12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Кинотеатрға бару

Кинотеатрға бару

Сұрақ: Кинотеатрға бару күнә ма?

Жауап: Радио, кинотеатр, теледидар барлығы ақпарат тарататын құралдарға жатады. Кітап, газет, журналдар сияқты. Бұлар тапаншадай бір құрал, бір аспап. Тапаншаны жазықсыз, күнәсыз, зиянсыз адамға қарсы қолдану күнә болады. Ал соғыста, дұшпанға қарсы қолдану үлкен сауап. Көрініп тұрғанындай, тапанша ұстағанның бәрі күнәхар немесе әрдайым сауап істеген адам болып қалмайды.

Дәл сол сияқты, радио мен фильмдер жақсы адамдар тарапынан әзірленіп, Аллаһу та’ала ұнататын нәрселерді жариялап жатса, Ислам дінінің пайдаларын, әдеп, сауда-саттық, архитектура, фабрикалардың жұмыс істеуі, тарихи оқиғалар, әскерлік сияқты діни және дүниелік мәліметтерді баяндаса, мұндай радионы тыңдау, мұндай фильмдерді және телеканалдарды көру күнә болмайды, мубах болады. Бұлар пайдалы кітап және журнал оқу сияқты әр мұсылманға қажет болады.

Бірақ бұл құралдар дін дұшпандары, ұятсыздар тарапынан әзірленіп, арасында харам, жаман нәрселер, ұятсыз сахналар, құтыртатын музыка әуендері болса және зиянды нәрселердің пропагандасы жасалса, мұндай радиоларды тыңдау, телеканалдарды көру және мұндай фильмдерді көрсететін кинотеатрларға бару жаиз болмайды. Сондай газеттер мен кітаптарды, романдарды оқудың үкіміндей харам болады.

«Хадиқа» және «Бәриқа» кітаптарының соңында былай делінген:

«Домбыраны, гитараны және сазды аспаптардың кезкелген түрін үйінде, жұмыс орнында сақтау (өзі қолданбаса да), сату, сыйлау, жалға беру күнә болады.» Мубах пен күнә аралас болса және радиода, теледидарда, фильмде немесе осылар көрсетілетін, тыңдалатын жерлерде харам нәрселер бар болса, күнәға түсіп қалмау үшін мубахты, тіпті сауапты тәрк ету қажет болады. Қонаққа шақырған мүминнің үйіне бару сүннет болса да, харам нәрсе қойылатын дастархан басына шақырған кезде бармау керек. Харамнан, мәкрухтан сақтану үшін сүннетті тәрк ету керек.