10 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     13 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Жәннаттың кілті

Жәннаттың кілті

Сұрақ: Жәннаттың кілттері қандай?

Жауап: Жәннаттың кілттері көп. Бірінші кілті – иман мен намаз. Бірнеше хадис шәриф мағынасы мынадай:

«Дұға – мейірімнің кілті, дәрет – намаздың кілті, ал намаз – жәннаттың кілті.» (Дәйләми)

«Жәннаттың кілті – намаз.» (Дәйләми, Дарими)

«Лә илаһа иллаллаһ – жәннаттың кілті.» (И.Ахмед)

«Қылыш – жәннаттың кілті.» (И.Асакир)

«Жәннаттың кілті – "Лә илаһа иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ" деп айту.»

«Әр нәрсенің бір кілті бар, жәннаттың кілті – кедейлерді жақсы көру.» (Ибн Лал, И.Суюти)

Сегіз жәннаттың сегіз есігі және сегіз кілті бар. Біріншісі, бес уақыт намаз оқыған мүминдердің иманы. Екіншісі, Бисмиллаһ сөзі. Алтауы, Фатиха сүресінің ішінде. (Ислам Ахлақы)

Фатиха сүресінде алты аяти карима бар. Әр намазда Фатиха сүресін оқимыз. Мұсылман намазға тұрған кезінде жәннаттың сегіз есігі ашылады. Намазда әр рәкатта Бисмиллаһ оқылады. Бисмиллаһ сөзі де – кілт. Қалған алтауы Фатиха сүресінде жасырылған. Әр намазда және әр рәкатта Фатиха сүресі бар. Мұсылман намазға тұрған кезінде сегіз жәннаттың сегіз есігі ашылады. Намаз оқымастан жәннатқа кіретінін ойлау ақылды адамның ісі емес.

 

Сұрақ: «Жәннаттың кілті ғибадат емес, иман» дегенді естідім. Алайда Ислам Ахлақы кітабындағы бір хадисте: «Жәннаттың кілті – намаз» делінген. Тағы хадис шәрифтерде: «Кедейлерді жақсы көру – жәннаттың кілті» және «Қылыш – жәннаттың кілті» делінген. Намаз оқу, кедейлерді жақсы көру ғибадат саналғандықтан, «Жәннаттың кілті – иман» деп айту дұрыс болады ма?

Жауап: Дінімізде бір қағида бар. Шартсыз білдірілген хабарларда кейбір шарттар болады. Әсіресе хадис шәрифтер түсіндірмелерімен бірге алынбаса, қателесуге себеп болады. «Лә илаһа иллаллаһ – жәннаттың кілті» және «Жәннаттың кілті – "Лә илаһа иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ" деп айту» хадис шәрифтері де жәннат кілтінің иман екенін көрсетуде.

Мизрақлы илмихалдың аты «Мифтаһ-ул-Жәннат», яғни жәннаттың кілті. Бұл кітапта иман және амал білімдері бар. Жалғыз иманмен жәннатқа кіру мүмкін болғанымен, жалғыз амалмен жәннатқа кіру мүмкін емес. Амалсыз иман қабыл болады, ал имансыз амал қабыл болмайды. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ешкім ғибадаты себебімен жәннатқа кіре алмайды» деген. Иманы бар болған адамның ғибадаты аз болса да, көп болса да, жәннатқа Аллаһу та'аланың мейірімі және сияпаты арқылы кіреді. Мейірім мен сияпатқа қауышу үшін иманды болу шарт. Иманды сақтап қала алу үшін ғибадатқа да қажеттілік бар. Ғибадат етпей күнәға батқан адамның иманын қорғауы мүмкін емес дейтіндей қиын. Өйткені харамдар адамды күпірге жетелейді. Иманды қорғау үшін намаз өте қажет. Намаз оқымау – ең үлкен күнәлардың бірі. Осы себептен сүйікті пайғамбарымыз «Жәннаттың кілті – намаз» деген. «Қылыш – жәннаттың кілті» деп айтуы да дінді, иманды қорғау үшін күресудің, яғни әмри маруфтың (дінді уағыздаудың) парыз екенін көрсетуде. Кедейді кедей болғаны үшін жақсы көрмеу тәкәппарлықтан туындайды. Тәкаппарлардың орны – тозақ. Шайтан тәкәппарланды да, кәпір болды. Мүшриктер тәкәппарлықтары себебінен иман келтірмеді. Тәкәппарлық – барлық қайырға тосқауыл.

Жоғарыда білдірілген намаз, тәкәппарсыздық және күресу амалға жататын болса да, иманға қатысты болғандықтан және иманды қауіпке түсіріп, кәпір қылатындықтан, бұларға жәннаттың кілті делінген.