8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Не қайыр сөйле, не үндеме!

Не қайыр сөйле, не үндеме!

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Фитна (бүлік) шығарып, мұсылмандарды қиындыққа түсіру харам болып табылады. Фитнаның ондаған байлаулы арыстандары бар. Бұлардың бірінің шыншыры шешілсе, басқаларын тоқтату мүмкін болмайды. Осы себептен не жақсы сөз сөйлеу керек, не үндемеу керек.

Зерек адамдарға түсіндіріп жаңа бір нәрсені қабылдату өте қиын. Бұл адамдарға қанша түсіндірсек те, олардың мән беретіні – біздің өмір сүру салтымыз. Біз өзгеше бір нәрсе істеп жүрсек және бұл оларға ұнаса, қабыл етеді. Лисан-ы хал лисан-ы қалден әнтақ, яғни адамның іс-әрекеті, жүріс-тұрысы сөзінен әсерлірек болады. Өмір сүру салтымен үлгі болу сөзбен үйретуден әсерлірек. Шынайы мұсылмандықты түсіндіру мүмкін болса, ондай адамдар бар жерлерде бірде-бір мұсылман емес адам қалмас еді.

Әскерді жабдықтағандар, қару-жарақпен қамтамасыз еткендер олардан көбірек сауап алады, әйтпесе әскер немен соғысады? Хазреті Османның ұлылығы осы жерден келеді. Тіпті есепсіз, сұрақсыз жәннатқа кіреді. Ол мал-мүлікпен әскерге көп көмек берді. Әсіресе бір соғыста несі бар болса, не қажет болса, бәрін берді. Ең соңында Расулуллаһтың «Йа, Раббым, Османнан есеп сұрама» деген дұғасы нәсіп болды.

Үш түрлі адам бар: бірінші топтағылар жануар сияқты. Олар «Менің затым меніңкі, сенің затың да меніңкі» дейді, тауық сияқты өз алдындағысына қанағаттанбай, өзгенің алдындағысына ұмтылады. Екінші топтағылар адам үкімінде. Олар да «Менің затым меніңкі, сенің затың сеніңкі» дейді. Соңғы топтағылар бар, оларға шынайы мұсылман делінеді. Олар «Менің затым да сеніңкі, сенің затың да сеніңкі» дейді. Міне, үлгі алу керек болғандар – осылар.

Салих мұсылман өте мейірімді, жанашыр болғандықтан, келген, өткен бүкіл ақыларын бәріне халал етеді (кешіреді), яғни ахиретте ешкімнен ақысын талап етпейді. «Йа, Раббым, мен бұл адамға даугермін» демейді. «Менің кесірімнен азап көру былай тұрсын, ешкімнің аяғына тікен де кірмесін» дейді. Істей алмайды, үш құмырсқа өлмесін деп сонша секіреді, құлап, жерге басын ұрады, өзі өліп қала жаздайды. Шыбынды ұстап алады, терезені ашып, сыртқа ұшырып жібереді. «Маған тиіспе, бар, басқа жұмысыңды істе» дейді. Одан ешқандай қиыншылық келмейді, ол даугер, шағымданушы болмайды, ешкімге жүк болмайды. Тағы бір адам жанудан құтылсыншы деп тыпырлайды. Осындай адамды шайтан жақсы көрмейді.

Имам Раббани хазреттері сияқты әулиелердің жолында болып, Әһли сүннетке қызмет етушілер өте бақытты, таңдалған адамдар, бірақ осы барлық қызметтердің қолымыздан алынбауы үшін шүкірін орындауымыз керек. Әйтпесе Аллаһу та'ала бізден алып қояды. Шүкірін орындау үшін бір-бірімізді жақсы көруіміз керек. Бұл қызметте болғандар, не болса да, бір-бірін жақсы көрмегенше бұл ниғметтің шүкірін орындай алмайды.