19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / КҮПІРГЕ СЕБЕП БОЛАТЫН НӘРСЕЛЕР

КҮПІРГЕ СЕБЕП БОЛАТЫН НӘРСЕЛЕР

Күпірдің (Аллаһу та’алаға дұшпан болудың) үш түрі бар: Куфри инади, куфри жаһли, куфри һукми.

Куфри инади – Әбу Жәһл, перғауын, Нәмруд, Шәддад сияқты адамдардың күпірі, яғни діннен, иманнан хабары болса да, қырсығып сенбеу деген сөз, бұларға жәһаннамдық (тозақтық) деп айту жаиз.

Куфри жаһли – кәпірлердің қауымына, осы діннің хақ екенін білсе де және азан айтылған кезде естіп жүрген болса да, «кел, мұсылман бол» делінген кезде, «біз ата-бабамыздан осылай үйрендік, осылай кетеміз» дейтіндер.

Куфри һукми – құрмет көрсету қажет болған нәрселерге немқұрайдылық таныту және құрмет етілмеу қажет болған нәрселерді құрметтеп, алдында тағзым етудің салдарынан келіп шығатын күпірілік.

Аллаһу та’аланың әулиелеріне, пайғамбарларына және ғұламаларына, олардың сөздеріне, фиқһ кітаптары мен пәтуаларына құрмет көрсетудің орнына немқұрайды қарайтын болса, бұл да күпір болады. Кәпірлердің діни салттарын ұнату, ешкім мәжбүрлемесе де зүннәр деп аталатын поптардың белдігін беліне байлау, поптар киетін бас киім, крест сияқты күпір белгілерін қолдану және бұларды жақсы көру күпір болып табылады.

Күпірдің жеті зияны бар:

1)Діні мен некесін кетіреді. 2) Ол адам бауыздаған мал желінбейді. 3) Әйелімен қосылуы зина болады. 4) Ол адамды өлтіру уәжіп болады. 5) Жәннат ол кісіден ұзақтайды. 6)Жәһаннам оған жақындайды. 7) Егер сол халімен қайтыс болса, жаназасы оқылмайды.

- Бір адам өз еркімен «пәлен нәрсе пәленше адамда, немесе ол адамда емес, кәпір болайын, жуһуд (яғни яһуди) болайын» деп ант еткен болса, ол нәрсе әлгі адамда болса да, болмаса да, ол адам өз еркімен күпірге түсті деген сөз. Иманы мен некесін жаңалау қажет.

- Зинақорлық, пайыз, өтірік айту сияқты барлық дінде харам болған бір нәрсені «халал болғанда ғой, мен де істесем ғой» деп армандайтын болса, бұл да күпір болады.

- Пайғамбарларға “алейһимуссалауату уәттаслимат” сендім, бірақ Адам “алейһиссалам” пайғамбар ма, пайғамбар емес пе білмеймін десе, кәпір болады. Хазреті Мұхаммедтің “алейһиссалам” ақыр заман пайғамбары екенін білмейтін адам да кәпір болады.

- Бір адам «егер пайғамбарлардың “алейһимуссалауату уәттаслимат” айтқандары рас болса, біз құтылдық» десе кәпір болады делінген. Биргиуи марқұм былай деген: «Бұл сөзді күмәнданып айтса күпір болады. Егер айқындау, сендіру мақсатында айтса күпір емес.»

- Бір адамға «кел намаз оқы» деген кезде ол «оқымаймын» десе кәпір болады делінген. Бірақ мақсаты «сенің айтқаныңмен емес, Аллаһу та’аланың әмірі болғандықтан оқимын» десе кәпір болмайды.

- Бір адамға «сақалыңды бір тұтамнан қысқа қылма немесе бір тұтамнан асқанын қырқ және тырнағыңды ал. Өйткені бұл Расулуллаһтың “саллаллаһу та’ала алейһи уә сәлләм” сүннеті» десе, ол да «алмаймын» десе кәпір болады. Басқа сүннеттер де осындай. Әсіресе, сүннет екені белгілі, айқын және қуатты хабарлармен келіп бекітілген болса. Мысалы мисуак сияқты. Биргиуи марқұм былай дейді: Бұл сөзді сүннет екенін жоққа шығару ниетімен айтса күпір болады. Бірақ мақсаты, «сенің әміріңмен істемеймін, Расулуллаһтың сүннеті болғаны үшін істеймін» десе, күпір болмайды.

[Юсуф Қардауи «Әл-халалу уәл-хараму фил-Ислам» кітабының төртінші басылымының сексен бірінші бетінде былай дейді: «Бұхари»-дегі хадис шәрифте «Мүшриктерге ұқсамаңдар! Сақалдарыңды өсіріңдер! Мұрттарыңды қысқартыңдар!» деп бұйырылған. Бұл хадис шәриф сақалды қыруға және бір тұтамнан қысқа етіп қоюға болмайтындығын көрсетуде. Отқа табынатындар сақалдарын қырқып алып тастайтын. Қыратындары да болатын еді. Хадис шәрифте бұларға ұқсамауға тырысуымыз керектігі әмір етілді. Фиқһ ғалымдарының кейбірі бұл хадис шәриф сақал өсірудің уәжіп екенін, сақалды қырудың харам екенін көрсетуде деді. Бұлардың арасында сақалды алуға қарсы өте қатты жазғаны Ибн Тәймийа болды. Ал кейбір ғалымдар сақал өсірудің әдет екенін, ғибадат еместігін білдірді. "Фәтһ" кітабында Иядтан алынып, (үзірсіз, себепсіз) сақалды қырудың мәкрух екені жазылған. Дұрысы да осы. Бұл хадис шәриф сақал өсірудің уәжіп екенін көрсетеді деуге болмайды. Өйткені «Бұхари»-де жазылған хадис шәрифте: «Яһудилер мен христиандар (шаштарын, сақалдарын) боямайды. Сендер оларға ұқсамаңдар!» делінген. Яғни сендер бояңдар деп бұйырылған. Бұл хадис шәриф шаш пен сақалды бояудың уәжіп екендігін көрсетпейді. Мүстаһаб екендігін көрсетеді. Өйткені Асхаби кирамның (сахабалардың) біразы бояған еді. Көбі боямады. Уәжіп болғанда бәрі бояйтын еді. Сақал өсіруді әмір еткен хадис шәриф те осындай болып, сақал өсірудің уәжіп екенін емес, мүстаһаб екенін білдіреді. Ислам ғалымдарынан ешбірінің сақалын қырғандығы жайлы дерек кездеспейді. Өйткені, олардың заманында сақал өсіру әдет еді. [Мұсылмандардың әдетіне бағынбау атың шығуына себеп болады, ал ол мәкрух. Ал фитнаға себеп болса, харам болады.] Қардауиден аударма тәмам болды. Қардауи, кітабының кіріспесінде төрт мазһабтың фиқһ ілімдерін бір-бірімен араластырғанын, тек бір мазһабпен ғана жүрудің дұрыс емес екендігін жазған. Осылайша Әһли сүннет ғалымдарының жолынан айрылған. Әһли сүннет ғалымдары “рахиме-һумуллаһу та’ала” әр мұсылманның төрт мазһабтың бірін ғана ұстануы қажет екенін, мазһабтарды араластырған адамның мазһабсыз, тіпті дін бұзушы болатынын білдіреді. Сонымен қатар, Қардауидің сақалға қатысты бұл айтқандары Ханафи мазһабының көзқарасын көрсеткендіктен, дәлел ретінде алынуы жөн көрілді. Абдулхақ Дәһләуи хазреттері «Әшиат-ул ләмә’ат» кітабының үшінші томында былай дейді: «Ислам ғалымдары шаш, сақал бояу тұрғысында өмір сүрген жерінің әдетіне бағынған еді. Өйткені (жаиз болған, мубах болған істерде) орналасқан жерінің әдетіне бағынбау атының шығуына, шөһретке себеп болады. Ал бұл нәрсе мәкрүх». Мұхаммед Хадими “рахиме-һуллаһу та’ала” «Бәриқа» кітабында былай дейді: «Хадис шәрифте «Мұртты қысқа, сақалды ұзын қылыңдар!» делінген. Осы себепті, сақалды қыру, алу және сүннет мөлшерінен қысқа етіп қоюға тыйым салынды. Сақалды бір тұтам (ұстам) қылып өсіру сүннет болып табылады. Бір тұтамнан қысқа қылу жаиз емес. Бір тұтамнан ұзынын қырқу сүннет.» Бір тұтам – еріннің шетінен бастап төрт саусақтың еніндей ұзын болу деген сөз. Сүннет болған, тіпті мубах болған нәрсені сұлтан әмір етсе, оны орындау уәжіп болады. Сұлтанның және барлық мұсылмандардың орындауы әмір деген сөз. Мұндай жерлерде сақалды бір тұтам ұзындығында өсіру уәжіп болады. Бір тұтамнан қысқа қылу немесе қыру – уәжіпті тәрк ету болып, тахриман (харамға жақын) мәкрух болады. Бұл адамның мешітте имам болуы жаиз емес. Бірақ, Дар-ул харбта (кәпір мемлекетінде) өмір сүретін немесе зұлымдық көрмеу, напақасын таба алу, әмри ма’руф жасау, мұсылмандарға және Ислам дініне қызмет ете алу, дінін, намысын қорғау үшін сақалын алу жаиз, тіпті қажет болады. Үзірсіз қысқарту немесе қыру мәкрүх болады. Сақалды бір тұтамнан қысқа қылып қойып, осылайша сүннет амалды орындағанына сену бидғат болады. Бұл сүннеттің өлшемдерін өзгерту болады. Осылайша бидғат істеу, адам өлтіруден де үлкен күнә болады.]

Бір қыз бен бір ұл баланың ақылы кіріп, балиғат жасына толған болса және олардың некелерін қиып, олардан иманның сипаттарын сұраған кезде білмейтін болса, олар мұсылман емес деген сөз. Оларға иман келтіруі қажет болған нәрселерді үйретіп, одан кейін некелерін басынан қиса, некелері сахих болады. Елу төрт парыз бөліміне қараңыз!

- Бір адам мұртын қырққан кезде, жанындағы адам «бекер істедің» десе, сол айтқан адамның күпірге түсіп қалуынан қорқылады. Өйткені мұртты қысқарту сүннет. Ал ол бұл сөзімен сүннетке немқұрайды қараған болады.

- Бір адам бастан-аяқ жібек киіммен киінсе, басқа біреу бұл жағдайына «құтты болсын» десе, күпірге түсуінен қорқылады.

- Бір адам, құбылаға қарай аяғын созып жату, түкіру немесе құбылаға қарай дәрет сындыру сияқты бір мәкрухты істесе, ол адамға «істегендерің мәкрух, олай істеме» деген кезде ол адам «ештеңе етпейді» десе, күпірге түсуінен қорқылады. Яғни мәкрухты маңызсыз санағаны үшін.

- Сондай-ақ, бір адамның қызметшісі есіктен ішке кіріп, қожайынына, бастығына сәлем берсе, оның қасындағы біреу «Аузыңды жап әдепсіз, бастығына сәлем беруге бола ма?» десе, мұны айтқан адам кәпір болады. Бірақ мақсаты, қарым-қатынас әдебін үйрету болса және сәлемді шын көңілмен беру керек еді деген ниетте болса, күпір емес екені айқын болады.

- Бір адам, біреудің артынан бір нәрсе айтқан кезде жанындағы кісі «ғайбат айтпа» десе, бұған әлгі адам «несі бар, ештеңе етпейді» десе, кәпір болады делінген. Себебі харамды дұрыс деп санағаны, жаман деп санамағандығы.

- Бір адам «Аллаһу та’ала маған жәннатты берсе, сенсіз жәннатқа кірмеймін» десе, немесе «пәлен адаммен бірге жәннатқа кіруім әмір етілсе, кірмеймін» немесе «Аллаһу та’ала маған жәннатты беруін қаламаймын, бірақ дидарын көргім келеді» десе, бұл сөздер күпір болады делінген. Бір адам, иман артады және кемиді десе, күпір болады делінген. Биргиуи былай дейді: «Му’менун биһ» себебімен артады немесе кемиді десе, күпір болады. Бірақ, йақин және қууати сыдқ себебімен болса, күпір емес. Өйткені мүжтаһидтерден көптеген адам иманның артуы және кемуі жайлы айтқан.

- Бір адам «құбыла екеу, бірі Қағба, екіншісі Құдыс» десе, күпір болады делінген. Биргиуи былай дейді: «Қазіргі жағдайда екеу» десе күпір болады. Бірақ «Бәйти муқаддас (Құдыс) бұрын құбыла еді, кейін құбыла Қағба болды десе» күпір болмайды.

- Бір адам, бір ғалымды жек көрсе немесе балағаттаса, бұл істегені себепсіз болса, бұл адамның күпірге түсуінен қорқылады.

- Бір адам, кәпірлердің ғибадаттарын, Ислам дініне сай болмаған амалдарды «жақсы амал» десе және осылай сенсе күпір болады.

- Бір адам «тамақтанған кезде сөйлеспеу мәжусилердің (отқа табынатындардың) жақсы әдеттерінен» десе, немесе «етеккір және нифас кезінде әйелімен қосылмау мәжусилердің жақсы амалдарынан» десе, ол адам кәпір болады делінген.

- Бір адам, басқа адамнан «мұсылмансың ба?» деп сұраған кезде «иншаллаһ (Құдай қаласа)» десе және неліктен солай жауап бергенен түсіндіріп, анықтап бере алмаса кәпір болады.

- Бір адам, баласы қайтыс болған адамға «сенің балаң Аллаһу та’алаға керек болған ғой» десе кәпір болады делінген.

- Бір әйел, беліне қара жіп байлап жүрсе, «бұл не?» деп сұрағанда «Бұл зуннар (поптардың белбеуі)» десе, кәпір болады, күйеуіне харам болады.

- Бір кісі, харам азық жеген кезде «Бисмиллаһ» десе, кәпір болады делінген. Биргиуи хазреттері былай деген: «Бұл пақырдың түсінгені, харам ли айниһи болса [мысалы шарап, лас, өлген жануардың еті және сол жануардың майы сияқты] кәпір болады. Бірақ харам ли айниһи екенін білу керек. Осылайша Аллаһтың есімін сондай жаман нәрсені бастарда қолданып, жеңіл көрген болады. Өйткені, бұлардың өзі харам. Имамдарымыздан білгеніміз бойынша, бір адам тамақты тартып алып, ұрлап жейтін кезде «Бисмиллаһ» десе, кәпір болмайды. Өйткені, тамақтың өзі харам емес. Тартып алу харам.» Бір кісі, басқа біреуге қарғыс айтып «Аллаһу та’ала сенің жаныңды күпірмен алсын» десе, кәпір болуында ғұламаларда әртүрлі пікір болған. Ал мұның негізі – өзінің күпіріне разы болу, сөз бірлігімен күпір болады. Бірақ, басқаның күпіріне разы болу да, кейбірлердің айтуынша күпір, ал кейбірлердің айтуынша, күпірді ұнатып разы болу ғана күпір болады. Бірақ зұлымдығы мен жамандығына байланысты «азабы әрдайым және ауыр болсын» дегендей разы болса, онда күпір емес. Биргиуи “рахиме-һуллаһу та’ала” былай дейді: «Осы қаулыны дұрыс деп қабылдаймыз. Өйткені Құран кәрімде хазреті Мұса алейһиссаламның қиссасында бұған дәлел бар.»

- Бір адам «Аллаһу та’ала біледі, пәлен істі істемедім» десе, бірақ сол істі істегенін өзі білсе, кәпір болады. Хақ та’алаға болған жағдайлардан хабарсыз деген сипатты тән қылған болады.

- Бір адам, бір әйелмен [куәгерсіз] некелессе, сол еркек пен әйел «Аллаһу та’ала мен пайғамбар біздің куәгерлеріміз» десе, екеуі де кәпір болады. Өйткені пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” тірі кезінде ғайыпты білмейтін еді. Ғайыпты біледі деу күпір болады.

"Мен ұрланған және жоғалған нәрселерді, ғайыпты білемін" десе, айтқан және оған сенген адамдар кәпір болады. "Маған жын хабар береді" десе де кәпір болады. Пайғамбарлар мен жындар да ғайыпты білмейді. Ғайыпты тек Аллаһу та’ала және Оның білдіргендері ғана біледі.

- Бір адам, Аллаһу та’аланың атымен ант етпекші болғанда, басқа адам «мен сенің Аллаһу та’аланың атымен ант еткеніңді қаламаймын. Талақ болсын, қиыншылыққа тап болайын, абыройым, намысым жер болсын деп ант етуіңді қалаймын» десе, кәпір болады делінген.

- Бір адам, бір кісіге «сенің жүзің мен үшін жан алушы періштенікіндей» десе, кәпір болады делінген. Өйткені, жан алушы періште – ұлы періштелердің бірі.

- Бір адам «намаз оқымау жақсы амал» десе кәпір болады. Бір адам бір кісіге «кел намаз оқы» деген кезде «маған намаз оқу қиын тірлік» десе кәпір болады делінген.

- «Аллаһу та’ала аспанда менің куәм» деген адам кәпір болады. Өйткені Аллаһу та’аланы мекенге байланыстырған болады. Аллаһу та’ала мекен түсінігінен пәк. [Аллаһ әкеміз дегендер де кәпір болады.]

- Бір адам «Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” тамақтанғаннан кейін мүбәрәк саусақтарынын жалайтын еді» деген кезде басқа біреу «бұл іс тәрбиесіздік» десе кәпір болады.

- «Ризық Аллаһу та’аладан. Бірақ құлдың да әрекет етуі керек» делінсе, бұл сөз ширк болады. Өйткені құлдың әрекеті де Аллаһу та’аладан.

- Насрани болу яһуди болудан (Америкалық кәпір болу атеист болудан) жақсы деген адам кәпір болады. «Яһуди насраниден, атеист христианнан жаманырақ» деу керек.

- «Кәпір болу қиянат жасаудан абзалырақ» деген адам кәпір болады.

- Харамнан садақа берілсе және сауап үміт етілсе, алған кедей де харам екенін біліп тұрып «Аллаһ қабыл етсін» десе және берген адам «әмин» десе, екеуі де кәпір болады.

- «Ілім мәжілісінде не жұмысым бар», «ғалымдардың айтқанын кім істей алады» деген немесе пәтуаға немқұрайды қараған және «дін адамдарының сөзі неге жарайды» деген адам кәпір болады.

- Досына "кел мешітке немесе діни бір ғалымға баралық" дегенде, «өлсем де бармаспын» немесе «Исламның не керегі бар» деген адам кәпір болады.

- Бір адам күпірге себеп болатын сөз айтса, басқа адам күлсе, күлген адам да кәпір болады. Күлуге мәжбүр болса, күпір болмайды.

- Бір адам «Аллаһтан бос жер жоқ» десе немесе «Аллаһу та’ала аспанда» десе кәпір болады делінген.

- Бір адам «әулиелердің рухтары әрдайым дайын, бәрін біледі» десе кәпір болады. «Дайын болады» десе күпір емес.

- «Ислам дінін мойындамаймын» немесе «қаламаймын» деген адам кәпір болады.

- Бір адам «Адам “алейһиссалам” бидай жемегенінде, біз шақи болмас едік» десе кәпір болады. Бірақ «біз дүниеде болмас едік» десе, күпір болуында түрлі пікірлер айтылған.

«Адам “алейһиссалам” мата тоқитын еді» делінген кезде біреу «онда біз тоқымашының балалары екенбіз» десе кәпір болады.

- Бір кісі кіші күнә істесе, біреу оған «тәубе ет» деген кезде «тәубе ететіндей мен не істедім» десе кәпір болады.

- Бір адам басқасына «жүр Ислам ғалымына барайық» немесе «фиқһ, илмихал кітабын оқып үйренейік» деген кезде «мен ілімді қайтемін» десе кәпір болады. Өйткені, ілімді маңызсыз деп білу болады. Тәпсір мен фиқһ кітаптарына тіл тигізген, оларды ұнатпаған, жамандаған адам кәпір болады. Төрт мазһабтың бірінің ғалымдарының жазған құнды кітаптарын жоюға тырысатын азғын кәпірлерге «дін бұзушы» және «зындық» делінеді.

- Бір адамнан «Кімнің ұрпағынансың? Кімнің ұлтынансың? Сенімдегі мазһабыңның имамы кім? Амалда мазһабыңның имамы кім?» деп сұраған кезде жауабын білмесе, кәпір болады.

Белгілі харамға (шарап, доңыз еті сияқты) халал деген немесе белгілі халалға харам деген адам кәпір болады делінген. [Шылымға харам деу қауіпті.]

Барлық діндерде харам болған, халал етілуі хикметке қайшы болған бір нәрсенің халал болуын қалау күпір болады. Мысалы, зина, лиуата (гомосексуалдық), тойғаннан кейін тамақ жеу, пайыз алу және пайыз беру сияқты. Шараптың халал болуын қалау күпір болмайды. Өйткені барлық діндерде харам емес еді. Құран кәрімді сөз бен әзіл арасында оқу күпір болады. Яхия есімді адамға «Ей, Яхия! Хуз-ил китабә» деп аятта өткен кәлималармен ойнап сөйлеген адам кәпір болады. Құран кәрімді мазақ еткен болады. Сазды аспаптар, ойын-сауық, музыка ойнап жатқан жерде фон дыбыс ретінде немесе ойнап Құран оқу да осындай.

- «Қазір ғана келдім Бисмиллаһи» деу қауіпті. Бір нәрсені көп көріп«Мәхалақаллаһ» деген адам мағынасын білмесе кәпір болады.

- Бір адам «қазір сені балағаттамаймын, балағаттаудың атауын күнә деп қойған екен» десе "Құдайдың көзі тура болсын" деген адамның кәпір болуы әбден мүмкін.

- Бір адам «Жәбрейілдің бұзауы сияқты жалаңаш болып алсың» десе қауіпті. Періштені мазақ қылған болады.

- Бір адамның Аллаһу та’аладан басқа нәрсеге ант етуі харам. Харамды істеген адам мүртәд және кәпір болмайды. Бірақ аяттармен харам етілген харам нәрсеге халал десе кәпір болады.

Сондай-ақ, «ұлымның басы үшін» немесе «анам өлсін» сөздерін антқа қосып айтса, мысалы «уаллаһи, ұлымның басы үшін» десе, күпірге түсуінен қорқылады.