2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ЖҰБАЙЛАРЫ ЖӘНЕ СОҒЫСТАРЫ

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ЖҰБАЙЛАРЫ ЖӘНЕ СОҒЫСТАРЫ

Расулуллаһ “саллаллаһу та’ала алейһи уә сәлләм” қырық жасында болғанда, Жәбірейіл есімді періште келіп, пайғамбар екенін оған білдірді. Ол да пайғамбар екенін үш жылдан кейін Мекке қаласына жариялады. Бұл жылға «Бисәт» жылы делінеді. Жиырма жеті рет жиһад етті. Олардың тоғызына әскер ретінде қатысты. Он сегізінде бас қолбасшы болды. Төрт ұлы, төрт қызы, он бір әйелі, он екі көкесі, алты әпкесі бар еді. Жиырма бес жасында Хадиша-тул Кубра анамызбен некелесті. Елу жасында, Хадиша анамыздың қайтыс болғанынан бір жыл өткеннен кейін, Аллаһу та’аланың әмірімен Әбу Бәкірдің “радиаллаһу анһ” қызы Айшамен некелесті. 63 жасында, Мәдинада, оның мешітке біріккен бөлмесінде қайтыс болды. Сол бөлмесінде жерленді. Әбу Бәкір және Омар да “радиаллаһу анһума” осы бөлмеде. Мешіт үлкейтілген кезде бөлме мешіттің ішіне алынды. Меккедегі Құрайш кәпірлерінің басшысы болған Әбу Суфйан бин Харбтың қызы Үмми Хабибамен жетінші жылы некелесті. Әбу Суфйан – Муауийаның “радиаллаһу анһ” әкесі. Өзі Мекке қаласы мұсылмандар билігіне өткен жылы иман келтірді. Пайғамбарымыз үшінші жылы Омардың “радиаллаһу анһ” қызы Хафсамен некелесті. Хижраның бесінші жылында Бәни Мусталақ тайпасынан алынған тұтқындар арасындағы басшыларының қызы Жуайрийаны сатып алып, азат етіп некелесті. Үмми Сәләмә, Сауда, Зейнеб бинти Хузеймә, Мәймуна және Сафийамен “радиаллаһу та’ала анһума” діни себептермен некелесті. Әпкесінің қызы Зейнеппен некесін Аллаһу та’ала қидырды.

Жәбірейіл алейһиссалам Расусуллаһқа жиырма төрт мың рет келген. Пайғамбарымыз елу екі жасында миғражға шығарылды. Елу үш жасында Меккеден Мәдинаға хижрет етіп көшір кетті. Сәуір тауындағы үңгірде Әбу Бәкірмен бірге үш түн қалып, дүйсенбі күні жолға шықты. Бір апталық жолда, қыркүйектің жиырмасы, дүйсенбі күні Мәдинаның Қуба ауылына жетті. Жұма күні Мадинаға кірді.

Хижраның екінші жылы, Рамазан айында, жұма күні Бәдір соғысы болды. Ислам әскері үш жүз он үш жауынгер болып, бұлардың сегізі басқа жерлерде міндет атқарған еді. Құрайштықтар мың адам еді. Он үш сахаба шәһид болды. Әбу Жәһл және жетпіс кәпір өлтірілді.

Хижраның үшінші жылы, шәууәл айында Ухуд соғысы орын алды. Ислам әскері жеті жүз адам, кәпір әскері үш мың адам еді. Сахабалардан жетпіс кісі шәһид болды. Ухуд соғысынан төрт ай өткеннен кейін, Нәжд халқына Исламға шақыру үшін жетпіс жас жігіт жіберілді. Нәжд халқы қиянат жасап, «Бири Мә’уна» деп аталатын жерде оларды қоршап алып, екі сахабадан басқа барлығын шәһид етті.

Хижраның бесінші жылында Хәндәк соғысы болып өтті. Кәпірлер он мың адам, мұсылмандар үш мың кісі еді. Мәдина қоршауға алынды. Мұсылмандар Мәдинаның айналасында ор қазып қойған еді. Жетінші жылда болған Хәйбар соғысынан бір жыл бұрын, Худайбийада «Биат-ур-ридуан» келісімі жасалды. «Мутә соғысы» – Рим басқарушысы Гераклиуске қарсы жасалған жиһад болды. Мұсылмандар үш мың кісі еді. Рим әскері жүз мың адам еді. Жафар Таййар “радиаллаһу анһ” осы соғыста шәһид болды. Халид бин Уәлид соғысты жеңді. Сегізінші жылда Мекке жаулап алынды. Хунәйн – үлкен, әйгілі соғыс болып табылады. Жеңіспен нәтижеленді. Хайбар – яһудилердің атақты қорғаны еді. Расулуллаһ хазреті Әлиді жіберу арқылы жаулап алынды. Осы жерде Расулуллаһқа улы тағам берілді, бірақ пайғамбарымыз жемеді. Бір соғыстан қайтқан кезінде хазреті Айшаға жаман жала жабылды. Расулуллаһ қатты ренжіді. Аяти карима түсіп, жаланың жалған екені мәлім болды. Таиф жеңісі де әйгілі.