Жүніпке не істеуге болмайды?
Сұрақ: Жүніп болған адамға не істеуге болмайды? Жауап: Ғұсыл алуы қажет болған адам «жүніп» деп аталады. Жүніп болған адамға Бисмиллаһ айтуға, дұға оқуға, «Лә илаһа иллаллаһ» деп зікір етуге, салауат оқуға болады. Тіпті Фатиха, «Раббанна әтина...» сияқты аяттарды дұға ниетімен оқуына да болады. Құран кәрім кітабын ұстауға болмайды, жаттанды түрде болса да Құран кәрім оқуға болмайды. Мешітке кіре алмайды. Шап маңын қыруы, шаш, тырнақ қырқуы мәкрух болады. Хайз (етеккір) жағдайында бұларды істеу мәкрух болмайды.
Жүніп күйде ішіп-жеу және сәбиді емізу Сұрақ: Жүніптің бір нәрсе ішіп-жеуі, көшеге шығуы, жүніп болған әйелдің сәбиін емізуі дұрыс па? Жауап: Ауызын шайғаннан кейін ішіп-жеуі жаиз болады. Көшеге шығу да жаиз. Әйелдің көкірегін жуғаннан кейін сәбиін емізуіне болады. Намаз уақыты шығудан бұрын жуыну керек. Одан артық жүніп болып жүруі харам болады. Намаз оқитын және оқымайтын әркім бір намаз уақытын жүніп күйде өткізетін болса, үлкен азап шегеді.
Жүніптің ішіп-жеуі Сұрақ: Жүніп болған адамның қолын, ауызын шаймастан ішіп-жеуі жаиз ба? Жауап: Тәнзиһән мәкрух болып табылады. Жуғаннан кейін ішіп-жеуі мәкрух болмайды, бірақ мәжбүр болмағанша жүніп күйде ішіп-жемеу керек.
Жүніптің тері және мәни Сұрақ: Ихтилам (поллюция) болғанда және жұбайымен қосылғаннан кейін үстіндегі бүкіл киімдерді шешіп жуу керек пе? Жүніп кезде тер тиген киімдермен намаз оқуға болады ма? Жауап: Жүніп болған адамның тері нәжіс емес. Ол киімдермен намаз оқуға болады. Мәни (сперма, ұрық) – Ханафиде нәжіс, басқа үш мазһабта таза. Маликиде, бір қаулы бойынша мәни нәжіс болып табылады. Ихтилам болған адам киімдерінің бәрін ауыстыруы қажет емес, тек мәни тиген жерді жууы жеткілікті болады. Мәни кеуіп қалған болса, ысқаланса тазаланған болады. Ол киіммен намаз оқуға болады.
Жүніптік және уәсуәса Сұрақ: Жүніп кезде бір нәрсеге тисем, сол зат лас болды деп ойлап, көп әуре боламын. Бұл уәсуәса ма? Жауап: Иә, бұл уәсуәса. Жүніп болған адам нені ұстаса да ол нәрсе лас болмайды.
Мешіт ретінде қолданылатын бөлме Сұрақ: Үйде мешіт ретінде қолданылатын бөлмеге кірерде итикафқа ниет етуге болады ма? Бұл жерге жүніп күйде кіруге болады ма? Жауап: Мешіт ретінде қолданылатын бөлмеге кірерде итикафқа ниет етуге болады. Бұл жерге жүніп күйде де кіруге болады. Алайда көпшілік баратын мешіттерге жүніп күйде кіруге болмайды.
Жүніптің сәлем беруі Сұрақ: Жүніп болған адамның сәлем беруіне болады ма және берілген сәлемге де жауап беруге болады ма? Жауап: Әрине, сәлем беруге де сәлемге жауап беруге де болады. Ешқандай зияны болмайды. Сәлем – өте жақсы дұға. Жүніп болған адам Құран кәрімнен сүре мен аят оқуына болмайды, бірақ дұғаның кезкелген түрін оқуына болады, зікірдің кезкелген түрін айта алады, тіпті Фатиха және «Раббана әтина...» сияқты дұға аяттарын тек дұға ниетімен оқи алады.
Жүніп адам Құран оқи алмайды Сұрақ: Ислам Ахлақы кітабында «Жүніптің дұшпаннан қорғану үшін бір-екі қысқа аят оқуы жаиз болады» делінген. Осы үкім бойынша «Құл әузу...» сүрелерін оқуға болады ма? Жауап: «Құл әузу...» сүрелері аят емес, сүре. Бұларды жүніп күйде оқуға болмайды. Басқа аяттарды оқуға болады. Мысалы, дұшпанның зиянынан және пәлекеттерден құтылу үшін «Лә илаһа иллә әнта субханәкә инни кунту минәззалимин» аяти каримасын оқуға болады.
Жүніптің тырнақ қырқуы Сұрақ: Жүніп кезде ғұсыл алудан бұрын бет-қолды жуып, содан кейін тырнағын қырққан немесе қырынған адам да мәкрух істеген болады ма? Жауап: Иә, бет-қолын жуған болса да, мәкрух істеген болады. |