2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жәннатқа айналған үй

Жәннатқа айналған үй

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Пайғамбарымыз алейһиссалам «Адамдардың қайырлысы – адамдарға пайдалы болғаны, адамдардың жаманы – адамдарға зиянды болғаны» деген.

Күнәлар екіге бөлінеді: біріншісі, Аллаһу та’ала мен құл арасындағы күнә. Ал екіншісі, құлдардың өз араларындағы күнәлар, яғни құл ақысы. Имам Раббани хазреттері «Бір мүминнің мойнында азғана өзгенің ақысы болса, бұл құл ақысынан құтылмағанша, халалдық, разылық (кешірім) алмағанша бүкіл пайғамбарлардың ғибадаттарын орындаса да, жәннатқа кіре алмайды» деген.

Әһли сүннет ғалымдары «Құл ақысына мән бермейтін адамның үйленбеуі керек» деген. Үйленетін болса, білсін, үйленген әйелі – Аллаһу та’аланың құлы. Құл ақысы өтпеуі үшін, басқадан жақсылық күтіп отырудың орнына өзі жақсылық жасау керек. Сондықтан адам алдымен өзінен бір нәрсе беру керек. Өзі бермей, басқадан бір нәрсе күту немесе талап ету дұрыс емес. Міне осы сөздер – үйленген мұсылмандарға өсиет, насихат. Бұлар үйленбекші болғандардың құлағына алтын сырға болсын. Құтылу немесе пәлекетке түсу осы екі шешімге байланысты. Әйел – Аллаһтың құлы, адамның қызметшісі, құлы, тұтқыны емес. Ол да бір мұсылман адам. Оранып жүрген болса, намазын оқып жүрген болса, жәннаттан бұл өмірге түскен ниғмет деген сөз.

 

Шектен шығу болмаса

Бір әулие уағызында «Намазхан салихалы әйелге дүние істеріндегі кемшіліктері үшін ештеңе айтпау керек» деген кезде, сол жақтағы бір кісі «Мырзам, ештеңе айтпай шыдап жүру мүмкін бе?» деп сұрайды. Ол әулие былай дейді:

Мүмкін болмаса, бұлай насихат айтылмас еді. Өзің істемеген нәрсені өзгелерге істе деп насихат айтудың жауапкершілігі бар. Аллаһу та’ала Құран кәрімде «Сен өзің жасамаған нәрсеңді қалайша басқаға айтасың?» деген. Бізде бәрі жақсы, ешқандай қиындық жоқ, неліктен? Мұсылмандыққа сай өмір сүргеніміз үшін. Әйелім де дінге сай өмір сүруде, мен де. Басқа не қалды? Онсыз да, әдеп – өз шегіңді білу деген сөз, ол да шегін біледі, мен де шегімді білемін. Шектен шығу жоқ, егер қоғамда шектен шығушылық болмаса, барлық жақ гүл бақшасындай болар еді.

Хазреті Әли «Ішенде жақсы қарым-қатынас орнаған үй – жәннат, жаман қарым-қатынас болған үй – тозақ» деген. Нәпістің қалауларын істеу үшін өз өмірімізді тозаққа айналдыру, ақылды адамның істейтін тірлігі емес. Дінге қайшы әрекет істеп, өзгенің ақысын жеп, өмірін тозаққа айналдырған адам ахиретін де жоғалтқан болады.