18 - Рабиул-әууәл, 1443 жыл.
     24 - Қазан, 2021 жыл.   



Қабір өмірі

Күнә істерді жасаған мұсылман “фасық” деп аталады. Ислам дініне сенбеген және діннің әміріне мән бермеген адам“кәпір” деп аталады. Фасықтар мен барлық кәпірлер қабірде азапқа тартылады. Бұған сену керек. Өлген адам қабірге қойылғаннан кейін біз білмейтін бір күйде тіріліп, қылмысына жараса не рахат көреді. Не болмаса азап шегеді. Мункир және Накир деген екі періштенің қорқынышты адам кейпінде мазарға келіп сұрақ сұрайтындығы туралы хадистерде айқын көрсетілген. Қабір өміріне сену керек.

 

Қабір сұрақтары және жауаптары

Раббым – Аллаһу Та’ала. Пайғамбарым -хазіреті Мұхаммед алейһиссалам. Дінім – Ислам. Кітабым – Құран Кәрім. Құбылам – Қағба шәриф. Сенімдегі мазһабым - Әһли сүннет уәл жамағат. Амалда мазһабым – Имам ағзам Әбу Ханифа мазһабы. (Басқа амал мазһабында болса, соны айтады) Қиямет күні адамдар ұстанған мазһаб имамдарының есімімен шақырылатыны, мысалы «Ханафилер келіңдер! Сүнниттер келіңдер!» делінетіні “Рух-ул-баян” тәпсірінде “Исра” сүресінің 71-аятында жазылған.

Кейбір ғалымдардың пікірінше қабір сұрақтары кейбір сенімдерден болады, кейбірлерінің пікірінше біртұтас ақаид мәселесінен (иман тақырыптарына) болады. Сондықтан да балаларымызға: “Раббың кім? Дінің не? Кімнің үмметісің? Кітабың не? Құбылаң қайда? Сенім мен амалда мазһабың қайсы?” деген сұрақтардың жауаптарын үйретуіміз керек. Бұл сұрақтарға дүниеде әһли сүннет жолында боллмағандардың жауаптары дұрыс болмайды. Жақсы жауап бергендердің қабірі кеңіп, оған жұмақтың бір терезесі ашылады, жұмақтағы орындарын көреді. Періштелер оған жақсылықтар жасайды, сүйіншілер береді. Жақсы жауап бере алмаса, темір тоқпақтармен дүре соғылады. Дауысын адам мен жыннан басқаның бәрі естиді. Қабірі тарылып, денесін қысады. Тозақтан бір терезе ашылып, тозақтағы орнын көріп, маһшарға дейін азап шегеді. Қабірдегі, қияметтегі жағдайдарды дүние істеріне ұқсатуға болмайды. Ондағы өмір – ақиқат өмір!

Өлгеннен кейін қайтадан тірілуге сену - шарт. Ет пен сүйек шіріп, топырақ пен газға айналғаннан кейін, қайтадан жиналып, рух денеге кіріп, мазардан тұрады. Сондықтан бұл сәт «Қиямет күні» деп аталады.

 

Қабір жағдайлары

Өлгендер қабірде төрт жағдайда болады. Кейбірі өкшесімен отырады. Көзі шығып, денесі ісіп, денесі топыраққа айналғанға дейін осы қалпында тұрады. Одан кейін рухы періштелер әлемін шарлайды.

Кейбіруіне Аллаһу Та’ала ұйқы береді. Бірінші сур үрленгенге дейін не болып жатқанынан хабары болмайды. Бірінші сур үйленгеннен кейін оянып, кейіннен қайта өледі.

Кейбірі қабірінде екі немесе үш ай тұрады. Сосын рухы жәннат құсына мініп, жұмаққа барады. Мұны көрсететін хадис шәрифтер сахих хадистер болып табылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам: «Мұсылмандың рухы құспен бірге болады. Жәннат ағаштарының біріне қонып тұрады» деген. Сол сияқты шәйіттердің рухтары туралы сұралғанда:«Шәйіттердің рухтары жасыл құстардың ішінде болып, жәннат ағаштарына қонып тұрады» деп жауап берілді.

Кейбір адамдар қалаған кезінде орындарынан көтеріледі. Кейбірлері сур үрленгенге дейін сол жерде тұрады.

Төртінші халде болатындар – нәбилермен әулиелер. Олардың кейбірі қияметке дейін ұшып жүреді және көпшілігі түнде көрінеді. Әбу Бәкір Сыддық пен Омар Фаруқ осыларға жатады.

Пайғамбарымыз: «Адамдар ұйқыда, өлген кезде оянады» деп бұйырған. Бұл хадис үшінші өмірді, яғни қабір өмірін көрсетеді.

Қабір өміріндегі жағдайлар өлгендердің ақиқаттары мен сипаттары ашылатын кезіндегі жағдайлар болып табылады. Өлілердің кейбірі бір орында қалады. Кейбірі кезіп жүреді. Кейбірі қатты азапқа тартылады. Бұған дәлел “Мумин” сүресінің 46- аяты: «Нар (от) күнәһарлар үстіне таңмен кеште беріледі. Қиямет күнінде де тозақта міндет атқаратын периштелерге Фирағунға ергендерді азаптың ең қорқынышты жеріне тастаңдар деп бұйырылады»

Өсімдіктер көміртегі диоксиді газын және топырақтан су мен тұзды алып, оларды біріктіреді. Осылайша, органикалық денелер қалыптасады. Жылдар бойы жалғасатын химиялық реакцияның катализатор арқылы бір сәтте жүзеге асатыны белгілі. Міне, осы сияқты Аллаһу Та’ала мазарда су, көміртегі диоксиді және топырақ денелерін біріктіріп, органик денелерді, жанды мүшелерді бір сәтте жаратады. Осылайша тірілетінімізді Мұхаммед (алейһиссалам) хабарлайды. Жаратылыстану ғылымдары мұның осы дүниеде де жасалып жатқанын көрсетеді.

Бүкіл жанды болмыстар маһшарға жиналады. Әрбір адамның амал дәптері ұшып, иесіне келеді. Бұларды Аллаһу Та’ала жүзеге асырады. Бұлардың болатыны туралы Аллаһу Та’аланың расулы хабар берген. Оның айтқандары рас. Олардың бәрі міндетті түрде жүзеге асады.

Жақсы адамдардың амал дәптерлері оң жағынан, жаман адамдардың амал дәптері сол жағынан беріледі. Жақсы, жаман, үлкен, кіші, ашық, жасырын жасалған барлық әрекет дәптерде жазулы тұрады. Караман катибин періштелер білмейтін істер адам мүшелерінің білдіруімен және Аллаһу Та’аланың білдіруімен белгілі болып, барлық нәрседен есепке тартылады. Маһшарда Аллаһу Та’аланың қалаған әрбір жасырын нәрсесі ашылады. Періштелерден “Көкте, жерде не істедіңдер?” деп, пайғамбарлардан “Аллаһу Та’аланың үкімдерін оның құлдарына қалай жеткіздіңдер?” деп, адамдардан “Пайғамбарларға қалай мойынсұндыңдар, міндеттеріңді қалай атқардыңдар?” деп сұралады. Махшарда жақсылық жасаған адамдар сый-сияпатқа бөленіп, жамандық жасаған адамдар ауыр азапқа ұшырайды.

Аллаһу Та’ала қалаған имандылардың күнәларын кешіруі мүмкін. Аллаһқа серік қосу мен күпірліктен басқа барлық күнәні қаласа кешіреді. Қаласа кіші күнәларға да азап береді. Мүшрік және кәпірлерді ешқашан кешірмейтінін білдірген. Кітапты, кітапсыз кәпірлер, яғни Мұхаммед алейһиссаламның бүкіл адамзаттың пайғамбары екендігіне сенбейтін, ол көрсеткен үкімдердің бірін ұнатпайтын кісілер сол халдерімен өлетін болса, міндетті түрде жаһаннамда мәңгі азап шегеді.

Қиямет күнінде істерді өлшейтін, біз білмейтін өлшем құралы – “Мизан” (таразы) бар. Жер де, көк те бір жағына сиятындай үлкен болады. Сауап жағы жарық, Арштың оң жағында, жәннат тарапында. Күнә жағы қараңғы, Арштың сол жағында, тозақ тарапында. Дүниеде жасалған істер, айтылған сөздер, ой-пікір, көзқарас сол жерде көзбен көрінетін бір халге келтіріледі. Сауапты істер жарық, ал күнәлар қаранғы, жіркенішті түс алып, таразыға тартылады. Бұл таразы дүниедегі таразыға ұқсамайды. Ауыр жағы жоғары шығады. Жеңіл жағы төмен түседі деп айтылды. Әһли сүннеттің кейбір ғалымдары бірнеше таразы болады дескен. Көпшілігі таразының неше және қалай тартатыны дінде ашық білдірілмегенін айтып, бұл туралы ойламау керектігін бұйырған.