12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / Заттармен берекеттену

Заттармен берекеттену

Сұрақ: Расулуллаһтың мүбәрәк шашы және сақалымен берекеттенуге, құрмет көрсетуге ширк деп айту дұрыс па?

Жауап: Дұрыс емес. Бұларды құрметтеу керек. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Аллаһтың шәаирын құрметтеу жүректердің тақуалығынан.» (Хаж 32)

Осы себептен Аллаһу та'аланың шәаирын құрметтеу уәжіп болған. Шәаир – белгілер, нышандар дегенді білдіреді. Абдулхақ Дәһләуи хазреттері «Көрген кезде Аллаһу та'аланы еске түсіретін нәрсе Аллаһу та'аланың шәаиры болады» деген. Бақара сүресінің «Сафа және Мәруа Аллаһтың шәаирынан» мағынасындағы 158-ші аяти каримасынан аңғарылып тұрғаны, Аллаһу та'аланың шәаиры тек Сафа және Мәруа төбешіктері емес. Бұлардан басқа да шәаир бар. Қасиетті Мекке қаласында Мәсжид-и харамның қасында орналасқан Сафа және Мәруа атты екі төбешік арасында Исмаил алейһиссаламның анасы хазреті Хажәр барып келгендіктен, бұл екі төбешік Аллаһу та'аланың шәаиры болып, сол мүбәрәк ананы еске алуға себеп болса, бүкіл жаратылыстың ең үстемі және Аллаһу та'аланың сүйіктісі болған Мұхаммед алейһиссалам туылған, өскен, ғибадат жасаған, хижрет еткен, намаз оқыған, қайтыс болған жерлер, мүбәрәк кесенесі, хазреті Әлидің және басқа сахабаларының жерлері де, әрине, Аллаһу та'аланың шәаиры болады. (Усул-ул-әрбәа фи тәрдид-ил уәххабийа – Пайдалы Мәліметтер кітабы)

Шах Уәлиуллаһ Дәһләуи хазреттері де былай деген:

Аллаһу та'аланың шәаирын жақсы көру дегеніміз – Құран кәрімді, сүйікті пайғамбарымызды және Қағбаны жақсы көру деген сөз. Тіпті Аллаһу та'аланы еске түсіретін барлық нәрсені жақсы көру деген сөз. Аллаһу та'аланың әулиелерін жақсы көру де осындай. (Әлтаф-ул-қудс)

 

Өзі де таратқан

Сүйікті пайғамбарымыздың мүбәрәк шашы және сақалымен берекеттену де, осылар сияқты, жаиз. Тікелей өзі бұлардың таратылуын әмір еткен. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Жәмра-тул-ақабәға келді, тастарын лақтырды, кейін Минада орналасқан жеріне келді және құрбандығын шалды. Кейін шаштаразға «Ал!» деп бұйырды да, оң жағын сілтеп көрсетті, кейін сол жағын көрсетті, кейін қырқылған шаштарын халыққа бере бастады. Оң жанынан қырқылғандарды оң жақтағыларға, сол жанынан қырқылғандарды Үмму Сүләймге берді. Әнас бин Малик хазреттері өзімен бірге пайғамбарымыздың бір мүбәрәк сақалын жерлеуді өсиет еткен. Аллаһу та'аланың алдына мүбәрәк сақалмен бірге шығуды қалады. (Бұхари)

Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қасиеттерінен бірі – Халид бин Уәлид (радиаллаһу анһ) басында, сәлдесінің арасында пайғамбарымыздың бір сақалын алып жүрді. Мұны алып жүрген әр соғысында жеңіске жететін еді. Ол мүбәрәк бір қылдың себебімен мақсатына жетеді де, Расулуллаһтың мүбәрәк тұлғасын араға қойып Аллаһу та'аладан сұрағандар мақсаттарына жетпейді ме? (Қады Аяз – Шифа-и шәриф)

Расулуллаһ алейһиссалам базарға барып бір шапан сатып алды. Кетіп бара жатқанында бір соқырдың отырып «Аллаһ разылығы үшін маған бір көйлек беріңдерші, жәннат киімдеріне қауышыңдар» дегенін естіп, алған шапанын оған берді. Соқыр шапанды қолына алғанда миск сияқты хош иіс сезді. Мұның Расулуллаһтың мүбәрәк қолынан келгенін түсінді, өйткені Расулуллаһ бір рет киген барлық киім ескіріп кетсе де, бөлшектері де миск сияқты хош иіс бөлетін еді. Соқыр «Йа, Раббым, бұл көйлектің құрметіне көздерімді аш» деп дұға етті. Екі көзі бірден ашылды. (Зад-ул-мукуин)

 

Қолдарын ұстап беттерін сипады

Хазреті Әбу Жухайфа айтқан: Расулуллаһ алейһиссалам түскі ыстыққа шығып дәрет алды. Сол жақтағылар орнынан тұрып, оның қолдарын ұстап беттерін сипады. Мен де оның мүбәрәк қолдарын ұстап бетімнің үстіне қойдым. Сондай ыстықта мүбәрәк қолдары қардан да суық еді және иісі мисктен де әдемі еді. (Бұхари)

«Қолдарын ұстап, беттеріне тигізді» сөйлемі қасиетті және салих адамдарды ұстап берекеттенуге болатындығын көрсетіп тұр.

Хазреті Айша анамыз айтқан: «Расулуллаһ жарасы бар болған адамды емдеп жатқанда сұқ саусағын жерге сүртіп, көтеріп "Бисмиллаһи турбәту әрдина бирики бәдина лийушфа биһи сәкимуна би-изни Раббина" дейтін еді.» (Мүслим)

Имам Нәуәуи бұл хадис шәрифтің мағынасын былай түсіндірген: «Сұқ саусағын мүбәрәк ауыз суымен сулап, кейін топырақтың жабысуы үшін жерге сүртетін, кейін ауру немесе жаралы жерге сүртіп, сипап жатқанда Аллаһу та'аланың есімімен берекеттену үшін осы дұғаны оқитын еді.»

Асхаби кирам Расулуллаһ қолданған заттарын тәбәрік қылатын еді. Дәрет алғанда қолданған сумен, мүбәрәк терімен, көйлегімен, аса таяғымен, қылышымен, налындарымен (аяқ киімімен), ыдысымен, жүзігімен және қолданған барлық нәрсесімен берекеттенетін еді. (Усул-ул-әрбәа, Пайдалы Мәліметтер кітабы)

 

Сұрақ: Расулуллаһтың немесе мүбәрәк адамдардың заттарымен берекеттену жаиз (рұқсат) ба?

Жауап: Әрине жаиз (рұқсат). Асхаби кирам Расулуллаһ қолданған заттармен, мысалы көйлегімен, таяғымен, қылышымен, аяқ киімімен, ыдысымен, жүзігімен және Ол қолданған барлық нәрсемен берекеттенетін еді. Мүминдердің анасы Умми Сәләмә анамыз бір науқас келгенде пайғамбарымыздың мүбәрәк сақалынан бір қылды суда ұстап, кейін шығарып бұл суды оған ішкізетін еді. Мубәрәк ыдысына су құйып, шипа үшін ішетін еді. (Усул-ул-әрбәа)

Расулуллаһ алейһиссалам жәмрадан кейін құрбандығын шалған кезде, шаштараз қырққан мүбәрәк шаштарын хазреті Талхаға беріп, «Бұларды адамдарға тарат» деп бұйырды. (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи)