7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Үйленгенге дейін не істеу керек

Үйленгенге дейін не істеу керек

Сұрақ: Әлі үйленбеген жігіт, күнә істемеу үшін не істеуі керек? Үйленетін кезде қыздың қандай қасиеттеріне мән беру керек? Ахирет бақыты үшін байлық шарт па?

Жауап: Үйленгенге дейін жиі-жиі ораза ұстағаныңыз жақсы болады. Өйткені пайғамбарымыз алейһиссалам «Үйленуге күші жететін үйленсін! Үйлену көзді харамнан сақтайды. Кез-келген бір себеппен үйлене алмаған адам ораза тұтсын! Өйткені, ораза шахуатты сындырады» деген. (Зия)

Үйленер кезде салиха (діндар, жақсы) қызды іздеу керек. Хадис шәрифте былай делінеді: «Салиха әйелге қауышқан адам дінінің жартысын қорғаған болады. Қалған жартысында Аллаһтан қорқсын.» (Табарани)

Ахиреттің бақыты үшін байлық шарт емес. Бір адам пайғамбарымызға намаз бен оразадан басқа ғибадат жасай алмай жүргенін, ақшасы болмағандықтан зекет, садақа, бере алмайтынын және қажылыққа бара алмай жүргенін, жақсылық жасай алмай жүргенін айтып, жағдайының не болатынын сұрағанда пайғамбарымыз: «Егер көңіліңді рия мен хаседтен (көре алмаушылықтан), тіліңді ғайбат пен өтіріктен, көзіңді намахремнен және адамдарға жақтырмай қараудан сақтасаң, жаннатта менімен бірге боласың» деді.

Мұсылман жігіттің менің үйленетін уақытым жетті деп айта алуы үшін әуелі дінін жақсылап үйреніп алуы керек. Одан кейін, сүннетті орындау ниетімен үйленуі керек. Әдепті, иманды, ибалы, дінін, иманын, исламның шарттарын үйренген, ислам дініне мойынсұнатын, көшеде жүргенде исламның әмір еткеніндей киінетін қызбен үйленуі керек. Дінін ұстанатын, пәк қыз іздеу керек. «Жаман болса да ақшасы, байлығы бар, сұлу болса болды» демеу керек. Байлығымен сұлулығы үшін ар-намысты және діндарлықты қолдан жіберіп алмау керек!