18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ЖӘННАТ-И АЛИЙАТ ТУРАЛЫ

ЖӘННАТ-И АЛИЙАТ ТУРАЛЫ

Сегіз жәннаттың сегіз есігі және сегіз кілті бар. Алғашқысы, бес уақыт намаз оқитын мүминдердің иманы. Екіншісі, қасиетті «Бисмилләһ» сөзі. Ал алтысы Фатиханың ішінде. Сегіз жәннат мыналар:

1) Дар-ул-жәлал, 2) Дар-ул-қарар, 3) Дар-ус-сәлам, 4) Жәннат-ул-Хулд, 5) Жәннат-ул-Мәуа, 6) Жәннат-ул-Адн, 7) Жәннат-ул-Фирдаус, 8) Жәннат-ун-Наим.

Дар-ул-жәләл – ақ нұрдан.

Дар-ул-қарар – қызыл жақұттан.

Дар-ус-сәлам – жасыл зүбәржаттан (жылтыр асыл тастан).

Жәннәт-ул-Хулд – інжу-маржаннан.

Жәннат-ул-Мәуа – күмістен.

Жәннат-ул-Адн – алтыннан.

Жәннат-ул-Фирдаус – әрі алтыннан, әрі күмістен.

Жәннат-ун-Наим – қызыл жақұттан.

Жәннатқа кірген мүминдер ол жерде мәңгі қалады, ешқашан шықпайды. Ол жақтағы хор қыздардың (хурилердің) хайз бен нифас жағдайлары және жаман мінездері жоқ. Қалаған әр түрлі тағамдар мен сусындар даяр күйде алдына келеді. Пісіру мен әзірлеу сияқты нәрселерден ұзақ болады. Бастарының үстінен құстар ұшады. Мүминдер зәулім үйлерінде отырып, бұларды көреді. «Егер сен дүниеде маған осыншама жақын ұшқаныңда, мен сенен кәуәп пісіретін едім» деген ой келген сәтте дереу нұрдан жасалған табақ үстінде, пісірілген күйде алдына келеді, оны мүмин жей бастайды. Сүйектерін бір жерге жинап, көңіліне тағы да: «Қазір бұл қайтадан құс болса ғой» деген ой келген сәтте, ол бұрыңғы қалыпына еніп, құс болып ұшып кетеді.

Жәннаттың топырағы мускустан,  ал ғимараттарының бір кірпіші күмістен, бір кірпіші алтыннан жаралған.

Жәннаттықтардың әрбіріне жүз еркектің күші, қуаты берілсе керек. Жәннаттықтардың әрбіріне ең аз дегенде жетпіс хор қыздары (хурилері) және екі дүние әйелі берілсе керек.

Сондай-ақ, жәннатта төрт өзен ағады. Олардың қайнары бір, бірақ ағымы бөлек-бөлек болады және бұлардың әрқайсысының дәмі, ләззаты бір-біріне ұқсамайды. Олардың бірі таза су, екіншісі – таза сүт, бірі жәннат шарабы, ал бірі таза бал болады.

Жәннатта зәулім сарайлар, биік үйлер бар. Иілген кезде мүминдер оларға мінеді және ол қалаған жеріне алып барады. (Бұлардың дүниедегі мысалы – қазіргі эскалаторлар мен ұшақтар.)

Жәннатта Туба деген ағаш бар. Бұл ағаштың тамыры жоғарыда, ал бұтақтары төмен қарай салбырап тұрады. Мұның дүниедегі мысалы – ай мен күн.

Сондай-ақ, жәннаттықтар жеудің, ішудің дәмі мен ләззатын сезеді, бірақ әжетхана қажеттілігін сезбегендіктен, осы сияқты адамға тән қажеттіліктер мен әурешіліктерден құтылады.

Аллаһу та’ала жәннатта мүмин құлдарына былай дейді: «Құлдарым! Менен тағы не қалайсыңдар, берейін. Сендер әрдәйім рахаттық пен зауықта болыңдар!» – дейді. Құлдар: «Йа Раббымыз! Тозақтан азат еттің және жәннатқа кіргіздің, осыншама хор қыздар мен қызметшілер бердің. Бұдан басқа ойымызға да келмеген, көз көріп, құлақ естімеген қаншама ниғметтер бердің. Тағы сұрауға ұяламыз» деген кезде Раббул-алемин (әлемдердің раббысы) қайтадан: «Құлдарым! Сендердің менен бұлардан басқа тағы да сұрайтындарың бар» дейді. Құлдар болса: «Йа Раббымыз! Тағы бір нәрсе сұрауға бетіміз жоқ. Әрі не сұрайтынымызды да білмейміз» дегенде, Раббул-алемин былай десе керек: «Құлдарым! Өмірде сендер бір мәселені шеше алмаған кездеріңде не істейтін едіңдер?» Олар: «Ғұламаларға барып, олардан сұрайтын едік және сол мәселені үйреніп, шешімін табатын едік» дейді. Сол кезде Хақ Субханаһу уә та’ала хазреттері: «Қазір де солай істеңдер, ғұламалармен ақылдасып, жауабын алыңдар! Қандай жауап берсе, сол нәрсені сендерге берейін» дегенде ғұламалар: Сендер Аллаһтың жамалын ұмыттыңдар ма? Дүниеде болған кезде «Раббымыз жәннатта мекеннен пәк болып, жамалын бізге көрсетсе керек» деп армандайтын едіңдер. Міне осыны сұраңдар, – дейді. Олар Аллаһтың жамалын көруді сұрағанда, Аллаһу та’ала мекен түсінігінен пәк болып, жамалын көрсетсе керек. Аллаһу та’аланың дидарын көргенде, олар мыңдаған жылдар бойы қайран қалса керек.

Сондай-ақ, жәннаттағы адам зәулім үйінде отырғанда, айналасында, терезелердің алдында жеміс-жидектер болады. Құлдар, сол жеміс-жидектерді көргенде, тұрып сол бұтақты тартайын, жемісті үзіп жейін деген ой келген сәтте, отырған жерінен тұруға, бұтақты тартуға қажеттілік қалмайды. Бірден отырған жерінде қалаған бұтағы алдына келеді, жемісті жұлып, аузына салады және шайнап, әлі дәмі тамағына жетпей тұрғанда үзген жерінен тағы басқа бірі өсіп шығады. Аузына салғанда піскен, әрі тәтті болады. Осылайша Раббымыз әр ниғметті балғын қылып өсіріп шығарса керек.

 

Есің болса намаз оқы, ол сағадат тәжі-дүр,

Намаз деген сондай ниғмет, мүминнің миғражы-дүр.