10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   


Біз үшін дәлел не?

Сұрақ: Мазһабты мойындамайтын бір кісі «Дәлелін білмей тұрып бір ғалымға, бір мазһабқа мойынсұну жаиз емес, бұл харам және адасу болады» дейді. Сауатсыз адам дәлелден не түсіне алады?

Жауап: Мұхаммед Хадими хазреттері былай деген:

«Діндегі төрт дәлел мүжтәһидтер үшін. Ал біз үшін дәлел мазһабымыздың білдірген үкімдері. Өйткені біздер аят және хадистерден үкім шығара алмаймыз. Мазһабтың бір үкімі аятқа немесе хадиске сәйкес келмейтін секілді болып көрінсе де қате емес. Өйткені аят және хадистер ижтиһадты талап етуі мүмкін. Яки басқа бір аят немесе хадиспен өзгерген болуы мүмкін немесе біз білмейтін тәуилі бар деген сөз.» (Бәриқа 94 бет)

Расулуллаһтың білдіргендерінің хикметтерін, дәлелдерін түсінбесек те, барлығына иман етуіміз және тасдиқ етуіміз (қабылдауымыз, растауымыз) керек болғанындай, мазһаб имамдарымыздың білдірген үкімдерінің дәлелдерін түсінбесек те, барлығына иман етуіміз және тасдиқ етуіміз (қабылдауымыз, растауымыз) керек.

Табииндер сахабаларды тақлид ететін, жолын ұстанатын, дәлелдерін мүлдем сұрамайтын еді. Білмейтін адамның білетін адамнан сұрауы – дініміздің әмірі. “Нахл” сүресінің 43-аятында: «Білмесеңдер әһли зікірден (ғалымдардан) сұраңдар» делінген.

Сапарда бір кісінің басына тас түсіп, бас сүйегі жарылады. Ұйықтап жатып ихтилам (жүніп) болады да достарынан: “ғұсылдың орнына тәйәммум алсам бола ма?” деп сұрайды. Олар: “Болмайды. Су бар кезде тәйәммум алынбайды» дейді. Бұл адам ғұсыл аламын деп қайтыс болады. Болған жағдайды расулуллаһқа айтқандарында былай деді:

«Білмесе сұраулары керек еді? сауатсыздықтың емі – сұрау. Оған тәйәммум алуы жеткілікті еді. Жарасына бір мата таңып, үстіне мәсһ тартып, денесінің қалған бөлігін жуса да болатын еді.» (Әбу Дауд)

Бұл хадис шәрифте де білетіндерден сұрау керектігі, оларға ұйю керектігі әмір етілуде. Құран кәрімде былай делінген:

«Мұның үкімін пайғамбардан және улул-әмрден сұраcа үйренер еді.» (Ниса 83)

Аяти каримада өткен “улул-әмр” сөзінің ғалым деген сөз екені тәфсирлерде жазылған.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Улул-әмр – фиқһ ғалымдары.» (Дарими)

«Ғалымдарға бағыныңдар!» (Дәйләми)

«Білмегендеріңді салих ғалымдардан сұрап үйреніңдер!» (Табарани)

 

Сұрақ: Біз Ханафимыз. Ханафиде хадиске қайшы үкім көрсек істеуіміз керек?

Жауап: Кітаптарда былай делінген:

Мазһаб имамдары хадис шәрифке қайшы болған сөздер сөйлемейді. Олар – ғалымдар. Ойына келген нәрсені айтпайды.

Мысалы хадис шәрифте: «Фатихасыз намаз болмайды.» делінген. Алайда сырт көріністе Ханафи мазһабының ғалымдары бұл хадис шәрифке қайшы айтқандай, имамның артында фатиха оқуға тиым салған. Тахриман мәкрух, харамға жақын деген. Енді біз хадиспен амал етеміз деп Имам Ағзамның ижтиһадын қабыл етпейміз бе? Олай істесек мазһабсыз боламыз.

Имам Раббани хазреттері былай деген:

Намазда қыраат парыз және хадис шәрифте: «Фатихасыз намаз болмайды»делінген. Неліктен Ханафилердің хақиқи қыраатты (жамағаттың барлығының оқуын) қойып, хукми қыраатқа (имам ғана оқып, жамағаттың үндемеуіне) шешім қабылдауларының себебін түсіне алмадым.

Имамның артында үндемей тұруға қатысты анық дәлел таба алмадым. Соған қарамастан мазһабыма бағынып имамның артында “Фатиха” оқымадым. Өйткені, дәлелі әлсіз деп мазһабымның үкімімен амал етпеудің дінсіздік екенін білетін едім. Мазһабсыз болмау үшін Ханафи мазһабының үкіміне мойынсұнып, имамның артында “Фатиха” оқымадым. Соңында Аллаһу та’ала мазһабқа мойынсұнудың берекетімен Ханафи мазһабында имамға ұйыған жамағаттың қыраатты тәрк етулеріндегі ақиқатын көрсетті. Имам құдды жамағаттың тілімен оқитындай. Бұл мынаған ұқсайды: Бір ауылдың тұрғындары ортақ мәселе үшін ауыл әкіміне барлығы тікелей бармай, бірнеше адамнан құралған алқа құрады. Бұл алқаның да барлығы жамырап мәселені түсіндірулері дұрыс емес. Араларынан біреуді өкіл етіп тағайындайды. Өкіл барлығының атынан бір сөйлейді. Сайланған өкілдің жамағаттың хукми сөйлеуінің орнын басатындай түрде бір өзі сөйлеуі олардың жеке жеке хақиқи сөйлеуінен жақсы. Имам мен жамағаттың жағдайы да осындай.(Мәбде уә Мәад 30)

Имам Раббани хазреттері былай деген:

Мазһабтың үкіміне қайшы болған хадис шәрифтермен амал ету бізге жаиз емес. Мазһабымыздың үкіміне қайшы болып көрінген хадис шәрифтер ғалымдардың сөздерін жоққа шығару үшін дәлел және құжат бола алмайды. Бір Ханафидің имамның артында “Фатиха” оқуы мазһабтан шығу, дінсіздік деген сөз. (Мәктубат 312, Мәбде уә Мәад 31)

Төрт мазһабтың біріне мойынсұнбаған адам Әһли сүннеттен айрылады, адасады немесе кәпір болады. (Тахтауи)

Кифайа кітабында былай делінген:

«Мүжтәһид болмаған дін адамы хадис шәрифтен өз көзқарасы, өз түсінгені бойынша үкім шығарып, амал ете алмайды. Мүжтәһидтердің аяти карима мен хадис шәрифтерден түсініп шығарған фәтуасымен амал етуі керек. “Тақрир” кітабында да осылай жазылған.»