12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   


ЖОЛАУШЫ НАМАЗЫ

68 – «Мәрақил-фәлах» хашиясында былай делінеді: «Бір кісі орналасқан қаласының немесе ауылының шетіндегі үйлерден және егістік, мола сияқты  жерлерден, яғни тұрғын аймақтан ұзақтағанда, осы қаланың шетінен жылдың қысқа күндерінен үш күндік арақашықтықтағы немесе одан да ұзақ болған бір жерге баруға ниет етсе, жолға шыққан кезде мусафир (жолаушы) болады. Бір күнде жеті сағат жүреді. Арада үздіксіз үйлер орналасқан ауылдан да ұзақтауы қажет. Арада үзіліп, қайта жалғасатын ауылдардан ұзақтау шарт емес. Кейбір ғалымдардың айтуынша «мүддәти сафар» (жолаушылық қашықтығы) үш мәрхаладан (қашықтық өлшемі) тұрады». Бір мәрхала – алты фәрсах. Бір фәрсах – үш миль. Бір миль – төрт мың зра’. Бір зра’ – Ханафиде жиырма төрт, басқа үш мазһабта жиырма бір бармақтың ені, яғни Ханафиде қырық сегіз, қалған үш мазһабта қырық екі сантиметрге тең. Осы бойынша, бір миль – Ханафиде 1920 метр, бір фәрсах, яғни бір сағаттық жол – 5 километр және 750 метр. Бір мәрхала, яғни бір күндік жол – 34 километр 560 метр. Мүддәти сафар – Ханафи мазһабында 103 километр 680 метр болады. Басқа үш мазһабта мүддәти сафар – он алты фәрсах, 80 километр. Қаланың шетінен мүддәти сафарға тең немесе одан да алыс жерге баруға ниет етіп жолға шыққан адам сафари (жолаушы) болады. Жолаушы баратын жерінде, кірген және шыққан күндерінен басқа, Ханафиде он бес күн, Малики мен Шафииде төрт күн қалуға ниет етсе, яки өз ауданына келсе, муқим (жергілікті тұрғын) болады. [Ханафиде он бес күннен аз қалуға ниет етсе, сол жерде болған күндерде жолаушы болады. Он бес күннен бұрын немесе кейін үш күндік ұзақтықтағы бір жерге бару үшін жолға шықса, жолда және сол екінші жерінде де жолаушы болады.]

Жолаушы төрт рәкаттық парыз намаздарды екі рәкат қылып оқиды. Төрт рәкат қылып оқуы күнә болады. Оразаны қазаға қалдыруы, мәсінің үстінен үш күн мәсіһ тартуы жаиз болады. Жұма мен айт намаздарын оқуы және құрбан шалуы қажет емес. Әйелдің махремсіз (жақын еркек туысынсыз) сапарға шығуы үш мазһабта харам. Шафииде, махремсіз екі әйел болып парыз болған қажылыққа бару жаиз. Тісіндегі пломбасы себебпті Шафии немесе Малики мазһабын тақлид еткен бір Ханафи, барған жерінде үш күннен көп және он бес күннен аз қалатын болса, парыздарды төрт рәкат қылып оқиды. Өйткені оның намаздары Шафии немесе Малики мазһабтары бойынша сахих болуы керек. Шафии мен Малики мазһабтарында жолда немесе сафари болған жерінде екіндіні бесін намазының уақытында және құптанды ақшам намазының уақытында тақдим етіп немесе бесінді екіндінің уақытында және ақшамды құптанның уақытында тәхир етіп жәм қылу, яғни біріктіріп оқу жаиз. Жолға шықпай намазды қысқартуға және жәм етуге (біріктіруге) болмайды. Ханбали мазһабында жұмыстарынан мүлдем босай алмайтындардың да намаздарды жәм қылып оқуы жаиз болады.