18 - Зүл-хиджа, 1445 жыл.
     24 - Маусым, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / МӘЙІТ ҮШІН НАМАЗ ИСҚАТЫ

МӘЙІТ ҮШІН НАМАЗ ИСҚАТЫ

[Намаз исқаты – мәйітті намаз қарыздарынан құтқару деген сөз. Ол үшін намаздардың каффараты беріледі. Каффарат берілу үшін өлмей тұрып өсиет етуі және кәффаратқа жететіндей шамада мал-мүлік қалдыру уәжіп. Яғни қалдырған мүлкінің үштен бірі каффарат мөлшерінен аз болмау керек. Каффаратты өкілі береді. Мәйіттің өкілі – өсиет қалдырылған адам немесе мирасқорларының бірі. Ислам дінінде төрт түрлі өкіл бар. Мәйіттің өкілі, жетімнің өкілі, некесі қиылатын әйелдің өкілі, құл және күңнің өкілі. Соңғысына «мәула» да делінеді. Бұлардан басқа тағы Аллаһу та’аланың да өкілдері бар. Оларға «әулие» делінеді. Олар – Аллаһу та’аланың ең сүйікті адамдары. Бұл сүйіспеншілікке қол жеткізу үшін барлық сөздердің, істердің және мінездің Мұхаммед алейһиссалам білдіргендей болуы керек. Бұларды шынайы ғалымнан оңай үйренуге болады. Шынайы ғалым таба алмаған адамның Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан үйренуі керек. «Ибн Абидин» “рахимә-һуллаһу та’ала” былай деген: «Фаит, яғни үзірмен оқылмаған намаздары бар болған адам, бұлардың каффараттарының жасалуын өсиет етсе, әрбір парыз бен уәжіп үшін, қалдырған мүлкінің үште бірінен жарты са’ (2,1 литр), яғни бес жүз жиырма дирхам (1750 грамм) бидай немесе бидай ұны кедейлерге беріледі. Барлығын бір кедейге беруге де болады. Құнын (алтын немесе күміс күйінде) беру жақсырақ болады. Өсиет еткен адам мал-мүлік қалдырмаса немесе қалдырған мүлкінің үштен бірі каффарат үшін жеткіліксіз болса немесе мүлдем өсиет етпеген болып, өкілі аздаған ақша беріп каффаратын жасайтын болса, бір күндік 1750х6=10500 грамм, яғни он жарым килограм және жылдық 3780 кг бидайды (немесе 10 кг бидайдың құны, әрдайым шамамен бір грам алтын болғандықтан, құны мөлшерінде әрбірінің салмағы 7,2 гр. тең 52,5 немесе ықтияттықпен 60 дана алтын ақшаны немесе осы ақшаның салмағындай [432 гр] білезік, жүзік немесе басқа да алтын бұйымдарын] қарызға алады. Оқыған намаздарын кемшілікпен орындағанын ойлап, мәйіттің өмірінен еркек үшін он екі, әйел үшін тоғыз жыл алынып, мүкәлләф болған уақыты анықталады. Ханафи мазһабында, әр күн үшін алты намаздың каффараты қажет болғандықтан, бір жылдық намаз каффараты үшін қажет болған (3780 кг) бидай немесе абзалы мұның құны болған (алпыс дана алтын ақша) алтын қарызға алынады. Мұны намаздың каффаратының исқаты үшін деген ниетпен бір кедейге береді. Кедейдің ақыл-есі толық, балиғатқа толған, салих және еркек болуы керек. Кедей «қабыл еттім» деп алады. Содан соң мирасқорға сыйға тартады. Мирасқор қабыл алғаннан кейін, оған немесе басқа бір кедейге тағы сол ниетпен береді. Осылайша мүкәллаф болған жылына дейін қайталанады. Көбірек алтын қарызға алған болса, дәуірдің (айналымның) саны соншалықты азырақ жасалады. Алтын ақша жоқ болса, өкіл білезік, жүзік сияқты алтын бұйымдарды бір әйелден қарызға алады. Бұдан (намаз оқымаған жылдар саны х 7,2 гр) тартылып, бір орамалға қойылады. Орамалда намаз оқымаған жылдардың саны шамасында алтын ақша бар. 60 санына көбейтіп, кедей санына бөлгенде, дәуір саны шығады. Алтын аз болса, біріншідегінің жартысы шамасында тартылады. Дәуір саны біріншінің екі бөлігі болады. 60 жасында қайтыс болған еркек үшін бір кедейге 60х48х7,2=20736 грамм алтын беріледі. Өйткені, бір жылдық намаз исқаты 60 алтын. 7 кедей және 100 грам алтынмен 30 дәуір жасалады. Немесе 7 кедей және 70 гр алтынмен 43 дәуір жасалады. Дәуір біткен кезде, соңындағы кедей қолындағы алтынды өкілге сыйлайды. Ал өкіл қарызын өтейді (бұл алтынды қарызға алған еді). Бұдан кейін ораза, құрбандық және ант үшін дәуірлер жасайды. Бірақ, бір анттың каффараты үшін ең аз дегенде он кедейге беру қажет және бір кедейге бір күн үшін жарты са’дан көп берілмейді. Алайда, бір кедейге бір күнде, тіпті бір реттен бірнеше намаз каффаратын беруге болады. Зекеттің исқаты өсиетсіз жасалмайды. Мәйіттің өсиеті керек. Бірақ, ораза үшін өсиет шарт болмағандықтан, зекет үшін де, өкілінің сый ретінде дәуір жасағаны жақсы болады. Дәуірлердің барлығы толық орындалып, біткеннен кейін, мирасқор кедейлерге біршама мал-мүлік, ақша сыйлайды.

Каффарат үшін өсиет еткен мәйіттің қалдырған мал-мүлкінің үштен бірі барлық каффараттарына жетпейтін болса, өкіл мирасқорларының рұқсатынсыз үште бірінен артық мүлікпен каффарат жасай алмайды. Үште бірі каффараттарға жетіп, бірақ қарызы бар болса, қарыз беруші адам исқаты үшін берсе де, каффараттан бұрын қарызы өтелген болады. Ақысын алғаннан кейін, каффарат үшін сыйға тартуы жаиз болмайды. Себебі, каффарат тек мирасқор сыйға тартқан мүлкімен ғана жүзеге асады. Бүкіл өміріндегі намаздарының каффараты үшін өсиет еткен адамның өмірі беймәлім болса, өсиет қате болады. Бірақ үштен бірі өмірінің намаздары үшін болжанған шамадан аз болса, үште бірінің бәрін өсиет еткен болғандықтан, белгілі мөлшердегі мүлкінің өсиеті болады және сахих болады.

Мәйіт өсиет еткен болса да, өкілдің (яғни мирасқордың немесе өсиет алған адамның) каффарат жасау үшін өз мүлкінен сыйға беруі уәжіп емес. Мәйіт мүлкінің үште бірі кәффараттарына жететіндей мөлшерде мал-мүлік қалдыруы және мүлкінің сол үште бірімен каффарат жасалуын өсиет етуі уәжіп болып табылады. Мүлкінің үште бір бөлігімен дәуір жасалуын, қалған бөліктерін мирасқорларға немесе басқаларына сыйға тартуын өсиет еткен болса, уәжіпті тәрк еткен болады. Ал бұл күнә болады. Осы себептен үштен бір бөлігімен дәуір жасалуын, қалғанымен Құран кәрім және таһлил хатымдарын жасалуын өсиет ету сахих болмайды. Бұдан басқа, ақы үшін Құран кәрім оқу жаиз емес. Ақшаны алған адам да, берген адам да күнә істеген болады. Ақшаға Құран кәрім үйрету жаиз болады делінсе де, ақшаға оқу-оқыту жаиз болады дегендер болмаған.

«Намаздарымды мирасқорым оқысын» деп өсиет еткен мәйіттің мирасқорының сол адамның намаздарының қазасын оқуы сахих болмайды. Бірақ, бір адам намаз оқып немесе ораза ұстап, сауабын бір мәйітке бағыштаса, сахих болады. Өлім халіндегі аурудың өз намаздарының фидйаларын беруі жаиз емес.» Ибн Абидиннен аударма тәмам болды.

Ахмед Тахтауи “рахметуллаһи алейһ” «Мәрақил-фәлах» хашиясында былай деген: "Тұтылмаған оразаларды фидйаларын беру арқылы исқат жасалатындығы насспен (аят-хадис) білдірілген. Намаз, оразаға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, намаздың да ораза сияқты болатындығын ғалымдарымыз сөз бірлігімен бір ауыздан білдірген. Намаз исқатының негізі жоқ деген дін адамы, өзінің надандығын білдірген болады. Бұл сөзімен ғалымдардың ауызбірлігіне қарсы шыққан болады.

Бір науқас адам төсекте жатып, басымен ишарат етіп те намаз оқи алмайтын болса, оқи алмаған бұл намаздары бес уақыттан аз болса да, бұлар үшін өсиет етуі қажет емес. Осы сияқты, сапарда және ауырып ораза ұстай алмаған адам да, бұлардың қазасын өтейтіндей тұрғылықты мекен таппаса және сау кезіне жетпесе, өсиет етпейді. Пітір садақасы, әйелінің напақасы, қажылық ихрамындағы қателіктері, қажылық, нәзір садақалары үшін де өсиет етіледі. Өсиет етпеген мәйіттің орнына мирасқорының немесе басқа біреудің сый ретінде орындауы иншааллаһ жаиз болады. Қажылық үшін өсиет еткен адамның уәкілі, мәйіттің қаласынан немесе қалдырған мүлкінің үште бірі жеткен жерінен; ал өз атынан жасамақшы болған адам қалаған жерінен қажылыққа барады. Мәйіт үшін ешкімнің ақшаға немесе жалақысыз ораза тұтуы және намаз оқуы сахих емес. Бұл жөніндегі хадис шәриф мәнсуһ болған, яғни үкімі жойылған. Каффарат ретінде берілген садақа себебімен Аллаһу та’ала мәйіттің қарыздарын кешіреді. Шафии «Әнуар» кітабында «Мәйіттің оқымаған намаздары орнына фидйа беруі уәжіп емес. Берілетін болса, исқат болмайды» делінген. Малики мен Шафиилер Ханафи мазһабын тақлид етіп дәуір жасайды.

Мәйіттің өсиет еткен мал-мүлік мөлшері каффарат үшін жеткіліксіз болса немесе қалдырған мүліктің үште бірі жеткіліксіз болса немесе мүлдем өсиет етпеген болса, бір адамның өздігінен берген аздаған мүлкімен қарыздарының барлығын исқат ете алу үшін дәуір жасалады. Исқат ниетімен бір кедейге беріледі. Кедей алғаннан кейін мұны өкілге немесе басқа біреуге сыйға тартады. Оның қабылдауы, яғни қолына алуы қажет. Ол да "мәйіттің қарызының исқаты үшін" деп, мұны өз атынан басқа бір кедейге береді." Тахтауи хашиясынан аударма осы жерде тәмам болды.]