9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Білім адамды тәкәппар қылады ма?

Білім адамды тәкәппар қылады ма?

Сұрақ: Бір адам діни білім алып, кейін өзін өзгелерден үстем санаса, ондай адамның емделуі, бұл құлықтан құтылуы мүмкін бе?

Жауап: Бұл тақырыпта "Бәриқа"дан алынып, "Ислам Ахлақы" кітабында былай жазылған:

«Білім тәкәппарлыққа себеп болуымен қатар, тәкәппарлықтан құтылудың шарасы (емі) да білім болып табылады. Тәкәппарлыққа себеп болған білімнің емі өте қиын. Өйткені, білім өте құнды нәрсе. Сондықтан, білім иесі өзін жоғары және құрметті, абыройлы деп санайды. Ондай адамның біліміне надандық деп айтқан дұрысырақ болады. Шынайы білім адамға өзінің әлсіздігін, кемшілігін және Раббының үстемдігін, ұлылығын көрсетеді. Жаратушысына деген қорқынышын және құлдарға деген қарапайымдылығын арттырады. Құлдардың ақыларына мән беретін болады. Осындай білімді үйрету және үйрену парыз. Бұл «Илми нафи» (пайдалы ілім) деп аталады. Бұл білім ықыласпен ғибадат жасауға себеп болады. Тәкәппарлыққа себеп болатын білімнің емі екі нәрсені білу арқылы іске асады:

Біріншісі, білімнің құнды, қадірлі болуы салих ниетке байланысты. Білімді сауатсыздықтан және нәпсінің қалауынан құтылу үшін үйрену қажет. Имам болу, муфти болу, дін ғұламасы ретінде танылу үшін үйренбеген жөн.

Екіншісі, білімімен амал ету және өзгелерге үйрету керек, бұл екі нәрсені ықыласпен жасау қажет. Амалмен және ықыласпен болмаған білім зиянды болады. Хадис шәрифте: «Аллаһ үшін болмаған білім иесі тозақта оттың үстіне отырғызылады» делінген. Мал-мүлік, атақ-даңқ, абырой үшін білім иесі болу осыған жатады. Дүниелікке қолжеткізу үшін білім үйрену, яғни дінді дүниелік алуға құрал қылу алтын қасықпен нәжіс жеуге ұқсайды. Дінді дүниелік табысқа құрал қылғандар дін ұрыларына жатады. Хадис шәрифте: «Діни білімдерін дүниелік табу үшін қолданғандар жәннаттың иісін де сезе алмайды» делінген.

Жаратылыстану ғылымдарын дүниелік табыс үшін үйрену рұқсат, тіпті қажет деуге болады. Хадис шәрифте: «Бұл үмбеттің ғалымдары екі түрлі: Біріншілері, білімдерімен адамдарға пайдалы болады. Олар адамдардан ешнәрсе күтпейді. Ондай адамға теңіздегі балықтар және жер бетіндегі жануарлар мен аспандағы құстар дұға етеді. Білімінің өзгелерге пайдасы тимегендерге, білімін дүниелік табу үшін қолданғандарға қияметте тозақта оттан жасалған жүген тағылады» делінді.»