8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Бидғатшы деген кім?

Бидғатшы деген кім?

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Пайғамбарымыз алейһиссалам бір күні құмның үстіне бір қалың сызық сызады. Екі жағынан балықтың қылтанақтары сияқты жолдар сызып, Асхаби кирамға былай дейді:

«Ей асхабым, менен кейін үмбетім жетпіс үш топқа бөлінеді. Мына орта жолда болғандар, қалың сызықта болатындар тікелей жәннатқа кіреді. Мына жанындағы жолдағылар адасады, жәһаннамға түседі.»

Сол жанындағы жолдарда болатындар бидғатшы болады, бірақ пайғамбарымыз алейһиссалам «Үмбетім» дегені үшін тозақта қаншалықты қалатын болса да, иманмен өлген болса, ақыр соңында жәннатқа кіреді.

Бидғатшы деген кім? Құран кәрімнің захир (ашық) мағынасы және батын (астарлы) мағынасы бар. Міне осы батын (астарлы, жасырын) мағыналарын қате түсіну – итиқадта (сенімде) бидғат (адасушылық) болады. Мәселен, қабірде мәйітке азап берілетіні жайлы Құран кәрімде ашық түрде білдірілмеген. Осы себептен қабірде болатын жағдаятты, ол жердегі өзгеше өмірді Құран кәрімнің аяттарында ашық түрде жазылғанын таппағандықтан оларға сенімсіздікпен қараған, мойындамаған ғалымдар бидғатшы болады. Бұлардың көбісі сахих және дұрыс хадис шәрифтерді заиф (әлсіз) немесе ойдан шығарылған деп санайды. Мысалы, сүйікті пайғамбарымыз Бұхари сияқты ең дұрыс хадис кітапта өткен бір хадис шәрифінде: «Қабірде азап бар, қабір азабы хақ» деген. Бидғатшылар: «Мұны егер пайғамбар айтқанда, біз бұған сенер едік, алайда айтқандығы жайлы күмәніміз бар, бұл хадис ойдан шығарылған. Рауилерден (риуаят етушілерден, жеткізушілер арасында) сенімсіз адамдар бар. Біз хадиске емес, рауиіне қарсылық білдіреміз» дейді. Осылайша білгіштік жасаймын деп сүннетке мойынсынбағандықтан бидғатшы болады. Әйтпесе «Хадис болса да, болмаса да, мен қабір азабына мүлдем сенбеймін» деген адам кәпір болады. Себебі, сахих хадис шәрифтер де дінімізде дәлел болып табылады.

Қазіргі таңда тікелей Құран аяттарымен хадистер жинағынан алып, ижтихад етіп, олардан шешім яки үкім шығара алатын мүжтәһид ғалым жер бетінде жоқ. Құран кәрімнің жабық (жасырын, астарлы) мағыналарынан бір мағынаны ижтихад ету кезінде қате түсінетін адам қалмағандықтан, бидғатшылар да қалмады. Қазіргі замандағы тікелей аятпен хадистен үкім шығаруға тарысатындар әр қате түсінгендерінде Исламның анық үкімдеріне қарсы шығып, күпірге түсіп жатыр. (Бүгінгі таңда суннамен жүремін деп өзінше үкім шығаруға ұрынғандар - мұсылман еместер.)

 

Жәннаттық болатындар

Әһли сүннет болған мұсылман тікелей жәннатқа кіреді. Бірақ күнәлары сауабынан көп болғандар кешірімге, шапағатқа ілінбесе, күнәларының жазасы мөлшерінде тозақта азап шегеді. Бидғатшы болғандарға кешірім мен шапағат жоқ. Олай болса, ахиретте үш топ адам болады:

1) Мәңгі жәннаттық болатындар.

2) Мәңгі тозақтық болатындар.

3) Тозақта уақытша қалатындар.