8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Экстракорпоральді ұрықтандыру

Экстракорпоральді ұрықтандыру

Сұрақ: Экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКО) жолымен балалы болу жаиз ба?

Жауап: Бала-шағасы болмаған ерлі-зайыптылардың Силсиле-и алийаны (ұлы Ислам ғұламаларын) арашы қылып дұға етуі және белгілі себептерге жабысуы керек. Ұрықтар некедегі ерлі-зайыптылардан алынып, харам істелмей жасалатын болса, экстракорпоральді ұрықтандыру жаиз болады. (И.Ахлақы)

Бұл процессті еркек дәрігерге жасату жаиз (рұқсат) болмайды. Себебі, балалы болу зәрулік емес, әрі әйел дәрігер табуға мүмкіндік бар.

 

Суррогатты ана

Сұрақ: Суррогатты ана болу жаиз ба?

Жауап: Жоқ, жаиз емес. С.Әбәдийа кітабында былай делінеді: «Еркектің мәниін (ұрығын) түтікке немесе басқа бір нәрсенің ішінде бөтен әйелдің жатырына салып, баланың пайда болуына себепші болу харам болып табылады. Пайда болған бала уәләди зина (зинадан туылған бала) болады.

 

Жыныс анықтау

Сұрақ: Бала туылмай тұрып жынысын анықтауда, «ЭКО» жолымен балалы болуда діни тұрғыдан зияны бар ма?

Жауап: Жоқ, бұл амалдардың өздері зиянды емес. Алайда бұларды істеген кезде күнә араластырмау керек.