Еркектер намазы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пайғамбарымыз Мұхаммед (алейһиссалам) да: «Аллаһу та’ала құлдарына күнде бес уақыт намаз оқуларын әмiр еттi. Дұрыс дәрет алып, бес намазды уақытында оқыған, руку мен сәжделерiн толық орындаған пенделердің күнәларын Аллаһу та’ала кешiредi» - деп айтқан. Бес уақыт намаз 40 рәкаттан тұрады. Бұлардың 17-сі парыз, 3-і уәжiп, 20 рәкаты сүннет. Олар мына төмендегiдей: 1) Таң намазы: 4 рәкат. Алдымен 2 рәкат сүннетi, кейiн 2 рәкат парызы оқылады. Бұл екi рәкат сүннет ең қуатты сүннет болып саналады. Тiптi мұны уәжiп дегендер де бар. 2) Бесiн намазы: 10 рәкат (4 рәкат алғы сүннет, 4 рәкат парыз, 2 рәкат соңғы сүннет). 3) Екiндi намазы: 8 рәкат (4 рәкат сүннет, 4 рәкат парыз.) 4) Ақшам намазы: 5 рәкат (3 рәкат парыз, 2 рәкат сүннет.) 5) Құптан намазы: 13 рәкат (4 рәкат алғы сүннет, 4 рәкат парыз, 2 рәкат соңғы сүннет, 3 рәкат үтiр намазы). Екiндi мен құптан намаздарының алғы сүннеттерi ғайри муаккад сүннетке жатады. Бұлардың екiншi рәкатында отырғанда, “әттәхият”тан кейiн “Аллаһумма салли” және “Аллаһумма барик” дұғалары ақырына дейiн оқылады. Үшiншi рәкатқа тұрғанда, алдымен бисмиллаһ айтылмай тұрып, “Субханака” дұғасы оқылады. Ал, бесiн намазының алғашқы сүннетi Муәккад сүннет. Яғни қуатпен әмір етілген. Сондай-ақ бұл сүннеттiң сауабы да көп. Бiрiншi отырыста парыз намазындағыдай тек қана “Әттәхияту” оқылып кейiн үшiншi рәкатқа тұрады. Тұрғанда алдымен Бисмиллаһ айтылып кейiн “фатиха” сүресi оқылады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мәселен таң намазының сүннеті былай оқылады:
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сәлем бергеннен соң «Аллаһуммә әнтәс-сәлам уә минкас-сәлам табаракта я зәл жәлали уәл икрам»– дегеннен соң еш нәрсе сөйлеместен таң намазының парызын оқу үшiн орнынан тұрады. Өйткенi сүннет пен парыз намазының арасында сөйлеу намазды бұзбаса да сауабын азайтады. Намаздан кейін үш рет «Астағфируллаһ» дегеннен соң «Аятул курси» және отыз үш тәсбих (субханаллаһ), отыз үш тахмид (әлхамдүлиллаһ), отыз үш тәкбiр (Аллаһу әкбар) және бiр тахлил (Ла илаһә илләллаһу уаһдаһу ла шәрикә лаһ. Лаһул мүлкү уә лаһул хамду уа һуа ала кулли шайин қадир) оқылады. Бұларды әр кім өзі есітетіндей дауыспен оқиды. Дауыс шығарып оқу бидғат болады. Соңынан дұға етiледi. Дұғада ер кісілер қолдарын көкірек тұсына паралелл қылып көтереді. Шынтақтар бүгілмей алдына қарай созылады. Алақан іші көкке қаратылады. Өйткені намаздың қыбласы Қағба болғанындай, дұғаның қыбласы да аспан. Дұғадан соң «Субхана раббика…» аяты оқылып қолдармен бет сипалады. |