7 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     8 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Көптің дұғасын алу

Көптің дұғасын алу

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Сүйікті пайғамбарымыз «Адамдардың қайырлысы – адамдарға көп пайдасы тиген кісі» деген. Адамға жасалуы мүмкін болған ең үлкен жақсылық – оның кешірілуі үшін дұға ету. Бір мүминнің басқа дін бауырына артынан, яғни оған білдірмей жасаған дұғасын Аллаһу та’ала қабыл етеді. Бетпе-бет жасалған дұғаға рия (көзбояушылық) араласуы мүмкін, бірақ артынан жасалатын болса, тек қана Аллаһ разылығы үшін дұға етілген болады. Осылай болғандықтан, бұл дұғаларды Аллаһу та’ала қабыл етеді. Сондай-ақ, Аллаһу та’ала дін бауырымызға тілеген нәрсемізді оған беруден бұрын бізге береді. Пайғамбарымыз былай деген: «Мүминнің дін бауыры үшін артынан жасаған қайырымды дұғасы қабыл болады. Бір періште “Бұл жақсылықты Аллаһ саған да берсін” дейді. Ал Аллаһу та’ала “Алдымен сенен бастаймын” дейді.» Періштенің дұғасы қайтарылмайды.

«Раббанәғфирли уә ли-уәлидәййа уә ли-узтазиййа уә лил-му’минина уәл муминат әл әхйа-и минһум уәл әмуат» дұғасында ата-аналарымыз, ұстаздарымыз және өлі-тірі барша мұсылмандардың кешірілуі үшін дұға етілуде. Осындай дұғаның арқасында кешірімге қауышқанын көрген, қайтыс болған бүкіл мұсылмандар «Йа Раббым, дұға етіп бізді қиындықтан құтқарған адам кім болса да, сен де оны құтқара өр» деп дұға етеді. Осылайша бір сәтте миллиардтаған адамның дұғасына қауышамыз.

Аллаһу та’аланың сүйіктілерін жақсы көру, Оның сүймегендерін жақсы көрмеу – иманның негізі. Бір мұсылманды қалайша жақсы көрмейміз, ал кәпірді қалай жақсы  көре аламыз? Бұл болмайтын нәрсе. Балаға жасалынған нәрсе әкеге жасалды деген сөз. Мүминге жасалған нәрсе де Аллаһу та’алаға жасалды деген сөз. Тіпті Аллаһу та’ала бір хадис құдсиде «Әулиеге, яғни Менің мүмин құлыма деген дұшпандық – маған соғыс жариялау деген сөз» делінген. Шын көңілімен, ықыласпен кәлимаи шаһадат айтқан адам – Аллаһтың әулиесі. Әулиеліктің жүздеген дәрежелері бар, бірақ ең алғашқы баспалдағы – кәлимаи шаһадат. Сондықтан бір мүминге қарсы кек пен дұшпандық сақтау – Аллаһу та’алаға қарсы соғыс жариялау деген сөз.

Тәубе ету керек, айналамыздағы кісілерден әрқашан кешірімдерін алып жүру (халалдасу) керек. «Мен кінәлімін» деп мәселені шешу керек, айыпты өзгеден іздеуге тырыспау керек! Әулиелеріміз «Аллаһу та’ала сендерге қандай мәміледе болуын қалайтын болсаңдар, сендер де Оның құлдарына сондай мәміле жасаңдар. Кешіріңдер дағы Аллаһу та’аланы да кешіруші кейіпте кездестіріңдер! Оларға барларыңды беріңдер, Аллаһу та’ала да сендерге берсін. Оларды қуантыңдар, Аллаһу та’ала да сендерді қуантсын» деген. Сондықтан, Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне қауышу үшін біз ашуланып жүрген, оларға ренжіп қалған, олармен сөйлеспей қойған, Аллаһтың мүмин құлы болған бауырларымызға барып, олармен татуласу керек, кешіріміндерін алу керек, осылайша Хақ та’аланың сүйікті құлы болуға тырысу керек.