7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Мұсылманда уәсуәса болады

Мұсылманда уәсуәса болады

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Адамның көңіліне иманға қатысты уәсуәсә (күмән, жаман ой) келуі, келешекте оның үлкен дәрежелерге лайықты екендігін білдіреді. Ғибадаттарын орындап, діни ілімдерін үйренуге тырысып жүрген адамға Аллаһты, ахиретті жоққа шығару сияқты ойлардың келуі оның имансыз емес, иманды екендігін көрсетеді. Жемісі бар ағашқа тас лақтырылатыны сияқты, ұрының бағалы тастары бар үйге кіруге тырысатыны сияқты, шайтан да иманы барларға шабуылдайды. Имам Раббани хазреттері былай деген:

Иманға қатысты жаман уәсуәсәлардың келуіне себеп – иманның кәміл (толық) болуы. Өйткені хадис шәрифте: «Мұндай уәсуәсәлар иманның толық болуынан» делінген.

Пайғамбарымыз Қағбада болғанында мұсылмандардың жандарына бір яһуди келді. Ол кездері Қағбаға яһудилер мен мүшриктер де келетін еді. Мұсылмандардың бірі пайғамбарымызға «Йа Расулаллаһ, шайтан маған намазда көп уәсуәсә (жаман ой) береді, не істеуім керек?» деп сұрады. Яһуди бірден атып тұрды да, «Біздің дінімізде уәсуәсә жоқ, шайтан бізге уәсуәсә бермейді» деді. Бұған пайғамбарымыз: «Йа Әли, мұның жауабын сен бер!» деді. Сол кезде хазреті Әли «Йа Расулаллаһ, іші бос үйге ұры кірмейді» деді.

Мұндай уәсуәсәлар көптеген адамдарда болуы мүмкін. Иманым кетті деп күмәнға түспеу керек, мұндай ойларға мән бермеу керек, әрдайым Аллаһу та’аланы еске алуға тырысу керек! Пайғамбарымыз: «Шайтан уәсуәсә береді. Аллаһтың есімі аталғанда, зікір етілгенде қашады. Айтылмаса, уәсуәсәларын жалғастырады»  деген.

Уәсуәсә іліммен, дұға және зікірмен азайып, жоқ болады. Сондықтан, әсіресе күнәға көңіл ауған кезде, бірден Аллаһу та’аланы еске түсіру керек, истиғфар, салауат және дұға оқып шайтанды алыстатуға тырысу керек.

Сондай-ақ бір жұмыс, іс тауып сонымен айналысу керек, бос отырмау керек. Бос отыратындарды Аллаһу та’ала жақсы көрмейді. Бір адам бос отырса, онымен шайтан айналысады. Жұмыс істемей бос жүретіндер бай болса да, бұлардың досы шайтан, көңілдері де шайтанның мекені болады. Жұмыс істеу ғибадат. Жұмыс істейтін адам Аллаһтың досы. Оның досы болу үшін, разылығына қауышу үшін бос отырмау керек. Бір күні пайғамбарымыз бір жерден өтіп бара жатып, бос отырған адамға сәлем бермеді. Қайтып келе жатқан кезде сол адамға сәлем берді. Асхаби кирам мұның хикметін сұраған кезде былай деп жауап берді:

«Өтіп бара жатқанымда ештеңе істеп тұрған жоқ еді. Бос отырған адамды Аллаһу та’ала жақсы көрмейді. Аллаһ жақсы көрмейтін адамға сәлем бермедім. Қайтып келе жатқанымда жердегі қоқыспен топырақты араластыру түрінде болса да бір нәрсе істеп отырды. Сол үшін сәлем бердім.»

Шайтан мүминнің жүрегіне (көңіліне) кіре алмайды. Бірақ терезеден уәсуәсә береді. Мүмин – көңілінде рух әлеміне терезе ашылған адам деген сөз. Сену үшін және пайдалану үшін файз (нұр) терезесі ашылады. Ал кәпірдің көңілінде рух әлеміне ашылатын терезесі жабық.