19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / «ӘЙ, ҰЛЫМ» ИЛМИХАЛЫ (Алғы сөз)

«ӘЙ, ҰЛЫМ» ИЛМИХАЛЫ (Алғы сөз)

Алғы сөз

Қазіргі заманда қолына қалам алған әрбір адам өзін ислам ғалымындай санап, діни кітаптар жазуға кірісіп кетуде. Алайда, басым бөлігінің ислам ілімдерінен хабары болмағандықтан, ойына келгенін жазуда. Тілі мен жағына сүйенген базбіреулері мінберлерде тұрып, өз ойынан және қиялынан шыққандарды "дін" деп уағыздауда. Қазіргі таңда жастар иманды ата-бабаларынан өздеріне мирас болған қасиетті дінді үйренбекші болғанда ойдан шығарылған тәпсірлерді, ислам дұшпандарының кекшілдікпен және қастандықпен ағылшын, яһуди (еврей) немесе өзге тілдерде жазған кітаптарынан аударылған ислам тарихын және надандар немесе дінді сатып ақша табуды көздеген мұнафиқтар (екіжүзділер) тарапынан әзірленген кітаптар мен журналдарды оқуға немесе дінге мүлде қатысы жоқ газеттерден діни білім алуға мәжбүр болуда. Алайда, дінімізде бәни Исраилдың пайғамбарлары секілді өте көп әрі өте үлкен дәрежедегі ғалымдар жетіліп шыққан және олар жазған мыңдаған кітаптар Ислам дінін бүкіл әлемге түсіндірген және таратқан. Дұрыс Ислам білімдерін «Әһли сүннет» жолы деп атайды. Бұл жайында кеңірек мәлімет алғысы келетіндерге түрікше «Сәадати Әбәдия» кітабын оқуға кеңес береміз. Бүгінгі таңда бірінен соң бірі сатуға шығарылып жатқан, жарқырауық арбаушы сөздермен безендірілген улы кітаптар мен журналдарды оқып, мұсылмандықты қате және мүлдем басқаша түсінуден дін бауырларымызды және мұсылман перзенттерін қорғау мақсатында Сүлейман бин Жәзаның ханафи мазһабындағы ұлы ислам ғалымдарының кітаптарынан жинақтаған «Әй, ұлым» атты ғылымхалын қайта жариялауды жөн санадық. Хужжәт-ул-ислам (Исламның құжаты) деген атпен танылған Имам Ғазалидің (рахимә-һуллаһу та’ала) «Әйюһәл уәләд» (Әй, ұлым) атты кітабы бұдан басқа еңбек. Оны ғұламалардың бірі Мұстафа Әли мырза (рахимә-һумуллаһу та’ала) аударып, «Тухфә-тус-суләха» деп атаған. Бұдан басқа Хадими марқұм да (рахимә-һуллаһу та’ала) оның шәрһін (түсіндірмесін) жасаған. Имам Ғазалидің «Әйюһәл уәләд» кітабының аудармасы «Хақ сөздің құжаттары» атты кітабымыздың соңғы бөлімінде жарияланған.

Сүлейман бин Жәза хазрет тарапынан хижри қамари 960 (м.1552) жылы жазылған қолдарыңыздағы бұл кітапты қайта басу барысында кейбір тұстарының оқырманға түсінікті болуы үшін басқа кітаптардан алып қосқан түсініктемелерімізді тік жақша [ ] ішінде бердік. Кітаптың негізгі нұсқасында болмаған басқа да түсініктемелерді «Ескерту» тақырыбымен берілген қосымшалардан көре аласыз. Бұл кітапты оқу нәсіп болған бақытты жандардың осы кітапта есімдері аталған ғұламалар мен әулиелердің руханиятынан үлес (фәйз-береке) алулары үшін дұға етеміз.