20 - Зүл-қада, 1440 жыл.
     23 - Шілде, 2019 жыл.   



Дәрет

Намаз және басқа да бір қатар ғибадаттардың орындалуы үшін бетті, екі қолды шынтақпен қоса жуу, бастың төрттен бір бөлігін мәсһ ету және аяқты тобықтармен қосып жуудан тұратын тазалық түрі. Намаздың сыртындағы парыздарының бірі.

Дәрет алу Құран кәрімдегі мына аяти кәримамен парыз етілген:

«Ей иман келтіргендер! Намазға тұрар кездеріңде беттеріңді және шынтақтарыңмен қоса қолдарыңды және бастарыңды мәсһ етіңдер және тобықтармен қоса аяқтарыңды жуыңдар.» (Маида сүресі 6)

«Кімде кім дәрет алғаннан кейін, маған он рет салауат айтса, Хақ та’ала ол кісінің қайғысын кетіріп, көңілін көтереді, дұғасын қабыл етеді.» (Хадис шәриф – Әйухәл-уәләд илмихалы)

«Әрқашанда үмметімнен бірі дәрет алып жатқанда, Бисмилләһ деп қолын жуғанда, қолымен жасаған (кіші) күнәларының барлығы кешіріледі. Аузына, жүзіне және басқа да мүшелеріне су алған сайын, бүкіл күнәлары төгіледі.» (Хадис шәриф – Әйухәл-уәләд илмихалы)

«Дәрет үстіне дәрет алу, нұр үстіне нұр болады.» (Хадис шәриф – Кәшфул-хафа)

Ханафи мазһабы бойынша дәреттің парыздары төртеу: бетті бір рет жуу. Екі қолды шынтақтармен қосып бір рет жуу. Бастың төрттен бір бөлігін мәсһ ету, яғни су қолмен басты сипау. Екі аяқты тобықтарымен қосып бір рет жуу. Сонымен қатар дәреттің сүннеттері және әдептері бар. (Ибн Абидин)

Дәретсіз күйде мына үш нәрсені орындау харам болып табылады: Намаз оқу, Қағбаны тауаф ету, Құран кәрімді ұстау. Мешітке дәретсіз кіру мәкрух. (Шурнблали)

Дәретті күйде өлген адам өлім азабын тартпайды. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)