8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Әйелдерге және еркектерге ұқсау

Әйелдерге және еркектерге ұқсау

Сұрақ: Кейбір тойларда қызық болсын деп еркекке қыздың киімін кигізіп билетеді. Қыздарға да еркек киімін кигізеді. Бұлай жасау дұрыс па?

Жауап: Ойын үшін, әзіл үшін болса да ер адам зәруліксіз әйелдің киімін кимеу керек. Пайғамбарымыз еркекше киініп,  беліне қылыш таққан әйелді көргенде «Өзін еркектерге ұқсатқан әйелдерге және әйелдерге ұқсатқан еркектерге Аллаһ лағнет етсін!» деген. (Табарани)

Расулуллаһ алейһиссалам аяқ-қолдарына қына жағып әйелдерге ұқсауға тырысқан біреуді сүргүнге жіберген. (Әбу Дауд)

Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Ата-анасына қарсы болған, еркектерге ұқсауға тырысқан әйел және бұған рұқсат берген күйеуі жәннатқа кірмейді.» (Нәсаи)

Осы күнәларды немесе басқа үлкен күналарды істеген адам егер иманмен өлетін болса, күнәларының жазасын тартқаннан кейін жәннатқа кіреді.

Үлкен күнәларды үздіксіз істеп жүретін адамдардың иманды болып өлуі қиын. Сондықтан барлық күнәлардан қашу керек!

 

Еркектердің шаш өсіруі

Сұрақ: Еркектің әйелдер сияқты шашты ұзын қылып өсіріп, айылбас, алқа, білезік және сырға тағуы жаиз ба?

Жауап: Бұлардың барлығы әйелдерге ұқсау болып табылады, түбегейлі жаиз емес. Діни кітаптарда бұл жөнінде айтылған мағлұматтар мынадай:

"Әйелдің және еркектің шаш үлгісінде, киінуде қарсы жынысқа ұқсауға тырысуы харам болып табылады." (С.Әбәдийа)

"Еркектердің шаштарын өсіріп беттеріне түсіріп әйелдерге ұқсауы харам болады." (Хадиқа)

Сүйікті пайғамбарымыз былай деген:

«Еркекке ұқсауға тырысқан әйел, әйелге ұқсауға тырысқан еркек бізден емес.» (И.Ахмед)

Ұқсау ниеті болмаса да, еркектің мойнына алқа, қолына білезік және құлағына сырға тағуы әйелдерге ұқсау болып табылады және жаиз емес.

 

Бакенбарды өсіру

Сұрақ: С.Әбәдийа кітабында: «Әйелдерге ұқсау үшін сақал қыру, иегін қырып, жақтарына түсіріп өсіру харам. Әйелдерге ұқсауды көздемей, жас және әдемі көріну үшін сақал қыру мәкрух» делінген. Құлақтың астына дейін бакенбарды өсіру де мәкрух болады ма?

Жауап: Бакенбарды өсірген адам әйелдерге ұқсаған болмайды. Кітапта «Жақтарына түсіріп  өсіру» тіркесі өткен. Бакенбарды беттің сақал бітетін жерінде болады. Тек бакенбардының өзіне сақал делінбейді, бірақ сонда да бакенбарды өсіру дұрыс емес.

Еркектердің әйелдерге ұқсау ниетімен иықтарына дейін шаштарын өсіруі немесе буддист монахтарына ұқсау ниетімен шаштарын толығымен қырып тастауы мәкрух болып табылады. Мұндай ниет болмаса, мәкрух болмайды.

 

Қарсы жыныстың киімін кию

Сұрақ: Үйде намаз оқу секілді қандай-да бір қажеттілікпен ерлі-зайыптылардың бір-бірінің киімін киюі жаиз ба, қарсы жынысқа ұқсау болады ма?

Жауап: Жаиз болып табылады. Бір қажеттілікпен болса, зияны жоқ. Қарсы жынысқа ұқсау болмайды.