4 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     5 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Хажаги Мұхаммед Имкәнәги

Хажаги Мұхаммед Имкәнәги хазреттері әулиелердің ұлыларынан. Силсилә-и алийаның жиырма біріншісі.

1512 жылы Бұхараның Имкәнә ауылында туылды. 1599 жылы сол жерде қайтыс болды. Әулиелердің ұлыларынан болған Дәруиш Мұхаммед хазреттерінің баласы және Мұхаммед Бақи Биллаһ хазреттерінің ұстазы. Захири және батыни ілімдерді әкесінен үйренді. Әкесінен фәйз алып, тасаууфта жетілді. Тасаууф ілімінің және халдерінің маманы еді.

Бүкіл өмірін Ислам дініне қызмет етумен және пайғамбарымыз алейһиссаламның көркем мінезін адамдарға үйретумен өткізді. Көп әулие жетілдірді. Жетілдірген әулиелерінің ең басында өзінен кейін ізбасары болған Мұхаммед Бақи Биллаһ тұрады. Мұхаммед Бақи Биллаһ хазреттері бір түні түсінде Хажаги Мұхаммед Имкәнәгиді көрді. Ұстазы оған «Ей, ұл, сенің жолыңды бақылаудамын» деді. Бақи Биллаһ хазреттері бұған қатты қуанды. Дереу оған барды. Алдына барған кезде оған көп ілтипат көрсетіп, жоғары халдерін тыңдады. Кейін үш күн, үш түн бірге сол жерде жеке қалып сұхбаттасты.

Хажаги хазреттері оған фәйз беріп, жоғары пайдаларға қолжеткізді. Кейін Бақи Биллаһ хазреттеріне «Сіздің ісіңіз Аллаһу та'аланың жәрдемімен және осы ұлы жолдың әулиелерінің рухтарының тәрбиесімен тәмәм болды. Қайтадан Үндістанға баруыңыз керек. Өйткені бұл силсилә-и алийаның сол жақта сіздің арқаңызда жарқырайтынын көріп тұрмын. Берекет пен тәрбиеңізден көп пайдаланып, үлкен істер атқаратын адамдар келеді» деді.

Қожа Бақи Биллаһ өзін бұл іске лайықты көрмегені үшін кешірім сұраған болса да, Хажаги Имкәнәги оған истихара жасауын әмір етті. Түсін Имкәнәги хазреттеріне айтып берген кезде мынадай жауап алды:

«Дереу Үндістанға барыңыз. Ол жерде сіздің берекетіңізден бір қадірлі адам шығады, бүкіл әлем оның нұрымен толады. Тіпті, сіз де одан нәсібіңізді аласыз.»

Қожа Бақи Биллаһ хазреттері Үндістанның Сәрһәнд қаласына келген кезінде оған: «Кутбтың айналасына келдің» деген илхам келді. Бұл кутб – Имам Раббани хазреттері еді. Демек, бұл дән Самарқанд пен Бұхарадан әкелініп, Үндістан топырағына егілген болды.

Хажаги Мұхаммед Имкәнәги хазреттері өмірінің соңғы кезеңдерінде жиі-жиі былай айтатын еді:

Өлімді еске алып, еш күле алмаймын,

Бүгін не болатынын еш біле алмаймын,

Мақсатым Раббыма жақын болу,

Бұдан басқасын еш қаламаймын.

Мәулана Халид Бағдади хазреттері бір хатында Хажаги Имкәнәги хазреттері жайлы былай деген:

«Хажаги Имкәнәги Хаққа ғашық болғандарды шынайы ғашыққа қауыштыру үшін қиыншылықтарға шыдап, сырттай қиналған күйде жылдар бойы жол көрсетті. Бір күні шәкірттерінің бір бөлігімен бірге тікен өсіп кеткен жерден өтіп бара жатқан еді. Бір шәкірті жалаң аяқ еді. Тікендердің бәрі аяғына кіріп жатқан еді. Мұны жасырып, ішінен қиналып, ұстазының ізінен қалмай, артынан келе жатты. Ұстазы Имкәнәги хазреттері оның бұл жағдайына ілтипат көрсетіп, «Бауырым, аяққа қиыншылық тікені кірмегенше, мұрат гүлі ашпайды» деді. Бұл сөзге шәкірт қатты қуанды.»