8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Кәрілік ниғметі

Кәрілік ниғметі

Сұрақ: Мұсылман болып қартаю өте құнды делінеді. Осы тұрғыда түсініктеме бересіз бе?

Жауап: Мұсылман – ниғметтерге бөленген адам деген сөз. Бір адамның мұсылман болып шашын ағартуы өте үлкен ниғмет. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’ала былай деген:  Қарттық – менің нұрым. Нұрыма жаһаннам отымен азап етуге ұяламын. Сендер де менен ұялыңдар!» (Әбушшәйһ)

«Хақ та’ала мұсылман болып қартайғандарға азап беруге ұялады.» (Хатиб)

«Аллаһу та’ала 40 жасына келген мұсылманды алжығандық, алапес, ақдақ сияқты аурулардан сақтайды. 50 жасына келгенде есебін жеңілдетеді. 60-қа жеткенде оны жомарттығымен ризықтандырады. 70-ке келгенде көктегілерге оны жақсы көргізеді. 80-ге келгенде жақсылықтарының ақысын береді, жамандықтарын кешіреді. 90 жасына жеткенде оның өткен және келетін күнәларын мағфирет етеді (кешіреді) және оны өз отбасына шапағатшы етеді. Жаршы оны "Бұл адам дүниеде Аллаһу та’аланың қамқорлығына кірген адам" деп жариялайды.» (Әбу Яла)

«Мұсылман болып қартайған адамға құрмет көрсеткен адам Нұх алейһиссаламға құрмет еткендей сауап алады. Нұх алейһиссаламға құрмет еткен адам да Аллаһу та’алаға құрмет еткен болады.» (Хатиб)

«Тәкбір, тахмид, тәсбих және тәһлил себебімен, мұсылман болып қартайған бір мүминнен абзал ешкім жоқ.» (И.Ахмед)

(Тәкбір – Аллаһу әкбар, тахмид - Әлхамдулиллаһ, тәсбих – Субханаллаһ, ал тәһлил – лә илаһә иллаллаһ деген сөз.)

«Аллаһу та’ала ант етіп "Мұсылман болып қартайған адамға азап беруге ұяламын" деді.» Расулуллаһтың жылағаны байқалды. Себебі сұралған кезде, «Аллаһу та’ала одан ұялып тұрғанда, Одан ұялмайтын адамдарды ойлап жылап жатырмын» деді. (Бәйһақи)

(Бұл жерде білдірілгендер құл ақысы мен парыз қарызынан басқа күнәлар үшін айтылған.)

 

Сұрақ: Кәрілігімізді көрсетпеу үшін ағарған шашымызды бояу немесе сол шаштарды жұлу жаиз ба?

Жауап: Бір адамның мұсылман болып шашын ағартқаны жақсы. Хадис шәрифте былай делінген:

«Ағарған шаштарды жұлмаңдар! Өйткені бір адамның мұсылман болып ағарған әр қылы қияметте ол үшін нұр болады. Сол қылдың себебімен бір күнәсы кешіріледі, бір сауап жазылады.» (Тирмизи)

«Ағарған шаштарды жұлмаңдар! Ол мұсылманның нұры.» (Тирмизи)

«Кәрілікті жасыру үшін жұлынған ақ шаштар қияметте оған бататын сүңгіге айналады.» (Дәйләми)

«Шашын, сақалын мұсылман болып ағартқан адам Аллаһтың кешіріміне бөленеді.» (М.Раббани)

Мұсылман болып қартаю адам үшін осындай үлкен ниғметке айналып тұрған кезде, ешқандай зәрулік болмаса, шаштарын бояуы жақсы емес. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’ала қияметте шашын, сақалын қараға бояған адамның жүзіне қарамайды.» (Ибн Саид)

«Шашын, сақалын жұлған немесе қараға бояған адамның Аллаһ алдында нәсібі жоқ.» (Табарани)

Ислам ғалымдары еркектердің шашын, сақалын қарадан басқа түске бояуларының жаиз екенін білдірген. Тіпті жамал үшін қараға да бояудың жаиз екенін білдірген ғалымдар бар. Хадис шәрифте: «Аллаһ жәмил (көркем), жамал иелерін жақсы көреді» деген. Тәкәппарлану үшін киіну немесе осы мақсатта шашын бояу харам. Жамал үшін болса жаиз. Жамал – ұсқынсыздықты кетіру, басқалардың жіиркенуіне себеп болатын нәрселерді жасамау, бұларды жоқ қылу деген сөз. (Хадиқа, Әнуар, Бахр)