10 - Рамазан, 1442 жыл.
     22 - Сәуір, 2021 жыл.   



Фәр'и Мәдтер

1. Мәдд-и Мұттасыл:

"Харф-и мәд"-тен кейін бір сөзде,"сәбәб-и мәд"-тен болған "хамза" келсе, Мәдд-и Мұттасыл болады.

 

 

Мәдд-и Мұттасыл төрт әлиф ұзындығына созылады. Созылуы уәжіп болады.

 

2. Мәдд-и Мұнфасыл:

"Харф-и мәд"-тен кейін бөлек сөздерде "сәбәб-и мәд"-тен болған "хамза" келсе, Мәдд-и Мұнфасыл болады.

 

 

Мәдд-и Мұнфасыл да төрт әлиф ұзындығына созылады. созылуы уәжіп емес, жаиз.

 

3. Мәдд-и Лазым:

"Харф-и мәд"-тен кейін бір сөзде, "сәбәб-и мәд"-тен болған "лазым сүкін" келсе, Мәдд-и Лазым ортаға шығады.

 

 

Мәдд-и Лазым, төрт әлиф ұзындығына созылады. Созылуы уәжіп.

 

4. Мәдд-и Арыз:

"Харф-и мәд"-тен кейін бір сөде, "аризы сүкін" келсе, Мәдд-и Арыз пайда болады.

 

 

Мәдд-и Арыз'ды екі немесе төрт әлиф ұзындығына созу жаиз.

 

5. Мәдд-и Лиин:

"Харф-и лиин"нен кейін бір сөзде сәбәб-и мәд болып сүкін келсе Мәдд-и Лиин ортаға шығады.

Харф-и лиин, үстінде жәзм'і бар . Бірақ, оздерінен алдынғы әріптің фәтхалы болу шартыменен.

 

 

"Мәдд-и Лиин"-де, лиин әрібі созылады, хареке емес.

 

 

Ескерту: "Харф-и лиин"-нен кейін сәбәб-и мәд болып келген сүкін, аризы сүкін болса; бұл жағдайда мәдд-и лиин, мәдд-и арыз'ға ұқсайды.

"Харф-и лиин"-нен кейін сәбәб-и мәд болып келген сүкін, лазым сүкін болса; онда мәдд-и лиин, мәдд-и лазым'ға ұқсайды.