19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / МҮМИННІҢ ҚАСИЕТТЕРІ

МҮМИННІҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Мүминнің мүминде жеті ақысы бар:

Шақырғанда қонаққа бару, ауырғанда көңілін сұрап бару, жаназасына бару, насихат айту, сәлем беру, залым біреуден құтқару, түшкірген кезде «Әлхамдулиллаһ» десе, «Йәрхамукаллаһ» деп айту.

Мүминнің қайырлысы – алты қасиеті болған адам:

Ғибадат етеді, ілім үйренеді, жамандық жасамайды, харамдардан сақтанады, ешкімнің мүлкіне көз салмайды, өлімді мүлдем ұмытпайды.

Ескерту: Хадис шәрифте былай делінген: «Әр адам өзіне жақсылық жасағанды жақсы көреді. Бұл жақсы көру адамның жаратылысында бар.» Нәпсіне берілген адам нәпсінің қалауына жетуге көмектескендерді жақсы көреді. Ал ақыл мен ілім иесі мәдениетті адам болуына көмектескендерді жақсы көреді. Сөздің қысқасы, жақсы адамдар жақсыларды жақсы көреді, жаман адамдар жамандарды жақсы көреді. Бір адамның кімді жақсы көретіндігіне, достарына қарап, оның қандай адам екендігі аңғарылады. Досқа, дұшпанға, мұсылманға және кәпірге, бидағатшылардан басқа барлық адамға жылы сөзді және күлімдеген жүзді болу керек. Адамдарға жасалатын ең пайдалы жақсылық, ең құнды сыйлық – жылы сөз бен күлімдеген жүзді болу. Сиырға табынып жатқан кәпірлерді көргенде сиырға сабан беріп, дұшпан болуына тосқауыл жасау керек. Ешкіммен сөз тартыспау керек. Сөз тартысу достықты азайтып, дұшпандықты арттырады. Ешкімге ашуланбау керек. Ашулану, жүйке жүйесі және жүрек ауруларына шалдықтырады. Хадис шәрифте «Ашуланба!» деп бұйырылған.

 

Бір адам төрт нәрсені жасырса, адамзаттың қайырлысы болады:

1) Кедейлігін.

2) Садақасын.

3) Қиыншылықтарын.

4) Пәлекеттерін.

 

Жәннат төрт адамға лайық:

1) Тілі зікір етуші болған,

2) Қари болған,

3) Ас беруші болған,

4) Рамазан айында ораза тұтқан адамдар.

 

Әрбір адам төменде жазылған жеті нәрсені тілінен тастамаса:

Әр ісінде «Бисмилләһ...» айту.

Әр ісі біткенде «Әлхамдулиллаһ» деу.

«Пәлен жерге барамын» дегенде «Иншаллаһ» деу.

Жаман хабар естігенде «Инна лиллаһ уә инна иләйһи ражи’ун» деу.

Қате бір нәрсе айтып қойса, тәубе мен истиғфар ету.

«Лә илаһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул хамду уә һуә алә кулли шәй-ин қадир» кәлима-и тайибасын үнемі айтып жүру.

«Әшһәду ән лә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уә расулуһ» калима-и шәрифін көп айту.

 

Мына екеуін де күндіз-түні көп оқу керек:

1) «Әстағфируллаһ.»

2) «Субханаллаһи уәл-хамдулиллаһи уәлә илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар уәлә хаулә уәлә қууата иллә биллаһил алийил-азим.»