыр болып қалды. Хазреті Әбу Бәкір халифа кезінде он үшінші жылдағы Ярмук соғысында екінші көзі де шығып кетті. Ол 88 жасында қайтыс болды. 12, 61, 64, 245, 246, 251, 325, 328, 349, 355, 384, 396, 402, 408.

88) ӘБУ ШӘКУР СУЛӘМИ: Мұхаммед бин Абдуссәйид бин Шуайб Кәши «Тәмхид фи баян-ит тәуһид» кітабының авторы. Ханафи кәлам ғалымы. «Әл-Хақаиқ» тәфсир кітабының авторы Әбу Абдуррахман Мұхаммед бин Хусейн Суләми басқа адам болып, ол 412 [м.1021] жылы қайтыс болған. 75, 77, 401.

89) ӘБУ ТАЛХА АНСАРИ: Зәйд бин Сәһл соғыстарға қатысқан. 92 хадис шәриф хабар берген. 34 жылы 70 жасында қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһ). 116, 250.

90) ӘБУ ТАЛИБ: Абдулмутталибтың ұлы, Расулуллаһтың көкесі, хазреті Әли мен Жафар Тайярдың әкесі. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жетім болғандықтан атасы Абдулмутталибтың қолында өсті. Сегіз жасында атасы қайтыс боларында оны Әбу Талибке тапсырып қалдырды. Әбу Талиб пайғамбарымызды өте жақсы көріп қадірлейтін. Расулуллаһты құрайш кәпірлерінің шабуылдарынан аса қорғайтын. Бірақ өлетін кезінде әйелдердің «өлімнен қорқып, аталарының дінін тастады» деуінен қорқып исламға келмеді. Расулуллаһ Әбу Талибтың мұсылман болуын қатты қалайтын. Соңғы демінде де исламға шақырды, дегенмен ол қабылдамады. Өлерде ерні жыбырлады. Қасында отырған бауыры Аббас: «Йа, Мұхаммед! Бауырым қалағаныңды айтты» деді, бірақ Расулуллаһ: «Жоқ. Мен естімедім» деді. Ол хижреттен үш жыл бұрын сексен жастан асқан шағында қайтыс болды. 170, 195, 303, 310, 318, 339.

91) ӘБУТТУФӘЙЛ: Есімі Амир бин Уасилә. Сахаба. Хазреті Әлидің сұхбатына қатысатын. Хазреті Хусейннің өлтірілуіне байланысты дау шығарған Мұхтармен бірге шайқасқан. Мұхтар ұсталып өлтірілген соң, бұл іске араласпады. Меккеде хижреттің жүзінші жылы бір тойда ұлы қайтыс болғанда оқылған қасида оқылып жатқанда қайғыдан қайтыс болды. Асхаби кирамнан жер жүзінде ең соңғы қайтыс болған осы кісі. 19, 252.

92) ӘБУ УБӘЙДА БИН ЖӘРРАХ: Есімі Амир бин Абдуллаһ. Асхаби кирамның ұлыларынан. Барлық соғысқа қатысып, үлкен ержүректік көрсеткен. Хазреті Әбу Бәкір мен Омар замандарында Шамдағы әскерде көп қаһармандық көрсетті. Сол әскердің қолбасшысы болып, Шамды жаулап алды. Әділеттігі румдықтарға таңданыс тудырды. Ол Ашәрә-и мубашшарадан еді. 18 жылы 58 жасында Рәмлә мен Құдс арасында оба ауруынан қайтыс болды. 113, 114, 115, 166, 172, 185, 199, 203, 215, 251, 258, 323.

93) ӘБУ ЮСУФ: Яқуб бин Ибраһим ансари – ханафи мазһабындағы мүжтәһидтердің ең ұлысы. Ханафи мазһабында алғаш кітап жазған осы кісі. 113 [м.731] жылы Куфада дүниеге келіп, 182 [м.798] жылы Бағдатта қайтыс болды. Халифа Мәһди, Хади және Харун Рашид замандарында он сегіз жыл Бағдатта бас қазы, яғни апелляциялық сот басшысы болды. Үлкен хадис ғалымы еді. Өте ақылды, зерек, көреген еді. Юсуф есімді ұлы да ғалым еді. Харун заманында әкім болған. Әбу Юсуф жетім болып, анасы өте кедей еді. Имам Ағзам Әбу Ханифа (рахметуллаһи алейһ) оның зеректігін байқап, өзіне шәкірт қылып алды. Үйінің барлық қажеттіліктерін жылдар бойы молынан Имам Ағзам қамтамасыз етіп тұрды. Анасы сонда да бөгет болғысы келді. Имам Ағзам: «Ұлың мұнда аш емес. Бұл жерде сары май, бадам мен пісте езбесін жеуді үйреніп жатыр» деген. Имам Әбу Юсуф қазы кезінде сарайда халифамен отырған еді. Сол кезде сары май, бадам мен пісте езбесі қойылды. Харун «Дәм алыңыз! Бұл көп келе бермейді» деді. Әбу Юсуф күлді. Харун себебін сұрағанда бала кезіндегі Имам Ағзамның сөзін айтып берді. Имамға екеуі рахметпен дұға етті (рахимә-һумуллаһу та'ала). 45, 50, 53, 59, 83, 105, 237, 360, 409.

94) ӘБУ ЗӘР ҒИФАРИ: Асхаби кирамның ұлыларынан және алғаш иманға келгендерден. Қауымын исламға шақыруға кеткендіктен хижретке және Бәдір, Ухуд, Хандек соғыстарына қатыса алмады. Кейін Мәдинаға келді. Хазреті Әбу Бәкір қайтыс болғанда Шамға орналасты. Хазреті Осман заманында Рәбдәға кетті. 32 жылы сол жақта қайтыс болды. Абдуллаһ бин Мәсуд хазрет достарымен сол жерден өтіп бара жатқан еді. Жаназада қызметін атқарды. Оның тақуалығы мен адалдығы хадис шәрифпен мақталған (радиаллаһу та'ала анһ). 27, 68, 100, 105, 106, 113, 192, 208, 241, 250, 251.

95) ӘБУ ЗУРАТ-УР РАЗИ: Абдуллаһ Рази – Имам Мүслимнің ұстазы. 264 [м.878] жылы қайтыс болды. 15.

96) ӘНӘС БИН МАЛИК БИН НАДР АНСАРИ: Расулуллаһтың қызметшісі еді. Тоғыз жасында қызметін бастады. Он жыл қызмет етті. Екі мың екі жүз отыз хадис шәриф риуаят етті. Жүзден көп балалары мен немерелерін көрді. Жүз жасынан асқан шақта 93 жылы қайтыс болды. Намаз оқуы Расулуллаһтың намаз оқуына қатты ұқсайтын. Имам Маликтың әкесі Әнәс басқа кісі. 19, 40, 62, 74, 105, 122, 163, 165, 167, 185, 231, 242, 250, 252, 378, 379, 397.

97) ӘСМА БИНТИ ӘБУ БӘКІР: Хазреті Әбу Бәкірдің үлкен қызы. Ашәрә-и мубашшарадан Зубәйр бин Аууамның жұбайы. Абдуллаһ бин Зубәйрдің анасы. Ұлының шәһид болуынан кейін көп ұзамай жүз жасында Мәдинада қайтыс болды. 99, 305, 323.

98) ӘШРӘФ ТАТАР: Мысырда 652 [м.1254] жылы құрылған Түркімен мемлекетінің жиырма екі сұлтанының көбін «Әшрәф» деп атайды. Олардан Мәлик Насыр Әшрәф Мұхаммед бин Калауын – тоғызыншы сұлтан. Әкесі Әшрәф Сәйфәддин Қалауын Капчактан Мысырға әкелініп, мың алтынға құл ретінде Әйюби сұлтаны Мәлик Нәжмеддинге сатылған еді. Уәзір болған кезінде жақсы басқаруымен, көркем мінезімен көзге түсіп, бәрі оны жақсы көрген болатын. 678 жылы сұлтан болған еді. 689 жылы қайтыс болып, орнына ұлы Әшрәф Салахаддин Халил отырды, дегенмен 693 жылы өлтірілді. Інісі Насыр Әшрәф Мұхаммед бин Калауын тоғыз жасында таққа отырды. Он бес айдан кейін қамауға алынды. 699 жылы сұлтан Лашын өлтірілгенде екінші рет таққа отырды. Ол әділ және жомарт еді. Христиандар көк, яһудилер сары сәлде киіп мұсылмандардан ажыратылып жүруін әмір етті. Бирежикте Ғазан ханның әскерімен соғысып, татар әскері кері шегінді. Жеті жүз сегізінші жылы қажылыққа кеткенде тағын оның қолбасшысы Бейбарс II. Рукнеддин алды, дегенмен шамдықтар Әшрәф Мұхаммед Насырды жеті жүз тоғызыншы жылы үшінші рет таққа отырғызды. Бейбарс ІІ. Рүкнеддинді ұстап алып өлтірді. 728 жылы Харам шәрифті жөндеуден өткізіп, қағбаға эбен ағашынан күміспен безендірілген есік жасады. Сол жылы Кипр аралын жаулап алды. Ол 741 [м.1339] жылы қайтыс болды. Мысыр жеті жүз тоқсан үшінші жылы түркімендерден шығып, черкестердің қолына өтті. Тоғыз жүз жиырма үшінші жылдың бірінші күні Явуз Сұлтан хан заманында османлылардың қолына өтті. Османлы патшалары халифа болуды бастады. 63.

99) ӘЙЮБ БИН СЫДДЫҚ: Сәйид Әйюб Урмәуи – Иранның батысында Урмия көлінің жағалауындағы Урмия қаласында жетілген үлкен ғұлама еді. Садеддин Қашғари жолынан фәйз алған. Түрік тіліндегі «Мәнақиб-и чихар йари гузин» атты кітабы өте құнды болып, Стамбұлда әр түрлі уақыттарда басылған. 215-ші есімге қараңыз! 28, 108, 269.

100) ФАДЛ БИН АББАС: Асхаби кирамнан. Хазреті Аббастың үлкен ұлы. Анасы әзуажи тахираттан (пайғамбарымыздың пәк жұбайы) Мәймуна бинтил Харистың қыз бауыры Лубаба ханым еді. Мекке жаулап алынған кезде, Хунәйн соғысында және уәда (қоштасу) қажылығында Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қасында еді. Хунәйн соғысында әкесімен бірге Расулуллаһтан еш айрылмады. Кері қайтқандарды шақырып, бір жерге жиналуын қамтамасыз еткен. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жуынған кезде су құйған. Он бесінші жылы орын алған Ярмук соғысында шәһид болды. Ақ реңді және өте сымбатты еді. Өте көркем келбетімен танымал болған. Бір қызы қалды (радиаллаһу та'ала анһ). 116.

101) ФАТИМА-ТУЗ ЗӘХРА: Расулуллаһтың төрт қызынан ең сүйіктісі еді. Ақылы, зеректігі, сұлулығы, зухды мен тақуалығы және көркем мінезі өте мол еді. Хадиша-тул кубраның қызы еді. Хижреттен он үш жыл бұрын Меккеде дүниеге келді. Хижреттің екінші жылы хазреті Әлиге жұбайлыққа берілді. Ол кезде хазреті Әли жиырма бес жасқа толған еді. Хазреті Фатиманың бауырларының балалары болмады, болғандары да кішкентай кезінде шетінеп кеткен болатын. Расулуллаһтың ұрпағы, тегі тек қана хазреті Фатимадан жалғасты. Оның үш ұлы, екі қызы болды. Мухсин кішкентай жасында қайтыс болды. Хазреті Әли, Фатима, Хасан мен Хусейнге «Әһли бәйт» немесе «Ал-и аба» деп айтылады. Хазреті Мәриямнан кейін ол бүкіл әйелдердің ең үстемі. Жүзі тым ақ және жарқын болғандықтан «Зәхра» деп аталды. Ол аяти каримамен және хадис шәрифтермен мақталды. Расулуллаһтың қайтыс болуынан кейін күлгені мүлде байқалмады. Алты ай тағы өмір сүріп, он бірінші жылы қасиетті Рамазан айының үшінші күні қайтыс болды. 28, 29, 48, 69, 70, 74, 110, 118, 123, 127, 128, 129, 130, 131, 133, 178, 196, 200, 221, 225, 235, 242, 243, 264, 303, 311, 338, 340, 354.

102) ФӘХИМ АРВАСИ: Сәйид Мұхаммед Фәхим бин Абдулхамид 1241 жылы дүниеге келіп, 1313 [м.1895] жылы қайтыс болды. Анасы Әмина ханым. Ван облысының Мукс ауданындағы Арвас ауылынан. Ол арық, ұзын бойлы еді. Сақалы ұзын да, қысқа да емес еді. Мұрнының орта жағы шығыңқы болған. Маңдайы кең еді. Бидай реңді еді. Тістері нұқсан емес еді. Сәлдесі үлкен болатын. Киімі ақ шыт матадан үш етекті көйлек болатын. Көк немесе жасыл шапан киетін. Шұлықтары жүннен еді. Былғарыдан аяқ киімі бар еді. Соңғы замандарында көзілдірікпен оқитын болды. Көздері қара еді. Шашының көбі ағарған болатын. Қасы орташа еді. Өмірінің соңына дейін атқа мінетін. Соңғы уақыттарында сәлдесін көтере алмайтындай дәрежеде әлсіреп кетті. Намазда басына абани матасымен оралған сәлде киетін. Ол шәууал айының он төртінші күні қайтыс болды. Ұзын бойлы болғандықтан қабір үстіндегі тасы ұзын жасалған болатын. Армяндар тастың екеуін де қиратқан. Ол айбатты болған. Көргендер көлеңкесінен де қорқатын. Көлеңкесін көргендер оның Аллаһтың сүйікті құлы екенін түсінетін. Оның заманында және Ван аймағында теңдесі жоқ еді. Барлық ғылымды, тіпті ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті, саяси білімдерді өте жақсы білетін. Білімі Аллаһу та'аланың берген сыйы еді. Ван әкімі шеше алмаған мәселелерін келіп сұрап, шешімін табатын. Оның өмірінде бірде-бір намазы жамағатсыз өтпеді. Бірде-бір тәһәжжуд намазын өткізбеді.

Діни және дүниелік білімдерді медреседе оқу арқылы, бір жағынан Шығыс Анадолының құтбы кемел тұлға сәйид Таха Хаққаридың тәуәжжуһін алуымен абыройланған еді.

Мутаууәл оқу үшін Шәмдинандағы ұстазының қасынан кетіп, Мушда Буланык ауданының Абири ауылына барды. Ұстазы кетерде оған «Дәріс оқығанда бір нәрсені түсіне алмаған болсаң, маған рабыта жаса! Мені көз алдыңа елестет!» деген болатын. Мұғалімі Молда Расул Сыбқидан Мутаууәлді оқыған кезде бір жерін түсіне алмады. Мұғалімі қайтадан айтып берді. Түсінбеген жерін толық түсіндіріп беруін сұрады. Молда Расул сөйлемді бірнеше рет оқыды. Кейін «Бүгін шаршадым, ертең айтып беремін» деді. Ертеңіне оқып, тағы түсіндіріп бере алмады. Мұғалімі қайта-қайта оқып жатқанда Сәйид Фәхим (рахметуллаһи алейһ) көзін жұмып, ұстазын көз алдына елестетті. Сәйид Таха қолында кітаппен көрінді. Кітапты Сәйид Фәхимнің алдына ашты. Мутаууәлдің әлгі беті еді. Сол қатарларды анық оқыды. Сәйид Фәхим мұқият тыңдаған еді. Сол сөйлемнің арасында бір «уау» әрпін («және» сөзін) артық оқыған еді. Сәйид Таха ғайып болғанда Сәйид Фәхим көзін ашты. Молда Расул сол қатарларды оқып ойланып тұрғанын көрді. Рұқсат сұрап, өзі де оқыды. Ұстазынан естігендей «уә» қосып оқыды. Ұстазы мұны естігенде «Мағынасы енді анық болды» деді. Екеуі де жақсы түсінген еді. «Бұл қатарларды жиырма жылдан бері оқып келемін. Түсіндіретінмін, бірақ өзім түсінбей айтып беретінмін. Қазір жақсы түсіндім. Енді айта ғой, мұны дұрыс оқу сенің ісің емес. Мен жылдар бойы мұны түсіне алмадым. Сен қалай бірден түсіндің? «Уә» қосып оқып едің, мағынасы дұрысталды» деп сұрады. Сәйид Фәхим рабыта жасағанын, қалай білгенін айтып берді. Молда Расул Мушда Алааддин паша мешітінің қақпасының қасына жерленген.

Сәйид Фәхим әр жылы бір рет Мукстан Ванға барып, бір-екі ай сонда қалатын. Сұхбатынан нәр алғысы келетіндер қасына жиналып фәйз алатын. Көбінесе оны аса жақсы көретін соттың бас хатшысы Ахмед мырзаның үйінде қонақ болатын. Бір жылы Ахмед мырза қажылыққа кеткен болатын. Бірақ ол сонда да оның үйіне орналасты. Бір күні түн ортасында жақындарының бірін шақырып, «Достарыңды оят! Қазір бұл жерден кетеміз, пәлен жерге барамыз» деді. «Ұстаз! Түн ортасы кетіп қалсақ ыңғайсыз болады. Ертең кетсек болмай ма?» деп еді, «Жоқ, қазір кетеміз. Ахмед мырзаның ұлдарына да хабар бер!» деді. Ұлдары келіп жалынды, «Ұстаз, кемшілік жасаған болсақ кешіріңіз! Бізден кетпеңіз. Әкеміз естісе көңілі түседі. Біз оған қай бетімізбен жауап береміз. Ғафу етіңіз, айып етпеңіз. Кемшілімігімізді кешіріңіз!» деп жылап сұрады. Ұстаз: «Жоқ. Сендерге разымын. Бізге барлық қызметті артығымен жасадыңдар. Сендерге дұға етемін. Бірақ қазір кетуіміз керек» деді. Балалар: «Мейлі, бұйырғаныңыздай болсын» деді. Сөйтіп ұстаз түн ортасында басқа біреудің үйіне барды. Ертеңіне оның ұлы Мұхаммед Әмин мырза Ахмед мырзаның ұлдары көңілдері құлазып қалғанын айтып, «Әкешім, ол үйде таңға дейін қалсақ не болатын еді?» деп сұрады. Сәйид Фәхим хазрет: «Балам, қазір ешкімге айтпа! Бұл түні Ахмед мырза Меккеде қайтыс болды. Ол үй жетімнің үйіне айналды. Мал-мүлік мирасқорларына қалды. Оған дейін бәрін қолданып, ішіп-жеген едік. Өйткені Ахмед мырзаның бұған разы екенін, халал еткенін білетін едім. Ал қазір біз танымайтын мирасқорларының хақысы бар болғандықтан, ештеңені қолдануға болмайды. Кісі ақысынан сақтану үшін асықтым, сол себепті ол үйден кеттім» деп жауап берді. Бір айдан кейін қажылар оралды. Бәрі келді, бірақ Ахмед мырза келмеді. Келгендер «Бір күні түн ортасында Меккеде қайтыс болды» десті. Қай түн екенін есептеп қарағанда дәл сол түн болған еді.

Сәйид Фәхим шәкірттерімен Ван көлінің жағасында кетіп бара жатқанда көлдегі «Ахтамар» аралындағы армян шіркеуінен бір поп шығып, судың бетімен жүре бастады. Мұны көрген шәкірттерінің бірнешеуіне: «Біз Аллаһтың дұшпаны деп санайтын поп судың бетімен жүр, ал үлкен әулие, Аллаһу та'аланың сүйіктісі, таңдаулы құлы деп санайтын Сәйид хазретіміз неге судың бетімен емес, жағалауда жүр?» деген ой келеді. Сәйид Фәхим бұл ойды түсініп, мүбәрәк аяғындағы аяқ киімін шешіп, қолына алып, бір-біріне ұрды. Аяқ киім бір-біріне ұрылған сайын поп суға бата берді. Тамағына дейін келгенде тағы бір ұрып, поп суға батып кетті. Кейін сондай ой келгендерге қарап, «Ол сиқыр жасап судың бетімен жүрген еді. Осылай сендердің имандарыңды бұзғысы келді. Аяқ киімді бір-біріне ұрғанда сиқыры бұзылып суға батып кетті. Мұсылмандар сиқыр жасамайды. Аллаһу та'аладан керемет сұрауға да ұялады» деді. Ол кереметімен поптың сиқырын бұзған еді.

Стамбұлда Қағытханада «Ev yap» сабын фабрикасы бар Рифат мырзаның әкесі Абдулуаһһаб мырза 1963 жылы қайтыс болды. Қайтыс болуынан бірнеше жыл бұрын айтып берген еді: «Эрзурумда медреседе оқуымды бітірген едім. Тағы оқығым келді. Мен іздеген үлкен ғұлама Битлисте Абдулжәлил мырза екенін естідім. Битлиске барып оны іздедім. Адамдар «Ол Ванға кетті, келеді, күт» деді. Шыдамым жетпей Ванға бардым. Сұрастырып едім, «Мукс ғұламасы Сәйид Фәхим Ванға келді. Шабания мешітінде онымен бірге» деді. Сол жерге бардым. «Үлкен ғалым Абдулжәлил мырза мінберге шыққан, бәрі оны тыңдап білім алып жатыр» деп ойлаған едім. Мешітке кірдім. Бәрі басын иіп, әдеппен отырған еді. Төрде нұрдай жарқын, жылы жүзді кісі отыр еді. Бәрі оған құрметпен қарап отырған еді. «Абдулжәлил мырза алдымдағы айбатты, көрікті кісі болса керек» деп ойладым. Бірақ сұрайтын ешкім жоқ еді. Бәрі басын иіп алдына қарап отырды. Кенеттен алдыма бір жігіт келді, «Не іздедіңіз?» деп сұрады. Мен «Абдулжәлил хазретті іздеп жүрмін» дедім. «Ол мына кісі» деп ең артқы қатарда басын иіп әдеппен отырған адамды көрсетті. «Сен де отырсаң болады» деді. «Қарсыда отырған кім?» деп сұрап едім, «Сәйид Фәхим хазрет» деп жауап берді. Қаншама уақыттан кейін ол жігіттің Сәйид Абдулхаким мырза екенін білдім. Біраз уақыттан кейін азан айтылды. Сүннет намаз оқылды. Сәйид Фәхим имам болды. Біз сапты түзеттік. Имаммен бірге тәкбір алатын кезде бүкіл жамағат тоқ ұрған адамдай дірілдей бастадық. Қазір алпыс жыл өтті. Имамның сол тәкбір дауысы есіме түскенде әліге дейін дірілдеймін. Жүрегімде сол күндегідей бір хәл пайда болады».

Сәйид Фәхимнің кереметтерін, дәрежесінің биіктігін сөзбен жеткізу, айтып бітіру мүмкін емес. Кереметтерінің ең үлкені – Абдулхаким мырзадай кемел әулие, үлкен ғұлама жетілдіруі. Туындыны жасаған адамның кемелдігін туындысының кемелдігінен білуге болады.

Сәйид Фәхим хазрет – силсилә-и алияның отыз төртіншісі. Таха Хаққаридың сұхбатында кемелге жетті. Ұстазы қайтыс болғанда оның бауыры Сәйид Мұхаммед Салихты зиярат ететін. Мұхаммед Салих 1281 [м.1865] жылы қайтыс болды. Көбірек мәлімет алу үшін «Абдулхаким Арваси» және «Таха Хаққари» есімдерін оқыңыз! Әкесі молда Абдулхамид мырза. Атасы Сәйид Абдуррахман – Сәйид Абдулхаким хазреттің атасының атасы.

Сәйид Фәхим хазреттің бауыры Молда Сафийуддиннің немересі Абдулхамид мырза [м.1967] жылы қайтыс болды.

Сәйид Фәхим хазреттің тоғыз ұлы және төрт қызы бар еді:

1) Рәшид мырзаның Мұхаммед Бақыр есімді бір ұлы мен Айша ханым есімді қызы бар еді. Бұл Айша ханым Сәйид Абдулхаким хазреттің екінші жұбайы еді.

2) Мұхаммед Әмин мырза – бауырларының арасында ең үстемі еді. Ғалым, ізгілікті және әдебиетші еді. Хижаздан қайтар жолда Тур-и Синада қайтыс болды. Фатима есімді бір қызы бар еді.

3) Мұхаммед Масум мырза. Әулие және кемел еді. Абдулхаким хазреттің ізбасары. Арваста қайтыс болды. Сегіз ұлынан Абдулхаким мырза [м.1957] жылы депутат болды. Мәжіліске кірместен Стамбұлда қайтыс болды. Эдирнекапы мазарында жерленген. Екінші ұлы Таха мырза Чатакта кезінде 1400 жылғы қажылығында Меккеде қайтыс болды. Ұлдары Эржуменд, Атауллаһ, Убәйдуллаһ және Эндер мырзалар. Үш қызы бар. Үшінші ұлы Мұхаммед Әмин Ғарби – Ибраһим Арвас мырзаның күйеу баласы. Оның екі мүбәрәк ұлы Мұрад пен Хамид. Төртінші ұлы Бақыр мырза х.1399 жылы Конияда қайтыс болды. Төрт баласы бар. Бесінші ұлы Сәлим х.1392 жылы Арваста қайтыс болды. Оның ұлы Зәйнәлабидин Стамбұлда мұғалім еді. Алтыншы ұлы Салахуддин Мәрашта [м.1939] жылы қайтыс болды. Ұлы Яхия және қыздары Сабахат пен Музәйян. Жетінші ұлы Ибраһим мырза. Сегізінші ұлы Бәдрәддин мырзаның ұлдары Хабиб, Мухиб және Ирфан мырзалар.

4) Мұхаммед Сыддық. Ван мүфтисі болғанда армяндар оны шәһид етті. Ван, Гүрпынар, Ашағыкаймазда жерленген. Ұлы Фәхми мырза мен немересі Машук мырза «Гүрпынар» ауылында имам.

5) Сәйид Хасан мырза 1388 [м.1968] жылы Мәдинада қайтыс болды. Үш ұлынан Нәжмуддин мырза 1959 жылы, Мұхаммед Рәшид мырза 1945 жылы, Сыддық мырза 1982 жылы қайтыс болды. Біріншісінің үш, екіншісінің Саид мырза, үшіншісінің төрт ұлы бар. Мұхаммед Рәшид мырза Хижрет ханымның күйеуі.

6) Молда Хусейн мырза бұрынғы Ван мүфтиі қадірменді Қасым мырзаның және Шәмсәддин мен Ихсан мырзалардың әкесі.

7) Мазхар мырза. Ұлы Мазхар, оның ұлы Абдулахад, оның ұлдары Мұхаммед Нури Бехжет, Сервет, Фатих және Неждет мырзалар.

8) Мұхаммед Салих мырза. 1950 жылы Мәдинада қайтыс болды. Ұлы Ражи мырза.

9) Низамеддин мырза. Бір жұбайынан екі баласы Садреддин мырза мен Хижрет ханым. Садреддин мырза Диярбакырда х.1393 жылы қайтыс болды, Ванда жерленді. Төрт баласы бар. Екінші жұбайынан төрт баласы болған. Олардан Вәхби мырза зейнеттегі агротехник. Насиба ханым зейнеттегі қаржы инспекторы Хаяти Чифтлик мырзаның жұбайы. Асия ханымның күйеуі Абдуррахман Екинжи. Сария ханым Ванда. Хижрет ханымның ұлы Саид мырза мен төрт күйеу баласының біріншісі қадірменді Қасым мырза. Екіншісі Сәйид Абдулхаким хазреттің жиені Руқия ханымның ұлы Айдын мырза. Үшінші күйеу баласы фармацевт Фатих Йылмаз мырза Фатих ауданында «Кумрулу дәріханасының» иесі.

Төртінші күйеу баласы Хабиб мырза. Сәйид Фәхим хазреттің екі күйеу баласы Хусейн мен Әмин пашалар. Үшінші қызы Әсма ханымның үш ұлы Шевки, Фаруқ және Наби мырзалар.

Сәйид Фәхим (қуддиса сиррух) кемел адам еді. Шәкірттерінің ең үстемі – кемел әулие Сәйид Абдулхаким хазрет. 1300 жылы 17 жәмазиәл ахир, [м.1883] жылы сәуірде жазған хатында былай дейді:

«Сүйікті, құрметті Сәйид Ибраһим және Сәйид Таха! Аллаһу та'ала екеуіңе де саламаттық берсін! Сендерге көп дұға еткеннен кейін айтарым, білгендеріңдей бауырларың Сәйид молда Абдулхаким өткен күзде осында келген болатын. Дәріс оқып білім ала бастаған еді. Бұл пақыр да оның дәрсін өте мұқият түрде дұрыстап үйреттім. Ол дәрісте де, өз сабақтарында да осылай мұқият әрі беріліп оқыды. Білімнен басқа нәрсеге қарауға уақыт бермедім. Қазір ол заманымыздағы әдістер бойынша кітаптарды бітірді. Бұл пақыр себеп ғылымдарын және фиқһ, хадис білімдерін оқыту үшін ұстаздарымнан қалай оқып бітірген болсам, оны да солай оқытып шықтым. Сендер оған бұдан былай бауыр ретінде қарамаңдар. Білімге деген құрметті сақтау үшін оған кішіпейіл болыңдар! Мұны сендердің жақсылықтарың және асқақтауларың үшін жазып жатырмын. Сонымен қатар білімге кішіпейіл болу – Аллаһу та'алаға кішіпейіл болу деген сөз. Бұл қысқа жазбамнан көп нәрсе түсініңдер! Әссәйид Фәхим (рахимә-һуллаһу та'ала)».

Екінші хатында былай жазған: «Сүйікті ұлым, көзімнің нұры Сәйид молда Абдулхаким! Саған шексіз дұғаларымды білдірген соң айтарым, ұзақ уақыттан бері сенен хабар алмағаныма көңілім түсіп мұңаюдамын. Аллаһу та'ала барлық жасырын нәрселерді біледі. Ол куә, көңілім әр уақытта сенімен бірге деп айта аламын. Мені бұл мұңнан құтқару үшін көрінер-көрінбес хәлдеріңді жиі-жиі білдіруің керек! Осылайша сүйіспеншілік баулары арта түседі. Егер көзімнің нұры бұл жақтағы пақырдан сұрайтын болса, Аллаһу та'алаға шүкір мен мақтау болсын! Денеміздің және айналамыздың рахаттығы мен саламаттығы күн сайын артуда. Аллаһу та'ала біз пақырлардың және бүкіл бауырларымыздың жүректеріне саламаттық берсін! Әмин. Абдулхамидке, Хасанға және Сәйид Ибраһимге бұл пақырдың дұғаларын жеткізіңіз! Таха мырза мен Мазхар мырзаға дұға етемін. Кімді лайықты деп санасаңыз, бұл пақырдың дұғаларын жеткізуге өкілімсіз. Одан бөлек Нехридегілердің бәрінің дұрыс-бұрыс хәлдерін жазыңыз. Сондай-ақ настурилердің шектен шығып төрт жүз мұсылманды өлтіргенін естідік. Олардың не істегенін және не үшін істегенін де хабар беруіңізді қалаймын. Уәссәләм, 3 қаңтар, 1301 жыл. Тілекшіңіз, күнәһар Сәйид Фәхим».

Сәйид Абдулхаким хазреттің бауыры Сәйид Таха хазретке жазған бір хаты мынадай:

«Мүбәрәк бақшаның жас көшеті Таха мырза! Әдемі жазылған хатыңыз келді. Сүйікті ұлымның және жақындарының сау-саламатта екенін хабарларған соң нағыз үміткердің сұрауын, қалауын да хабарлағаны себепті бізге қатты ұнады. Шумақ:

Бұл әбілхаят суын тастап кету маған жараспайды.

Аллаһу та'ала бұл шөлін әрдайым арттыра берсін! «Рабытада ұстаздың бейнесін елестеткенде дәл өзі болуы қажет пе?» деп сұрапсыз.

Сүйікті балам, дәл өзі болуы қажет емес. Рабытаның мақсаты бейнесіне байлану. Бейнесін ойлау. Одан көмек күту. Белгілі бір бейнені елестету, тану қажет емес. Ақиқатында рухтың белгілі бір бейнесі жоқ. Ол қиялданған, ойға келген бір бейнеде, кейіпте көріне алады. Рух өзі байланған, жақсы көрген денесіне үйреніп қалғандықтан, көбінесе сол дененің кейіпінде және әр түрлі күйлерде көрінеді. Қай бейнеде және қай күйде көрінсе де, егер әдемі, жағымды, сүйікті болып көрініп, махабат пен шаттықты арттырса, рахмани екені аңғарылады. Қолыңнан келгенше сол бейнеге деген қалауың мен сүйіспеншілігіңді арттыруға тырыс! Оның алдында өзіңді жоқ қыл! Бейне егер жаман, қорқынышты және үрейлі болса, бұл шайтани көріну. Оған қарама! Жоғалып кетсін. «Зікір еткенде ойға келетін басқа нәрселерден құтылу үшін не істеу керек?» деп сұрапсың. Құрметтім, ондай ойлар екі жолмен Аллаһу та'аланың қалауымен жоқ болады, кетеді. Рабытада көрінген бейнеге толықтай байлану арқылы немесе зікірді ынтамен жасау, қатты берілу арқылы және бүкіл күші мен сезімдерін жүрек тұсына жинақтау арқылы кетеді. 18 қазан, 1308 жыл». 158, 288, 289, 290, 393, 394, 395, 411.

103) ФӘНАРИ: Молла Шәмседдин Мұхаммед бин Хамза – Османлы мемлекетінің ең үлкен ғұламаларынан. Алғашқы шәйхулислам болған. 751 жылы дүниеге келіп, 834 [м.1431] жылы қайтыс болды. Бурсада, Максемде жерленген. Мысырда Кемаладдиннен білім алды. Математика мен астрономияны да үйренді. Йылдырым Баязид және Челеби Сұлтан Мұхаммед заманында Бурсада мыңдаған ғалым жетілдіріп шығарды. 822 жылы қажылықтан қайтарында Мысыр сұлтаны Муәйид патша Мысырда қалып дәріс беруін өтінді. Ол белгілі бір уақыт сонда қалды. Кейін Челеби Сұлтан Мұхаммед шақырғанда Бурсаға келді. Сұлтан екінші Мұрат хан оны алғаш рет шәйхулислам қылды. Бұл қызметті ол әділеттікпен және дұрыстықпен алты жыл атқарды. Қайтыс боларында көп ақша мен он мыңнан астам кітап қалдырды. Тәфсир, фиқһ және логика тақырыптарында түрлі еңбектері мен фәтуалары бар. 90, 345, 359.

104) ФӘРИДЕДДИН АТТАР: Мұхаммед бин Ибраһим. Ғалым және тасаууфта кемел еді. 513 жылы Нишапурда дүниеге келіп, 627 [м.1230] жылы Шыңғыс әскері тарапынан шәһид етілді. Нишапурда жерленген. Әкесі аттар (парфюмер) еді. Яғни иіссу сататын. Ол тасаууф ғұламаларына барып, сұхбаттарында білім алатын. Зухдпен, тақуалықпен және ғибадатпен айналысатын. Өлеңдері өте жағымды, насихаттары тым әсерлі еді. Жүз мың шумағы бар. Жәлаледдин Руми оны мақтаған. Оның кітаптары көп. Солардың ішінде парсы тіліндегі «Тәзкирәт-ул әулия» кітабы мәшһүр (рахимә-һуллаһу та'ала). 83, 134, 399.

105) ФИДДА: Фатима-туз Зәхраның (радиаллаһу анһа) күңі еді. Оған жан-тәнімен қызмет ететін. 29.

106) ФИРУЗ ШАХ: Делиде билік құрған сұлтан. Сұлтан Ғияседдиннің бауыры Ражабтың ұлы. 752 жылы таққа отырды. Мемлекетті әділеттікпен және алғырлықпен басқарды. Көптеген қалалар, қамалдар және су жолдарын құрды. 790 [м.1388] жылы сексен жасында қайтыс болды. Кітап та жазған. 144.

107) ФУДАЙЛ БИН АЯЗ: Үлкен әулиелердің бірі. Зухды мен тақуалығы және уағыздары мен насихаттары мәшһүр. Ол 187 [м.803] жылы Меккеде қайтыс болды. Харун Рашидпен көп сұхбаттасқан. Ол Бишри Хафидың және Сырри Сәкатидің ұстазы болған. Самарқандта дүниеге келді. Бавердте өсті. Куфада орналасты. 31.

108) ҒАЗАЛИ: Имам Мұхаммед бин Мұхаммед Ғазали «Хужжәтул ислам» атымен танымал. Ислам ғалымдарының ұлыларынан. Мүжтәһид еді. Ижтиһады шафии мазһабына жақын болғандықтан, шафии мазһабында деп саналған. 450 [м.1058] жылы Тус [яғни Мешхед] қаласының Ғазал ауылында дүниеге келіп, 505 [м.1111] жылы сол жерде қайтыс болды. Уәзір Низамулмүлк алдындағы, ғалымдар мәжілісіндегі сөз сөйлеуі бәрін таңқалдырған еді. 484 жылы Бағдатта Низамия университетінде профессор болды. Қажылықтан кейін Шамда профессор болды. Мысырда да дәріс беретін. Рум тілін жетік меңгерді. Грек философтарының кітаптарына жауап жазды. «Әл-мункизу аниддалал» кітабында өзінің өмірбаянын және пікірлерін ұзақ жазған. Ол көп кітап жазғаны соншалық, беттерін өміріне бөлгенде күніне он сегіз беттен түседі. Араб тілінде бес томдық «Ихия-ул улум» кітабы және оның мухтасары парсы тілді «Кимия-и Саадат» кітабы жаңадан басылған. «Саадати Әбәдия» кітабында ол туралы кеңірек жазылған. 53, 66, 73, 75, 77, 106, 212, 214, 326, 388, 401.

109) ГЕЛЕНБЕУИ: Есімі Исмаил бин Мұстафа. Османлы ғалымдарының бірі. Йенишехир қазысы еді. 1205 [м.1791] жылы қайтыс болды. Геометрия және тригонометрия бойынша құнды кітаптары бар. Ол түрлі кітаптар жазған. Фатих ауданындағы бір мектепке «Геленбеуи» аты берілген (рахимә-һумуллаһу та'ала). 90.