19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Кекіру

Сұрақ: Көп кекіремін. Не істеуім керек?

Жауап: Кекіру – көп тамақ жеудің белгісі. Егер бір аурудың белгісі болмаса, аш адам кекірмейді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Кекіруді азайт. Себебі бұл дүниеде қатты тойған адам ахиретте үлкен аштық сезеді.» (Хаким)

«Біздің жанымызда кекірме. Дүниеде тоқ жүрген (көп ішіп-жеген) адам ахиретте ең ұзақ аштықты сезеді.» (Тирмизи)

Кекіретін кезде тамаққа немесе адамдарға қарап емес, басты басқа жаққа бұру керек, қатты дауыс шығармау үшін ауызды жабуға тырысу керек! Хадис шәрифте былай делінген: «Кекіретін және түшкіретін кезде дауысын қатты шығармаңдар.» (Бәйһақи)