8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Өзге діндер / Хазреті Иса аспаннан түспейді ме?

Хазреті Иса аспаннан түспейді ме?

Сұрақ: Хазреті Иса өлтірілді ме, әлде аспанға көтерілді ме?

Жауап: Иса алейһиссалам өлтірілмеді, аспанға көтерілді. Аллаһу та'ала Нұх алейһиссаламды топаннан, Ибраһим алейһиссаламды оттан құтқарғанындай, Иса алейһиссаламды да яһудилердің қолынан құтқарды. Хазреті Исаға опасыздық жасап, орналасқан жерін хабарлаған мұнафиқ яһудиді хазреті Исаға ұқсатып, оны өлтірген. Құран кәрімде былай делінген:

«Яһудилер Исаны өлтіру үшін тұзақ құрды, ал Аллаһ олардың тұзақтарын бұзды. Аллаһ тұзақ құрғандардың, айлақорлыққа қарсы жаза беретіндердің ең күштісі, ең жақсысы.» (Али Имран 54)

«Аллаһ былай деген: Ей Иса, сені дәргейіме көтеремін.» (Али Имран 55)

«Аллаһтың расулы Мәриәм ұлы Исаны өлтірдік дегені үшін яһудилерді лағнеттедік. Олар Исаны өлтірмеді, аспады да. Өлтірілген адам оларға Иса сияқты болып көрсетілді.» (Ниса 157)

«Дұрысы, Аллаһ оны (Иса алейһиссаламды) өз дәргейіне көтерген.» (Ниса 158)

 

Сұрақ: Иса алейһиссаламның өлгендігі Али Имран сүресінің 55-ші аятында жазулы емес пе?

Жауап: Зия ул-қулуб кітабында былай делінген:

Али Имран сүресінің 55-ші аятының мағынасында былай делінеді:

«(Есіңе түсір) Аллаһ Исаға мен сені міндетті түрде жерден (ең кәміл түрде) алып, періштелердің дәргейіне көтеремін (деді)»

Бұл сөз – сипат, Мутәуәффика, яғни сені өлтіремін деген мағынада емес.

(Әл мунжид сөздік кітабында тәуәффа сөзіне Хаққын толық қылып алу деген мағына берілген. Бұл оның құрметіне лайық болғанды беру деген сөз. Өлтіру мағынасында идиома ретінде (ауыспалы мағынада) қолданылуда.)

Яғни бұл аяти кариманың мағынасы: «Мен сені өлтіремін және көтеремін» емес, «Мен сенің құрметіңе лайық болғанды істеймін, періштелердің мақамына көтеремін» деген сөз.

Аллаһу та'ала қаласа көтереді. Аллаһу та'ала Иса алейһиссаламды көтеруді қалады және көтерді. Яһудилер тарапынан өлтірілуін қаламады және ағашқа басқа адамды кергізді, Оны өлтірмеді. Осы себептен, кейбір тәфсир ғалымдары тәуәффи сөзіне "алу" мағынасын беріп, яһудилердің өлтіруінен қорғау үшін жерден сені кәмілдікпен алып қабылдаймын деген мағынамен түсіндірген.

 

Сұрақ: Польшалық яһудилік сенімінен бас тартқан М.Әсәдтің ғаламтордағы мына сұрақтарына жауап бересіз бе?

1)  Исаның қайтадан дүниеге келуі Құранға қайшы келмейді ме? Соңғы пайғамбар болған Мұхаммедтен кейін Иса келмейді. Егер келсе, соңғы пайғамбар Иса болмайды ма? Егер Иса пайғамбар ретінде келмейді делінсе, онда Исаның пайғамбарлығы жоққа шығарылған болмайды ма?

Жауап: Мұсылман адам Иса немесе Мұхаммед деп сөйлемейді. "Алейһиссалам" дейді немесе ең аз дегенде "Хазреті" сөзін қолданады. Бұл сөздері оның ескі дінінен бас тартпағандығын, яғни яһудилікті жалғастырып жатқанын көрсетпейді ме? Хазреті Иса соңғы пайғамбар ретінде емес, соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламның дініне қызмет ету мақсатымен келген пайғамбар ретінде келеді. Бір пайғамбар басқа пайғамбардың дінін жаюы мүмкін. Мысалы Харун алейһиссалам Мұса алейһиссаламның дінін, Яхйа алейһиссалам хазреті Исаның дінін жаю мақсатымен пайғамбар ретінде жіберілген.

 

Сұрақ: 2) Иса келгенде Құранды жоққа шығармайды, демек өзінің пайғамбар екенін білдіретін аяттарға да сенеді. Бұл жағдайда Мұхаммедтің соңғы пайғамбар болуын жоққа шығарған болмайды ма?

Жауап: Хазреті Иса өзінің пайғамбар екенін несіне жоққа шығарады? «Мен Аллаһтың пайғамбары Исамын, соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламның дініне қызмет ету үшін Аллаһу та'ала мені жіберді» дейді.

 

Сұрақ: 3) Сендердің хадис кітаптарың білдіргендей Иса дүниеге қайтадан келсе, өзінің пайғамбар екеніне қатысты Құран аяттарына сенеді ме?

Жауап: "Сендердің хадис кітаптарың" депсіз, хадис кітаптары сізге қадірлі емес пе сонда? Аллаһты қабыл еткен адам Расулының сөздерін қабылдамайды ма? Сенің шын мәнінде яһудиліктен шықпағандығың белгілі болды. Хазреті Иса Құран аяттарына неге сенбесін? Оларды жаю үшін келеді.

 

Сұрақ: 4) Иса пайғамбар дүниеге қайтадан келсе, Мұхаммед соңғы пайғамбар атағын қорғай алады ма?

Жауап: Одан да қатты күшейеді. «Соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламның дінін жаю мақсатымен келдім» деуі Ислам дініне қызмет етуі, өзіне, анасына және ұлы Аллаһқа айтылған жалаларға тікелей өзі жауап беруі Құран кәрімнің дұрыстығының дәлелденуіне себеп болады.

 

Сұрақ: 5) Иса келгенде кейбір харамдардың халал етілетіндігіне қатысты хадистерге не дейсіз?

Жауап: Ондай хадис жоқ. Ислам дініне сай үкім беріледі. Дініміздегі төрт дәлелден екіншісі болған хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһқа ант етемін, Мәрйәмнің ұлы Иса әділ басқарушы болып араларыңа түседі, крестті сындырады, шошқаны өлтіреді, салықты алып тастайды, Исламнан басқа нәрселерді қабылдамайды. Мал-мүлік көп болатыны соншалық, ешкім бұрылып қарамайды да.» (Бұхари)

«Иса – әділ басқарушы болып түскен кезінде кек, жек көрушілік және көре алмаушылық жойылады.» (Мүслим)

«Дәжжал шыққанда Иса келеді, Дәжжал құртылады, бұдан кейін екі адамның арасында дұшпандық болмайды.» (Мүслим)

«Асхаби Кәһф Мәһдидің көмекшілері болады және Иса оның заманында аспаннан түседі. Иса Дәжжалмен соғысқанда Мәһди онымен бірге болады. Оның басқару заманында, әрдайым болатын қалыпты жағдайға қайшы және есепке теріс болып, Рамазан айының 14-ші күні күн және алғашқы түнінде ай тұтылады.» (Имам Суюти)

(Анықтама: Хадис шәрифтерде өткен «Шошқаны өлтіреді» сөзі, шошқа аулауға шығады деген сөз емес. «Шошқа етіне тыйым салады» деген сөз. Крестті сындырады, яғни Христиандықты жояды. Басқа бір хадис шәрифте «Мизмарларды сындырады» делінген. Яғни сазды аспаптардың барлық түріне тыйым салады.)

 

Сұрақ: Иса алейһиссалам нәби ме, расул ма?

Жауап: Иса алейһиссалам әрі расул, әрі нәби еді. Онсыз да кітап жіберілген расулдар, сонымен қатар нәби де болады. Пайғамбарымыз алейһиссалам да әрі расул, әрі нәби.