19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ҮШ РУКНЫ БАР:

ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ҮШ РУКНЫ БАР:

1) Ихрамға кірерде қажылыққа ниет ету.

2) Арафатта уақфада тұру.

3) Зиярат тауафын жасау.

Арафатта уақфада тұрудың алғашқы уақыты – Зүлхиджаның тоғызыншы күнінің зауал уақытынан ертеңгі күні таңға дейін. [Бір күн бұрын немесе бір күн кейін Арафатта уақфада тұратын болса, қажылық өтпейді. Уаххабилер хилалды (жаңа айды) көрмеген болса да, айтты бір күн бұрын бастайды. Оларға еріп, уақфада уақытында тұрмағандардың қажылығы сахих болмайды.]

Тауафтың жеті түрі бар:

Алғашқысы, зиярат тауафы.

Екіншісі, умра тауафы (бұл екеуі парыз).

Үшіншісі, сүннет болған қудум тауафы.

Төртіншісі, қоштасу тауафы.

Бесіншісі, уәжіп болған нәзір тауафы.

Алтыншысы, нәпіл тауафтар.

Жетіншісі, мүстаһаб болған тәтавву тауафы.

Қажылық жасау үшін ихрамға ниет ету парыз. Ихрам матасын қолдану сүннет. Тігілген киімдерден ұзақ болу уәжіп.

Қажылықтың парыз болуының сегіз шарты бар:

1) Мұсылман болу.

2) Балиғатқа толған болу.

3) Ақыл кірген болу.

4) Деннің сау болуы.

5) Құл не тұтқын болмау.

6) Мал-мүліктің негізгі қажеттіліктерінен көп болуы.

7) Қажылық уақытының келген болуы. Қажылықтың уақыты – арапа және айттың төрт күні. Жол уақыты да есепке алынады.

8) Ұзақ сапарға шығатын әйелдің қасында күйеуі немесе некелесуі мәңгі жаиз болмаған махремінің (жақын туысының) болуы. [Осы сегіз шартқа ие болған адамның өмірінде бір рет қажылыққа баруы парыз болады. Бір реттен көп баратын болса, кейінгі жылдарда барғандары нәпіл қажылық болады. «Нәпіл ғибадат» дегеніміз – парыз немесе сүннет болмай, өз қалауымен орындалған ғибадат деген сөз. Нәпіл ғибадаттың сауабы парыз ғибадаттың сауабының жанында, теңіздің жанындағы бір тамшы су сияқты аз. Ислам ғұламалары Меккеден ұзақ орналасқан мемлекеттерде өмір сүретіндерге қайтадан қажылыққа баруына рұқсат бермеген. Абдуллаһ Дәһләуи “қуддиса сирруһ” алпыс үшінші хатында былай дейді: «Қажылық жолында, көбінесе, ғибадаттар толық орындалмайды. Осы себептен, Имам Раббани “рахметуллаһи алейһ”, 123-ші және 124-ші хаттарында умраға және нәпіл қажылыққа барудан разы еместігін білдірді.» Бір парыздың орындалуына, әйелдердің орануына кедергі болатын нәпіл қажылық харам болады. Мұндай нәпіл қажылыққа бару сауап емес, күнә болады. Умраға бару да осындай.

Зекетті нисапқа толғаннан бір хижри жыл өткеннен кейін беру парыз болады. Зекет беру парыз болған бұл уақыт әркім үшн әр түрлі. Бұл уақыт қажылық уақытынан бұрын болса, мал-мүліктің, ақшаның барлығы үшін зекет беріліп, қалған ақшамен қажылыққа барады. Зекет беру уақыты қажылықтың уақытымен тура келсе, алдымен қажылыққа барады. Қажылықтан кейін қолда қалған ақшаның зекеті беріледі.]