8 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     10 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУДЫҢ ҮШ ШАРТЫ БАР

ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУДЫҢ ҮШ ШАРТЫ БАР

1) Мұсылман болу, ақыл кірген  және балиғатқа толған болу.

2) Мұқим болу (Жолаушы болмау).

3) Құрбандық нисабы мөлшерде бай болу.

Рукны (негізі) – қой мен ешкі, түйе мен сиыр сою, бір түйе немесе бір сиыр жеті құрбандықтың орнына өтеді, бір сиырды жеті адамның құрбандыққа шалуы жаиз болады. Тағы бір адам «мен де қосылайын» десе, сегізінің де құрбандығы бұзылады. Құрбандықтың нисабы пітір нисабымен бірдей.

[Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” былай деген: "Араларында кез келген бірінің үлесі жетіден бірінен аз болса, ешқайсысының құрбандығы жаиз болмайды." Сондықтан, жетіден аз адамдардың ортақ болуы жаиз болады. Сатып аларда ортақ болу сахих. Сатып алғаннан кейін де ортақ болу сахих болса да, сатып алудан бұрын ортақ болу жақсырақ. Бір адам, біреудің сиырына 7/1-ден 7/6-ға дейін ортақ бола алады. Етті осындай теңдікпен бөліп алады. Ортақтардың бірі қайтыс болса, мирасшылары қайтыс болған адам үшін және өздерің үшін шалыңдар деп айтса, сахих болады. Себебі, мәйіт үшін құрбандық шалу қурбат болып табылады. (Қурбат – Аллаһу та’ала разылығы үшін жасалған жақсы амалдар) Олай айтпаса, серіктестерден өлген адамдікі қурбат болмайды және ешбірі сахих болмайды. Серіктестердің бірі кәпір болса немесе тек ет үшін ортақ болған болса, ешбірінің құрбандығы жаиз болмайды. Өйткені, серіктестерден бәрінің қурбат (ғибадат) үшін ниет етуі шарт. Кәпірдің ниеті өтпейді. Ал тамақ үшін ниет ету қурбат болып саналмайды. Осы сияқты, серіктестердің бірі осы жылдың құрбандығына, басқалары өткен жылдың құрбандығына ниет етсе, басқалардың ниеттері қате болып, еттері садақа болады. Еттерін кедейлерге садақа ретінде беруі қажет болады. Бірінің ниеті сахих болса да, ол да етін жей алмайды. Өйткені, садақа ретінде берілу үкімі еттің барлығына бірдей өтеді. Ниет етілген қурбаттың уәжіп болған қурбат болуы шарт емес. Сүннет және нәпіл қурбат та болуы мүмкін. Әртүрлі уәжіптер де болуы мүмкін. Бала немесе үлкен адам үшін ақиқа болуы да жаиз. Себебі, ақиқа – бала ниғметі үшін шүкірлік болып, қурбат болып саналады. Неке асы да шүкір ету болып, сүннет болған қурбаттан саналады. Серіктестердің бәрінің Құрбан айт үшін құрбандық шалу ниетінде болғандары абзал. Ақиқа сою Ханафи мазһабында сүннет емес, мүстаһаб немесе мубах. Мүстаһабтар қурбат болып саналады. Ал мубах шүкір ету ниетімен жасалса қурбат болады. Көптеген әдеттер бар, ниет еткенде ғибадат болады. Мубахтар да ниет еткенде таат (жақсы амал) болады. Ақиқа сою жайында арабша «Уқуд-уд-дүррийа» және «Дурр-ул-мухтар» кітаптарында кеңірек мәлімет бар.]