Әлемдердің түрлері
Сұрақ: Кітаптарда алеми әмр, алеми мисал деген сияқты тіркестер өтеді. Бұлардың мағынасы қандай? Жауап: Мына шамада білу жеткілікті болады: Махлұқтар (жаратылғандар) үшке бөлінеді: 1) Алеми әмр – рухтар әлемі. Бұлар – зат болмаған және өлшеуге келмейтін нәрселер. Бұл әлемге алеми әруах немесе алеми мәләкут де делінеді.
2) Алеми мисал – болмыс әлемі емес. Көрініс әлемі. Бүкіл болмыстың бұл әлемде бір мысалы, көрінісі болады. Бұл әлемде өздігінен ешбір ақиқат, ешбір зат және мағына жоқ. Бұл жақтағылар – басқа әлемдерден көшірілген көріністер. Айнада ешқандай бейне жоқ. Айнада бір бейне көрінсе, басқа жерден келген көрініс деген сөз. Алеми мисал да дәл осындай. Түсте пайда болған бейнелер алеми мисалдан көрінеді. Бұл әлем алеми әмр мен алеми шаһадат арасында. Осы себептен бұл әлемді алеми бәрзах деп те атайды.
3) Алеми шаһадат – заттар әлемі. Бұл әлем алеми әжсад, алеми халқ немесе алеми мүлк деп те аталады. Бұл да екіге бөлінеді: 1) Адамға алеми сағир, яғни кішкентай әлем делінеді. 2) Адамнан басқа болмыстардың бәріне алеми кәбир, яғни үлкен әлем делінеді. Адамдағы нәрселердің бір бөлігі алеми халқтан, бір бөлігі алеми әмрден болады. Көңіл – осы екі әлем арасындағы құрал. Алеми кәбирде болған нәрсенің алеми сағирда бір үлгісі, ұқсасы бар. Міне адамның көңілі – рух әлеміне ашылған есік. Кәпірлерде бұл есік жабылған, жойылған. Осы себептен, кәпірлердің рух әлемінен хабарлары жоқ. Көңілдің өмір табуы, рух әлеміне ашылуы үшін жалғыз шара, жалғыз дәрі – мұсылман болуы. (Ислам Ахлақы) |