11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   


Ақаид

Ақидалар (сенімдер). Ақида сөзінің көпше түрі. Ислам дініндегі сенілуі керек болған нәрселер, иман ілімдері.  

Ақылды және балиғат жасына толған (жыныстық жағынан ер жеткен) еркек және әйелдің бірінші міндеті Әһли сүннет ғұламаларының жазған ақаид (сенім) білімдерін үйрену және соларға сәйкес сену болып табылады. Қияметте жаһаннам азабынан құтылу олардың білдіргендеріне сәйкес сенуге байланысты. (Имам Раббани)

Әһли сүннеттің ақаидта (ақидада) екі мазһабы бар:

1) Матуридийа мазһабы.

2) Әшарийа мазһабы.

Біріншісінің имамы Әбу Мансур Матуриди, екіншісінің имамы Әбул Хасан Әшари хазреттері. Бұл екі имамның білдірген иман негіздері бірдей болып, араларында тек түсіндіру тәсілі, басқа тұрғыдан алып қараудан туындаған бiр-екі қарапайым айырмашылық бар. (Ташкөпрүзада)