8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   


Шабан айы

Дініміз білдірген қасиетті айлардың екіншісі – Шабан айы. Аллаһу та’ала құлдарына аса мейірім танытқандықтан, тіпті ананың баласына деген мейірімінен де артық мейірімді болғандықтан, кейбір күндер мен кейбір айларды қасиетті қылған.

Бұл қасиетті айлар мен күндердегі ғибадаттарға, жақсылықтарға өте көп сауап беретінін білдірген. Сондықтан бұл күндері тәубе етіп, истиғфар айту керек, дұға етіп, жалбарыну керек, бұл күндерді үлкен мүмкіншілік деп білу керек.

Біз үшін үлкен мүмкіншілік болған қасиетті айлардың бірі – Шабан айы. Аллаһу та’ала Шабан айын пайғамбарымызға тән қылған. Хадис шәрифтерде бұл айдың маңызы былай білдірілген:

«Шабан шәриф менің өзіме тән болған ай. Хақ та’ала Арштың періштелеріне былай деп бұйырады: “Ей менің періштелерім, көрдіңдер ме, менің құлдарым хабибімнің (сүйіктімнің) айына қалай тағзым және құрмет көрсетуде. Ұлылығымның, құдыретімнің хаққы үшін, мен де құлдарымды кешіріміме қауыштырдым.”»

«Шабан менің айым, Ражаб Аллаһу та’аланың айы, Ал Рамазан менің үмметімнің айы. Шабан айы күнәларға кәффарат айы, ал рамазан күнәлардан тазалаушы ай болып табылады.»

Шабан айында күші жететін, мүмкіншілігі бар адамның ораза тұтуының үлкен сауап екендігі білдірілген. Бірақ бұл оразаларды тұтқанда харамнан, күнә істеуден де қатты сақтану керек.

Табыстарғамұқият болу керек, халал жолмен табу керек. Бұл айда ораза тұтуға күші жетпейтін адамның немесе ауыр жұмыс иелерінің рамазан айына күш-қуатпен кіруі үшін ораза тұтпағаны жақсы болады. Өйткені рамазан айының оразасы парыз. Нәпіл ораза ұстаймын деп, парыз оразаны қолдан жіберіп алмау керек.

Қаза оразасы барлар бұл айда тұтатын оразаларына қаза деп ниет етуі керек. Осылайша әрі қазасы өтелген болады, әрі бұл айда ораза тұтудың сауабына да қауышқан болады.

Шабан айында ораза тұтудың сауабы былай білдірілген:

«Кімде-кім, Шабан айында үш күн ораза тұтса, Хақ та’ала жаннаттан оған бір орын дайындайды.»

«Кімде-кім, Шабан айында бір күн ораза тұтса, ол құл жаһаннам азабынан құтылып, дүние және ахырет үшін қалаған мәртебе және дәрежеге қауышады. Егер екі күн тұтса, қабірде бір періште оған жолдас болады. Егер үш күн тұтса, Хақ та’ала ол құлды қиямет күнінде әулиелердің қасына қосып, жаннатта ол құлына жамалын көруді нәсіп етеді.»

«Шабан айы – ражаб айы мен рамазан айының ортасындағы ай. Адамдар бұл айдың үстемдігінен ғапыл (хабарсыз). Ал негізінде шабан айында құлдардың амалы Аллаһу та’аланың дәргейіне шығарылады. Мен шабан айында ораза тұтқан күйде амалдарымның шығарылуын қалаймын.»

 

Расулуллаһ алейһиссалам ең көп шабан айында ораза тұтатын еді

Шабан айының басым бөлігін, тіпті толығын оразамен өткізу өте жақсы болады. Пайғамбарымыз басқа айларға қарағанда шабан айында көп ораза тұтатын еді. Хазреті Айша анамыз былай дейді:

«Расулуллаһтың ешбір айда шабан айынан да көп ораза тұтқанын көрмедім. Бұл айдың түгелге жуығын оразамен өткізетін.»

Рамазаннан кейінгі ең қадірлі, ең құнды оразаның қайбірі екені сұралғанда, пайғамбарымыз «Шабан айында тұтылған ораза» деді.

Аллаһу та’ала күнәларды кешіру үшін осындай қасиетті айларды, күндерді және түндерді себеп қылып жаратқан. Аллаһу та’аланың осы ниғметінен пайдалануға тырысу керек! Мүмкіншілікті қолдан жібермеу керек.

Шабан айы жақсылықтардың көбейетін, береке жауатын, қателердің жойылып, күнәлардың перделенетін айы. Кейбір ғалымдар былай деген: «Жыл, ағаш секілді. Ражаб айы ағаштың жапырақ жайатын, шабан айы жеміс беретін, ал рамазан айы жемістердің жиналатын айы. Ражаб кешірім айы, шабан шапағат айы, рамазан сауаптардың қаншама еселеніп көбейетін айы.»

Айша анамыз «Ей Расулаллаһ, сенің шабан айында ораза тұтып жүргеніңді көремін, мұның хикметі неде?» деп сұрағанында, пайғамбарымыз «Ей Айша, шабан өте үстем ай, ол жылдың ішінде өлетін адамдардың есімдері дәптерге жазылып жан алушы періштеге беріледі. Мен ораза тұтып жүрген күйде есімімнің дәптерге түсуін қалаймын.» дейді.

Тағы бір ретінде пайғамбарымыз «Шабан айының соңғы дүйсенбі күні ораза тұтқан адамның күнәлары кешіріледі» деп бұйырған.

 

Шабан – салауат айы

Шабан айы өте үстем ай. Бұл айда жақсылықтарға жол ашылады, береке жауады, қателер жойылады, күнәлар перделенеді. Бұл айда пайғамбарымызға көп салауат айту керек. Шабан айы – пайғамбарымызға салауат айту айы. Аллаһу та’ала Ахзаб сүресінің 56-шы аятында «Әлбетте Аллаһу та’ала және періштелері пайғамбарына салат (салауат) айтады. Ей иман келтіргендер! Сендер де оған салат және сәлем (салауат) оқыңдар» деп бұйырған.

Расулуллаһ алейһиссалам «Кімде-кім, маған бір рет салауат оқыса, Аллаһу та’ала оған он салат етеді, яғни оған рахметін (мейірімін) жаудырады» деп бұйырды. Ғафлеттен (қараңғылықтан) оянып, тәубе, истиғфар айту керек және осылайша рамазан айына дайындалу керек. Ақылды болған әрбір мұсылманның шабан айында көзі ашық болуы, күнәлардан ұзақ болып, бұрынғы істеген күнәлары үшін тәубе, истиғфар оқып, рамазан айына дайындалуы және шабан айында Аллаһу та’алаға сиынып жалбарынуы, бұл айдың иесі болған Мұхаммед “саллаллаһу алейһи уәсәлләмнің” себебімен Аллаһу та’алаға қауышуға тырысу керек. Осы себептен, пайғамбарымызға көп салауат айту керек.