19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Хашр сүресінің қасиеті

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Кімде-кім таңертең үш рет «Әузу биллаһиссәми’ил алими минәшшайтанир ражим» дегеннен кейін Хашр сүресінің соңғы үш аятын оқыса, Аллаһ оған жетпіс мың періштені міндеттейді. Олар кешке дейін сол адамға дұға мен истиғфар етеді. Егер сол күні қайтыс болса, шәхид болып өледі. Бұл аяттады кешке оқығандар да дәл сол нәрселерге қауышады.» (Тирмизи)

«Хашр сүресінің соңын оқыған адамның өткен және келетін күнәларын (парыз бен құл қарыздарынан басқа) Аллаһу та’ала кешіреді.»

Ғалымдарымыз былай деген:

«Әр күні таңертең және кешке Хашр сүресінің соңын оқыған адамдар ахирет шәхиды болады.»