19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Мазһаб және Мазһабсыздық / Мазһаб имамдарының Исламға қызметтері

Мазһаб имамдарының Исламға қызметтері

Құран кәрім мен хадис шәрифтерде айқын көрсетілген діни үкімдерді сахабалардан естіп немесе нақыл жолымен жинақтаған, айқын көрсетілмегендерін өздерінің тәсілдерімен айқын көрсетілгендерге ұқсатып шығарған және мутлақ мүжтәһид болған үлкен ғалымдар «Мазһаб имамы» деп аталады. Мазһаб имамдары – ең үлкен дін ғалымдары. Пайғамбарымыздың жолы дін ғалымдарынан үйреніледі. Дін имамдарының кезкелген біріне еру – пайғамбарымызға еру болып саналады.

Мазһаб – «жүру, еру, жүретін жол» деген мағынаны береді. Мутлақ мүжтәһид деп аталатын дінде сөзі құжат болған ғалымдардың мұсылмандардың орындауы керек болған негіздерге қатысты діни дәлелдерден, Құран кәрім, хадис шәрифтер және ижмадан үкім шығару тәсілдеріне және шығарып көрсеткен үкімдердің барлығына «Мазһаб» делінеді. Мазһаб – Құран мен сүннет жолы деген сөз. Бір мазһаб имамына ерген адам Құран кәрімге және Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ергеніне сенуде. Мазһаб имамдарының өзі Құран кәрімнің және хадис шәрифтердің мағынасын Асхаби кирамнан үйренген және осы дұрыс мағына бойынша ижтиһад еткен. Бұл дұрыс мағынаны және дұрыс ижтиһадты ұнатпау Мұхаммед алейһиссаламға сенбеу болып саналады.

Пайғамбарымыз бен сахабаларының жолы болған Әһли сүннеттің жүздеген мазһабтарынан қазіргі таңда төртеуі кітаптарда сақталып, қалғандары ұмытылған. Бұл төрт мазһаб Ханафи, Шафии, Малики және Ханбали мазһабтары. Мүжтәһид болмағандардың бүкіл іс-әрекеттерінде және ғибадаттарында бір мүжтәһидке бағынуы, яғни осы төрт мазһабтың бірін ұстануы керек екендігі Тахтауиде айтылған.

Әр мұсылманның ғибадат немесе амал ететін кезде төрт мазһабтың бірін ұстануы керек. Төрт мазһабтың бірін ұстану үшін сол мазһабтың фиқһ білімдерін жақсылап үйрену керек. Бұл сол мазһабта жазылған фиқһ және илмихал кітаптарынан үйренілетінін Мұхаммед Абдуррахман Силхәти хазреттері айтқан.

Төрт мазһабтың сенімдері, яғни имандары бірдей, айырмашылықтары жоқ. Төртеуі де Әһли сүннет ақидасында, сенімінде. Әһли сүннет сенімінде болмағандарға бидғатшы делінетіндігі Тахтауиде жазылған.

Мазһаб имамдары Құран кәрімде айқын көрсетілген үкімдерді, пайғамбарымыздың Құран кәрімге қатысты түсіндірмелерін жеткізуімен қатар, Құран кәрім мен хадис шәрифтерде айқын көрсетілмеген негіздердің үкімдерін де Құран кәрім мен хадис шәрифтерге сүйеніп шығарғанын Абдулғани Наблуси хазреттері айтқан.

Қазіргі төрт мазһаб имамынан басқа мазһаб имамдары да бар еді. Бірақ олардың мазһабын ұстанушылар азайып, қазір мүлдем қалмады. Сахабалардың барлығы үлкен ғалым және мүжтәһид еді. Әрқайсысы өз мазһабында еді. Бәрі мәлім болған мазһаб имамдарынан әлдеқайда үстем еді. Алайда олардың кітаптары болмағандықтан, мазһабтарының ұмытылғандығын Имам Шарани хазреттері айтқан.