7 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     8 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ең жақсы ғалым – нақыл еткен ғалым

Ең жақсы ғалым – нақыл еткен ғалым

Әһли хикмет ғұламалары былай деген:

Жаңбыр суы таза. Бірақ ішетін болса, ішкі органдарға удай әсер етуі мүмкін. Бұл жаңбыр суының жерге түсуі, топырақта тұздарға, минералдарға араласуы керек. Бұларға араласқан және ішуге жарамды күйге келген су жердің үстіне шығады, су құбырларымен үйімізге дейін келеді, бұл суды біз краннан ішеміз. Құран кәрім де Аллаһу та’ала тарапынан түсірілген. Таза, бірақ пайғамбарымыз алейһиссалам «Кімде-кім Құран кәрімнен өзінше мағына шығаруға, түсінуге ұмтылса, түсінуге тырысса кәпір болады» деген. Ішкен суымыз жаңбыр суы, бірақ мұны ішу зиянды болуы мүмкін. Құран кәрім де біздің кітабымыз, бірақ біз түсіне алмаймыз. Оны пайғамбарымыз түсінеді. Құран кәрім оған түскен. Ол хадис шәрифтер арқылы сахабаларына түсіндірді. Асхаби кирам әсте-әсте Әһли сүннет ғалымдарына нақыл етті (жеткізді). Әсіресе мазһаб имамдарымыз біз түсіне алатындай күйде әзірлеп, ішуге жарамды су күйіне жеткізді.

Кезкелген суды іше алмағанымыздай, кезкелген діни кітапты да оқуымызға болмайды. Міндетті түрде ресми түрде тіркелген, «бұл суды ішуге болады» деген мөрі басылған судың пайдасын көре аламыз. Бір мазһабқа мойынсұнбаған, бір Әһли сүннет ғалымына бағынбаған адам, таңдамай кезкелген суды іше салған болады. Суды таңдамай ішкен адам микропты су ішуі мүмкін, ағынды су ішуі мүмкін, абыржуы мүмкін. Өйткені Әһли сүннет ғалымдарының ең үлкен ерекшелігі – келген таза суды қорғауы. Оған бидғат араластырмайды, ластық қоспайды, оны зая да етпейді. Ең жақсы құбырлар арқылы бізге дейін жеткізеді. Судың ағып кетуінің алдын алады, суды қорғауға алады. Ішіне бір нәрсе араласып кетпесін деп суды таза сақтайды.

Олай болса, ең жақсы адам, ең жақсы ғалым – өзінен бұрынғылардан алып келесілерге нақыл етуші, жеткізуші болған адам. Өзінің ойна келгендерді айтаберетін, дін деп келгендерді ғалымдарға бағыттамай, өзіне байлаған адам емес. Бәріміздің негізгі міндетіміз – пошташыдай құтты хабарды иелеріне жеткізу. Пошташының міндеті хатты алу, мекен-жайына қарап, ештеңені жорамалдамай тікелей кісінің қолына беру. Қалғанына араласпайды.

Біздің де міндетіміз Әһли сүннет ғалымдары білдірген сол құнды мәліметтерді, білімдерді, қандай болса солай жеткізу, әдемі конверттерге салып адамдарға жеткізу. Бұл конверттерді ашып, хаттарды оқығандар діндерін рахат түрде және дұрыс үйренеді. Ал бидғатшының істегендері, өздеріне келген конверттерді ашады, оқиды, бірақ «Бұл дұрыс емес» дейді. «Мұнда кемшіліктер бар» деп, отырып өздері хат жаза бастайды. Өздері жазған хаттарды айналасына таратып береді. Бұл жағдайда, бұл хат сол кісінің хаты болып саналады. Ал біз пайғамбарымыздан бастап келген, аманат болып қолдан-қолға жеткізілген және мазһаб имамдарымыз тарапынан көбейтілген хатты таратып жүрміз.

Бұлай істеген адам әлемнің ешбір мемлекетінде заң тарапынан да, адамдар тарапынан да қиыншылық көрмейді, әрі Аллаһу та’аланың алдында да қиындық тартпайды. Себебі, "суға" өздігінен ештеңе қосқан жоқ. Өзіне келгендерді дәл сол күйде басқаларға жеткізді. Бұл жерде үстемдік те жоқ. Кім қаншалықты ықыласпен және шамасы жеткенше, неғұрлым  көп хат таратса, соғұрлым сүйікті болады.