2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Қазы Мұхаммед Захид

Қазы Мұхаммед Захид хазреттері Түркістанда өмір сүрген әулиелердің бірі. Силсилә-и алийаның он тоғызыншысы. Анасы силсилә-и алийаның ұлыларынан болған Яқуб Чәрхи хазреттерінің қызы.

Кіші жасынан бастап ілім үйренді. Кейіннен тасаууфқа бет бұрды. Убайдуллаһ Ахрар хазреттеріне шәкірт болды. 12 жыл оның көңілдерге шипа болған сұхбаттарына қатысты. Оның міндетін өзіне алды. Көптеген шәкірттер жетілдірді. Силсилә-и алийа ғалымдарынан Дәруиш Мұхаммед хазреттері жетілдірген әулиелерінің бірі.

Туылған қаласы болған Самарқандта қалып, білім алғаннан кейін көбірек білім үйрену үшін бір шәкіртімен бірге Хиратқа жолға шықты. Шадман ауылына келген кезде қатты ыстық болу себебімен сол жерде белгілі мерзім қалды. Сол кезде ауылға Убайдуллаһ Ахрар хазреттері келді. Оны зиярат етуге барды. Убайдуллаһ Ахрар хазреттері онымен біраз сөйлескеннен кейін сұхбатын бастады. Сұхбатта Мұхаммед Захидтің ойына келген сұрақтарға жауап беріп, оған «Егер мақсатың білім алу болса, бұл іс осы жерде оңайрақ» деді. Кейін оның қасына жақындап, «Хиратқа барудан мақсатың қандай? Білім алу ма, әлде тасаууф па?» деп сұрады. Мұхаммед Захид қорқынышынан жауап бере алмады. Қасындағы шәкірті «Оның негізгі мақсаты тасаууф жолына түсу» деп жауаптады.

Убайдуллаһ Ахрар хазреттері күлімдеп: «Онда өте жақсы» деді. Кейін бірге бақшаға шықты. Ол жерде Мұхаммед Захидтің қолын ұстады. Қолын ұстаған сәтте өзінің бойында үлкен өзгеріс байқаған Мұхаммед Захид есін жоғалтып талып қалды. Есін жиған кезде Убайдуллаһ Ахрар хазреттері «Бәлкім сен менің жазуымды оқи аласың» деп қалтасынан бір қағаз шығарды да: «Бұл қағазда ғибадаттың ақиқаты және Аллаһу та'аланың ұлылығының алдындағы адамның әлсіздігі жазулы» деп Мұхаммед Захидке берді.

Бұл қағазда былай жазылған еді:

«Бұл бақытқа Аллаһу та'аланы жақсы көру және Оның расулына бағыну арқылы қол жеткізіледі. Ол үшін діни білімдерге мұрагер болған ғалымдардың сұхбаттарына қатыс. Олардан пайдалы ілім үйрен. Осылайша Расулуллаһ алейһиссаламға бағыну жолымен Аллаһу та'аланың марифетіне қауыш. Жаман дін адамдарынан аулақ жүр. Халал-харам ажыратпайтын, дінге сай болмаған іс-әрекеттер жасайтын сауатсыз тариқатшылардан аулақ бол.»

Мұхаммед Захидке Хиратқа баруға рұқсат берді. Садуддин Қашқариге беруі үшін бір хат тапсырды. Хатта Мұхаммед Захидке көмектесуі жазылған еді. Бұл әрекетті көрген Мұхаммед Захидтің Убайдуллаһ Ахрар хазреттеріне деген сүйіспеншілігі мен байлануы артты. Бірақ Хиратқа бару ниетінен еш бастарта алмады. Хатты алып, жолға шықты. Жолда ілгерілеген сайын мінген жануары жай жүре бастады, жол жүре алмай қалды. Бұхараға 36 км қалған кезде қатты көз ауруына шалдықты. Күндер бойы сол жерде қалды. Жазылған кезінде жолға шықты. Бұл жолы тағы безгек ауруына шалдықты. Сол кезде сапарын жалғастырса, құритынын түсінді. Жолын жалғастырудан бастартты. Убайдуллаһ Ахрар хазреттеріне қайтып, сұхбатына қатысуға және қызмет етуге шешім қабылдады. Келіп, үміттенгеніне қауышты.

Ол айтатын еді:

Дәруиш болу – тек бір жерге тығылып отыру, аспанда ұшу, керемет көрсету деген сөз емес. Дәруиш болу – көңілді масиуадан (Аллаһу та'аладан басқа барлық нәрседен) бет бұру деген сөз. Бір жағынан күнә істеп, бір жағынан «Әстағфируллаһ» деу истиғфар емес. Истиғфар – Аллаһу та'аланың әмірлеріне бағыну, тыйым салғандарынан сақтану.