10 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     13 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Әкенің жауапкершілігі

Әкенің жауапкершілігі

Сұрақ: Әке баласына қай жасқа дейін жауапкер болады?

Жауап: Ұл баласына ақылы кіріп, балиғатқа толғанға дейін, ал қызына тұрмыс құрғанға (күйеуге шыққанға) дейін жауапкер.

 

Баласын үйлендіру

Сұрақ: Әке баласын үйлендіруге мәжбүр ме, міндетті ме?

Жауап: Әке баласын үйлендіруге мәжбүр емес. Ұл бала ақылы кіріп, балиғатқа жеткеннен кейін әкесінің жауапкершілігінен шығады. Кедей баласын үйлендіру бай әкесіне уәжіп. (Уйун-ул-бәсаир)

Хадис шәрифте былай делінген:

«Балаға жақсы есім қою, дінін үйрету және уақыты келгенде үйлендіру баланың әкесінің мойнындағы ақысынан саналады.» (Әбу Нуайм)