2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / АТА-АНАҒА БАҒЫНУ БӨЛІМІ

АТА-АНАҒА БАҒЫНУ БӨЛІМІ

147 – Аллаһу та’ала Мұса алейһиссаламға былай деді: «Ей, Мұса! Бір адам ата-анасына қарсы шықса, оның тілін кес және қай мүшесімен ата-анасын ашуландырған болса, сол мүшесін де кес!»Ата-анасын разы қылған адамға жәннатта екі есік ашылады. Ата-анасы разы болмаған адамға да тозақта екі есік ашылады. Бір адамның ата-анасы залым болса да, оларға қарсы шығу, оларға дөрекі сөйлеу жаиз емес.

Аллаһу та’ала былай деді: «Ей, Мұса! Күнәлардың арасында сондай бір күнә бар, ол менің алдымда өте ауыр және үлкен. Ол күнә – ата-ана баласын шақырған кезде баланың тыңдамай, бұйрықтарына бағынбауы.» Ата-ана шақырған кезде қандай іспен айналысып жатқан болсаң да, бірден бәрін тастап, дереу ата-анаңа жүгіруің керек! Ата-анаң саған ашуланып айқайласа да, сен оларға қарсы ештеңе айтпа! Ата-анаңның дұғасын, батасын алғың келсе, саған бұйырған істерін тез, әрі толық істеуге тырыс! Бұл ісіңді ұнатпай, саған ашулануынан және бәтдұға (қарғыс) жасауынан қорқ! Егер саған ашуланса, оларға қарсы дөрекі сөйлеме! Бірден қолдарын сүйіп, ашуын бас! Ата-анаңның көңілін аулап жүр! Өйткені сенің бақытың да, пәлекетің де олардың көңілінде туындаған сөзге байланысты. Ата-анаң науқас болса, қарт болса, оларға жәрдем бер, қызмет ет! Бақытыңның олардың қайырлы дұғасына байланысты екенін біл! Егер оларды ренжітіп, қарғысын алсаң, дүниең де, ахиретің де құриды. Атылған оқ кері қайтпайды. Олар тірі кезінде қадірін біл!

Аллаһу та'аланың разылығы діндар (намазхан) болған ата-ананың разылығында. Ал Аллаһу та'аланың ашуы діндар (намазхан) болған ата-ананың ашуында. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хадис шәрифтерінде: «Жәннат аналардың аяғының астында» – деген. Яғни саған дініңді, иманыңды үйреткен ата-анаңның разылығында деген сөз. Аллаһу та’ала Мұса алейһиссаламға былай деді: «Ей, Мұса! Ата-анасын разы қылған адам мені разы қылған болады. Тіпті ата-анасын разы қылып, маған дұшпан болғандарды да мен жақсылардан санаймын. Ата-анасына дұшпан болған адам маған бағынышты болса да, оны жамандар тарапына қосамын.»

Имандылар қатарынан тозақтан ең соңғы шығатындар – Аллаһу та’аланың жолында болған ата-анасының Ислам дініне сай әмірлеріне бағынбай, дұшпан болғандар.

148 – Пайғамбарымыз (алейһиссалам) былай деді: «Ата-анаға жақсылық жасау – нәпіл намаз, ораза және қажылық [әрі умраға бару]қасиетінен де қасиетті. Ата-анасына қызмет еткендердің өмірі берекелі және ұзақ болады. Ата-анасына қарсы шығып, оларға дұшпан болғандардың өмірі берекесіз және қысқа болады. Ата-анасына бағынбаған адам – малғұн.»

Хасан Басри “рахимә-һуллаһу та’ала” Қағбаны зиярат және тауаф етіп жатқан кезінде, арқасына бір себет асылып, сонымен тауаф жасап жатқан бір адамды байқады. Ол кісіге қарап: «Бауырым, арқаңдағы жүкті қойып, солай тауаф етсең оңайрақ болмайды ма?» - дейді. Ол кісі жауап ретінде: «Арқамдағы себет – жүк емес, әкем. Оны Шамнан жеті рет осында алып келіп, тауаф жасаттым. Себебі, ол маған дінімді, иманымды үйретті. Мені Ислам ахлағымен тәрбиелеп жетілдірді» - деді. Сонда Хасан Басри хазреттері оған былай деді: «Қияметке дейін осылай арқалап тауаф жасатсаң, бір рет ренжітумен осы жасаған қызметіңнің бәрі босқа кетеді. Сондай-ақ, көңілін аулап, бір рет қуантсаң, осыншама қызметке тең болады.»

149 – Пайғамбарымызға (алейһиссалам) бір кісі келіп: «Йа, Расулаллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм)! Менің ата-анам қайтыс болған. Мен олар үшін не істеуім керек?» деп сұрады. Сонда пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай жауап берді:«Оларға әрдайым дұға етіп жүр! Оларға Құран кәрім оқы және истиғфар ет!»

Асхаби кирамнан бір кісі “радиаллаһу та’ала анһ”: «Йа, Расулаллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм), одан да көбірек жасалатын амал бар ма?» деп сұрады. Сонда: «Олар үшін садақа беріңдер және қажылық жасаңдар!» деп бұйырды. Арадан біреу шығып: «Ата-анам өте қатыгез, оларға қалайша бағынайын?» деді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай жауап берді: «Анаң сені тоғыз ай бойы қарнында көтерді. Екі жыл емізді. Сені өсіп жетілгеніңе дейін қойнында өсірді және қорғады, құшағында ұстады. Әкең де, сені өсіргенге дейін көптеген қиыншылықтарға төзіп, сені азықтандырды. Қажеттіліктеріңнің бәрін қамтамасыз етті. Саған дініңді, иманыңды үйретті. Сені Ислами тәрбиемен өсірді. Ал енді олар қалайша қатыгез болып қалды? Бұдан үлкен және бұдан асқан мейірімділік болуы мүмкін бе?»

150 – Ата-ананың қадірі былай да баяндалады: Хазреті Мұса алейһиссалам Тури синада (Тур тауында) Аллаһу та’аламен сөйлескенде: «Йа, Раббым! Ахиретте менің көршім кім болады?» деп сұрады. Сонда Аллаһу та’ала: «Ей, Мұса! Сенің көршің пәлен жердегі, пәлен қасап!»деп жауап береді. Мұса алейһиссалам қасаптың үйіне барып «Мені қонақ ретінде қабылдайсың ба?» деп сұрады. Сөйтіп оған қонақ болды. Тамақтанатын уақыт келгенде қасап бір бөлшек ет пісірді. Қабырғада ілулі тұрған себетті төмен түсіріп, ішіндегі өте арық бір әйелге ет және сорпа берді. Үсті-басын тазалап, қайтадан себетке қойды. Мұса алейһиссалам: «Ол саған кім болады?» деп сұрады. Қасап: «Ол менің анам. Қартайып, осындай жағдайға келді, осылай күнде таңертең-кешке оған қараймын» деп жауаптады. Қасап анасын тамақтандырып жатқанда арық және әлсіз анасы ұлына дұға етіп: «Йа, Раббым! Ұлымды жәннатта Мұса алейһиссаламға көрші қыла гөр!» дейді, мұны Мұса алейһиссалам да естиді. Осыған орай қасапқа сүйінші ретінде «Сені Аллаһу та’ала кешірді, Мұса алейһиссаламға көрші болдың» деді.

151 –  Ғапіл болып немесе байқаусызда ата-анаңды ренжіткен болсаң, дереу олардың разылығын алуға тырыс, жалбарын, мейіріммен жақсылық жаса, қалай болса да, олардың көңілін аула! Ата-ананың өз баласында ақылары өте үлкен. Мұны еш ұмытпастан, әрдайым осыған сай амал етуге тырыс!

Анықтама: Ата-анаға, ұстазға және үкіметке сөз қайтарып, көтеріліс жасап, қарсы шығу жаиз емес. Егер олар Ислам діні тыйым салған бір нәрсені әмір етсе де, қарсы шықпау керек, бірақ солар жұмсаған қылмысты да, күнәні де істемеу керек.

Шәмсул-әимма-и Сәрахсидің “рахимә-һуллаһу та’ала” [483 жылы қайтыс болған] «Сияр-и Кәбир» шәрһінің аудармасында, 83-ші бетінде былай дейді: «Ата-анаға жақсылық жасау, оларды зияннан және қиыншылықтан қорғау фарзи айн (әркімнің жеке басына парыз). Ал жиһадқа бару фарзи кифая болғандықтан, ата-ана рұқсат бермегенше, соғысқа бару халал болмайды. Ата-ана кәпір болса да, оларға жақсылық жасау, оларға қызмет ету парыз. Сауда-саттық, қажылық және умра үшін ата-ананың рұқсатынсыз сапарға шығу жаиз. Ілім үйрену үшін кету да осындай. Өйткені бұларда соғыстағыдай өлім қауіпі жоқ болғандықтан, айрылысу қайғысын қайта қауышу үміті басады. Ата-ананың және ұстаздың күнәға түсіретін бұйрықтарына бағыну қажет емес. Мысалы, ұрлық үшін немесе біреуді өлтіру үшін, қарақшылық үшін немесе зина жасау үшін бір әйелді бір жерге жіберіп жатқанда, сол жақта бұған бөгет бола алатын бір адам болса, бірақ бұл адамның бөгет болуына ата-анасы рұқсат етпесе, оларды тыңдамастан, тоқтатуы қажет. Себебі, күнәға тосқауыл болу фарзи айн. Ал ата-анаға бағыну – күнә болмаған бұйрықтарында ғана парыз. Ата-ананың парызды тәрк еткізуі күнә болғандықтан, олардың осындай бұйрықтары орындалмайды. Ниса сүресінің 59-шы аятында: «Ей мүминдер! Пайғамбарыма (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) және өздеріңнен болған әмірлеріне бағыныңдар!»деп бұйырылған. Күнә болмаған бұйрықтарға бағыну керек. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бір жерге кіші әскер жіберіп, бастарына бір қолбасшы тағайындады. Қолбасшы оларға ашуланып, үлкен от жақтырады да, «Мына отқа түсіңдер, маған бағынуларың парыз» деді. Әскердің арасынан кейбірлері «Түсейік» деді. Бір бөлігі «Біз оттан құтылу үшін мұсылман болмадық па, түспейміз» деп түспеді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мұны естіген кезінде: «Егер айтқанына бағынып, отқа түссе, олар тозақта мәңгі қалар еді» деді. Хадис шәрфте былай делінеді: «Бастарыңа әмір ретінде тағайындалған мұсылман, кім болса да, харам істеуді бұйырмағанша, оған бағыныңдар! Харам болған бұйрықтарына бағынбаңдар!»Бағынбау басқа, сөз қайтарып қарсы шығу басқа. Осы екі нәрсені бір-бірімен шатастырмау керек.

Сияр-и Кәбирден алынып осы жерге дейін жазылғандардан ата-ананың, ұстаздың және үкіметтің харам нәрсені әмір еткенінде, оларға қарсы шығуға болмайтыны аңғарылады. Бұл әмірлер дінде күнә болмайтындай және үкімет заңында қылмыс болып саналмайтындай түрде орындалады. Мысалы: бір адамға анасы үйленбе десе немесе ол қызды алмайсың десе немесе жанұяңды таста десе немесе ол ғалымнан дініңді үйренбейсің десе, бұл сөздері ислам шариғатына сүйенетін себептермен байланысты болмаса, оған мойынсұну уәжіп болмайды. Бірақ бәрібір де қатты сөйлеу, қарсы шығу жаиз емес.

Кәпір болған әміршілердің, дін дұшпандарының исламға сай болған әмірлері, исламға мойынсұну ниетімен жасалады. Исламға сай болмаған әмірлерінің алдында мүшкіл жағдайға түссе, заңды жолдармен шығу жолын іздейді.

Ананың, әкенің, ұстаздың орындауға болмайтын әмірлері жасалмаған кезде үзір, сылтау айтып және жылы сөзбен амалдау керек. Яғни, әмірді орындамағанда фитна шықпайтындай әрекетте болу керек. Мысырлық Хасен Бенна және оның ізбасарларынан Сайид Кутуб сияқты, мазһабсыз жаһил дін адамдары [дүмшелер], «Жиһад, зұлымдық жасағандарға және залымдарға қарсы» деген аяти кәриманы желеу етіп, үкіметке қарсы шықты. Хасен 1368 [м. 1949]да, ал Сайид Кутуб 1386 [м. 1966] бүлікшілігінің нәтижесінде өлім жазасына кесілді. Бұлардың арбауына іліккен мыңдаған жастар, зындандарда бірнеше жыл жәбір-жапа шеккеннен кейін өлтірілді. Өздерін «Ихуани муслимин» яғни мұсылман бауырлар деп атайтын осы жастар, 1982 жылы Сириядағы залым Асад үкіметіне қарсы көтеріліс жасап, Хама қаласының қиратылуына және он мыңдаған мұсылманның жаншылып, аянышты халде өлтіруіне себепші болды. Ал негізінде залым, тіпті кәпір үкіметтерге қарсы көтеріліс жасауға, фитна шығаруға дініміз тыйым салуда. Бұлай фитна шығару, жиһад емес, ақымақтық. Үлкен күнә. Жоғарыдағы аят, Хаж сүресінде Мәдинада енді құрылған Ислам мемлeкетіне, Меккедегі кәпірлермен жиһад жасауына рұқсат беруде. Бұл аят, Ислам мемлекетінің, залым, кәпір диктаторлармен жиһад етуіне рұқсат беруде. Яғни жиһадты мемлекет жасайды. Мемлекеттің әскері жасайды. Адамның жоқтан өзгеге шабуыл жасауына, үкіметке қарсы шығуына жиһад делінбейді. Бұған қарақшылық делінеді, үлкен күнә болып табылады. Әһли сүннет ғалымдары “рахимә-һумуллаһу та’ала” кәпір, залым үкіметтің өзіне де қарсы шығуға тыйым салған. Мазһабсыз, жаһил дін адамдары (яғни адасқандар), Әһли сүннет ғалымдарының үстемдігін білмегендіктен тәфсир, фиқһ кітаптарының мағыналарын түсінбегендіктен, өздерін ғалымбыз деп санайды. Аят пен хадистерден қате, бұзық мағыналар шығарып, ислам діні мен мұсылмандарға едәуір көп зияндарын тигізуде.

Ең үлкен Ислам мемлекеті болған Османдықтарға қарсы соңғы төңкерісті ағылшындар әзірледі. Орталығы Селаникте болған үшінші әскердің кейбір жас офицерлері, ағылшын тыңшыларының көп ақша мен лауазым уәделеріне алданды. 7 шілдеде Шәмси паша, лейтанант Атиф тарапынан атылды. 23-шілдеде 1908-де екінші конституциялық басқару жүйесі жарияланды. Елді басқару ісі жаһилдердің қолына өтті. Тәжірибелі мамандар зынданға тасталды. Көбісі өлім жазасына кесілді. 1915 жылы қаңтар айында Әнвар паша, орыс шекарасына әскер жіберу әмірін берді. Тәжірибелі офицерлер, жол қар-боран, жағдайлар қолайсыз, сәл кідіріп наурыздан кейін жіберейік деді. Жоқ, мен әмір етемін, қазір жіберіледі деп, сол офисерлерді жазалады. 86 000 әскер Сарыкамыста үсіп өлді. Әр тарапқа берілген, осындай ақылға сыйымсыз әмірлермен өлім жазалары халықты мезі етті. Пашалар (генерал) бұл жағдайды түсінгесін, жандарын аман алып қалу үшін Европаға қашты. Талат паша Берлинде, Әнвар паша 1992 жылы Ресейде, Жамал паша Тифлисте өлтірілді. Әнвар пашаның сүйектері 1996-да Стамбулға әкелінді. 1908 жылғы бүліктің Осман мемлекетіне берген зияндары мен пәлкеттері туралы «Асхаби кирам» атты кітабымызда кеңірек жазылған.

152 – Саған дініңді үйреткен ұстазыңа құрмет және тағзым ет! Ұстаз ақысы, ата-ана ақысынан жоғары тұрады. Себебі, ата-ана баланы бағып, өсіреді. Жамандықтан, харамнан қорғап, ғибадатқа баулиды. Ал мұғалім, баланың дүниеде де, ахиретте де бақытқа қауышуына себепкер болады, дінін, әһли сүннет сенімін және парыздар мен харамдарды үйретеді. Бірақ, дінін, иманын үйреткен ата-ананың ақысы, ұстаздың ақысынан да жоғары болады.

Ұстазды көрген кезде құрмет көрсетіп, қарсы ал.

153 – Анықтама 1: Хадис шәрифте: «Адамдар, өздеріне жақсылық жасағандарды жақсы көреді. Бұл махаббат адамның жаратылысында бар» делінген. Жасалған жақсылық қаншалықты құнды және көп болса, махаббат та соншалықты көп болады. Осы себепті, адамдар анасын, әкесін, ұстазын, отанын, дін бауырларын қатты жақсы көреді. Мұсылманның мүршиді яғни ұстазы оған діни және дүниелік білімдерді, иманды, Аллаһты, пайғамбарды, көркем мінез-құлықты үйреткені үшін оны бәрінен артық жақсы көреді. Бұл махаббат адамның жаратылысында бар. Бұл махаббаттан махрұм болған кісі шынайы адам емес, жануардан парқы жоқ. Қатты жақсы көретін адамыңды ұмыта алмайсың. Оның жүзі көңіліңе (жүрегіңе) орнығады. Бұл халге «Рабыта» делінеді. Адамның көңілінде бір мүршидтің, әулиенің рабытасы пайда болса, әулиенің жүрегіне мүршидтерінен келетін фәйздер, сол адамның да көңіліне құйыла бастайды. Фәйз - көңілден көңілге өтетін, адамға Аллаһу та’аланың разы болатын нәрселерін жасатқызатын нұр, қуат. Фәйздер Расулуллаһ алейһиссаламның мүбәрәк көңілінен таралуда, әулиелердің көңілдері арқылы әулиелерді жақсы көретін көңілдерге құйылуда. Әулиелердің көңілі айна сияқты. Айнадан шыққан нұрлар қарсы беттегі айнаға, ол жерден оның қарсысындағы айнаға түседі. Сол сияқты пайғамбарымыздан шыққан нұрлар да дәуіріміздегі әулиелердің көңілдеріне құйылады. [Айна сияқты. Айнаға түскен жарық пен алдындағы зат қарсысында тұрған айнада да көрінеді. Айнаның алдында тұрған екінші айнада және оның қарсысындағы үшінші айнада да көрінеді. Расулуллаһтың мүбәрәк көңілінен таралатын марифат нұрлары да сол көңілге байланысы бар болған көңілдерге құйылады. Көңілдерді бір-біріне байлайтын бау - махаббат, болып табылады. Асхаби кирам пайғамбарымызды қатты жақсы көргендіктен осы нұрларға қауышты. Махаббат қаншалықты көп болса, келетін фәйз де соншалықты көп болады. Жақсы көру дегеніміз, пайғамбарымызға сеніп, амалдар мен ахлақта пайғамбарымызға ұқсау деген сөз. Асхаби кирамның көңілдеріне келген фәйздер, кейінгі ғасырларда келген жастардың көңілдеріне де келді. Олардың да ислам дініне мойынсұнуы оңай және ұнамды болды. Әр бірі әулие болып жетілді. Алыс жерде және мазарда жатқан әулиеден де фәйздер таралуда, ғашықтарының көңілдерін нұрландыруда. Пайғамбарымыздың мүбәрәк көңілінен таралған фәйздерге кейінгі ғасырдағы ғашықтардың көңілдері де қауышып, дәуіріміздегі әулиелердің көңілдеріне келуде. Олардың көңілдерінен, оларды жақсы көретіндердің көңілдеріне, ол жерден біздерге де жетіп келуде.] Ислам және жаратылыстану ғылымдары, ойлау, есептеу ақылмен жүзеге асады. Ақыл мида болады. Иман, махаббат, марифат және бір нәрсені еске түсірудің орны көңіл. Фәйзге қауышқан адамның көңілі ілімдер, марифаттар, кераметтер қазынасына айналады. Бұл адамға «әулие» және «мүршид» делінеді. Бұл бақытқа қауышу үшін әһли сүннет сенімінде болу, исламға мойынсұну және  мүршидті жақсы көру шарт. Денені азықтандыратын ризықтар және көңілді тазалайтын фәйздер әзелден белгіленген. Бірақ адети илаһийәға (Аллаһу та'аланың әдетіне) мойынсұну, себептерін іздеп табу үшін еңбек ету керек. Шарттарына сай еңбек еткенге міндетті түрде беріледі. Егер Аллаһу та’ала қаласа, еңбек етпегендерге де ихсан етеді. 

Анықтама 2: Ұстазың қайтыс болған соң, оның рухына бағыштап Құран кәрім оқы! Ол үшін садақа беріп, дұға ет, сауаптары рухына барады және пайдасын көреді. Асхаби кирам (алейһимурридуан) бүкіл мұсылмандардың ұстазы болып табылады. Олардың да ақыларын ұмытпа! Сүйікті пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) нұрлы, мүбәрак жүзін көрумен мәртебеленген мұсылмандарға «Асхаби кирам» делінеді. Асхаби кирамның барлығы Оның мүбәрәк көңілінен (жүрегінен) шыққан нұрлармен шыңдалды. Рухтарға шипа болған сөздерін тыңдап, көркем ахлақымен мінезделді. Оның ілім дариясынан тәлім  алып, ғалым болып, заһири (сыртқы) және батини (ішкі) ілімдерде кәмілдік дәрежеге қауышты. Әлемдегі келіп кеткен адамдардың барлығынан да үстем және қадірлі болды. Ислам дінін өздерінен кейін келгендерге түсіндірді. Аллаһу та’аланың дінін жер бетіне асхаби кирам жайды. Бүкіл мұсылмандардың алғашқы ұстаздары болды. Әр бір мұсылманның асхаби кирамды жақсы көруі, олардың ұстаздық ақыларын өтеулері тиіс. Асхаби кирамның барлығын жақсы көретіндерді, әрбіріне құрмет көрсететіндерді «әһли сүннет» дейді. Сахабалардың бір бөлігін жақсы көріп, бір бөлігін жаман көретіндерге «шиит»делінеді. Ал асхаби кирамның барлығына дұшпан болғандарға«рафизи» делінеді. Рафизилер Абдуллаһ бин Сәба есімді бір яһудидің ізбасарлары. Олар исламның дұшпандары болып табылады.

Әһли сүннет ғұламалары былай дейді: «Асхаби кирамды қатты жақсы көру, құрметтеу қажет. Сол себептен, есімдерін жазғанда, оқығанда, естігенде “радиаллаһу анһ” деп айту - мүстаһаб.» Бұлар «Ибн Абидин» бесінші том, 480-ші бетінде және «Биргиуи өсиетнамасының» Кади-заде шархында (түсініктемесінде) және «Садети-Әбәдия» кітабында жазылған.

Рафизилер мұсылмандарды алдау үшін: «Сахабалар өте ұлы адамдар. Олардың ұлылығын білдіретіндей сөз жоқ. Есімдерінің қасына “радиаллаһу анһ” деп қосып айту, оларға тіл тигізу болып табылады. Ондай сөздер айтылмауы тиіс» дейді. Біз олардың сөздеріне алданбауымыз керек.

154 – Өзіңнен кіші бауырың бар болса, оған ислам әріптері мен Құран кәрім оқуды және ілім үйрет және оған иман мен әһли сүннет сенімін, Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарын үйрет. Жаман кісілермен араластырма. Жаман дос өте қауіпті. Жылы сөзбен насихат айт. Оған мейіріммен мәміле жасап, оны қорға! Егер бауырың өзіңнен үлкен болса, оған құрмет көрсетіп, әмірлерін орында!

Ахиреттік бауыр бол! Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) былай деген: «Аллаһ үшін ахиреттік бауыр болған адам, ахиретте ата-ана, туған бауырларынан да көп пайдалы жәрдемді ахиреттік бауырынан көреді. Адам ахиреттік бауырын өте жақсы көретін болса, Аллаһу та’ала да оны дәл солай жақсы көреді.» [Бір еркектің бөтен әйелмен ахиреттік бауыр болуы жаиз болса да, ахиреттік бауыры, өз бауыры сияқты махрем бола алмайды, бөтен адам сияқты болады. Исламда еркек пен қыздың дос болуы, сөйлесуі жаиз емес.]