Әйел-еркек және ана
Сұрақ: Аят пен хадисте ана ақысының өте маңызды екені, осы тұрғыдан әйелдің еркектен үстем екені айтылады. Үстемдіктің адамның жынысына қатысы бар ма? Жауап: Дінімізде ұлт, нәсіл және жыныс үстемдігі жоқ. Үстемдік тақуалыққа, Аллаһ алдындағы дәрежесіне қарай белгіленеді. Мұсылман болған қара нәсілді бір әйел мұсылман болмаған ақ нәсілді корольден әлдеқайда үстем. Тіпті салыстыруға да келмейді. Бірі мәңгі жәннаттық болса, екіншісі мәңгі тозақтық. Ана ақысы өте маңызды. Анаға құрмет және қызмет әкеге қызметтен бұрын тұрады. Біреу сұрады: - Йа, Расулаллаһ, адамдар арасында құрметтеуім ең лайықты болған кім? - Анаң. - Кейін ше? - Анаң. - Одан кейін ше? - Әкең. (Бұхари, Мүслим)
Басқа бір хадис шәрифте де: «Әуелі анаңа, кейін әкеңе, қыз бауырыңа, еркек бауырыңа және ретімен басқа туысқандарыңа жақсылық жаса!» делінген. (Нәсаи)
Үстемдік пен ақы Үстемдік басқа, ақысының болуы, жақсылыққа лайықты болуы басқа. Ана, тіпті кәпір болса да, оған жақсылық жасау керек! Бір адам: «Йа, Расулаллаһ, анам мүшрик. Оған жақсылық жасауыма болады ма?» деп сұрағанда, пайғамбарымыз алейһиссалам: «Иә, анаңа жақсылық жаса және сый-сияпат көрсет!» деді. (Әбу Дауд) Әр пайғамбар өз анасынан да үстем. Бұған қарамастан пайғамбарлар да өз аналарына құрмет көрсеткен және қызмет еткен. Өйткені ананың ақысы бар, ол қызметке және құрметке лайықты. Ақысының болуы, қызметке және құрметке лайықты болуы басқа, үстем болу басқа. Бір кісі сұрады: - Йа, Расулаллаһ, жиһадқа барғым келеді. - Анаң бар ма? - Иә, бар. - Оған қызмет ет, жәннатқа оны разы қылу арқылы қол жеткізесің! (Табарани) Жиһадқа (әскерге) бару үшін келген басқа біреуге де «Анаңның қасынан айрылма! Жәннат оның аяғының астында» деді. (Нәсаи) Ақыға ие болу үстем болуды талап етпейді. Хадис шәрифте «Адамдар арасында ең үлкен ақыға ие болғандар: еркек үшін анасы, әйел үшін күйеуі» делінген. (Хаким) Ата-ананың баласының алдында ақысы бар болғанындай, баланың да ата-анасының алдында ақысы бар. Еркектің әйелінің алдында ақысы бар болғанындай, әйелдің де күйеуінің алдында ақысы бар. Бірақ ата-ана ақысы және күйеу ақысы бұрын тұрады. Бұл маңыздылық үстем болуды көрсетпейді. Бұл жерден «Ислам діні перзентке және әйелге құқық бермейді» деп айту жала жабуға жатады. Кімнің иманы күштірек, кім Аллаһу та'аланың әмірлеріне көбірек мән беретін болса, сол үстем. (К.Саадат) |