17 - Шәууал, 1445 жыл.
     26 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / «ӘЙ, ҰЛЫМ» ИЛМИХАЛЫ

«ӘЙ, ҰЛЫМ» ИЛМИХАЛЫ

Әлхамду лиллаһи Раббил аләмин. Уәссалату уәссаләму алә Расулина Мухаммадин уә әлиһи уә сахбиһи әжма’ин.

1 - Әй, ұлым! Сен үшін үш жүз алпыс хадис шәриф, қырық төрт хабар және дініміздің тірегі болған намаздың жеті шарты, бес рукны, жеті уәжібі және он төрт сүннеті, жиырма бес мустаһабы және он төрт муфсидін Ханафи мазһабы ғалымдарының кітаптарынан жинап, баяндадым. Бұлармен амал етіп, үлкен фәйздерге жет!

2 Бір мың тоқсан әдепті сен үшін және сен сияқты мұсылман балалары үшін жинақтадым. Бұлармен амал етсең, саған жеткілікті болады. Егер жалқауланып, Аллаһу та’алаға дұшпан болып, бұларды тәрк етсең, дүниеде құлдық пен масқаралыққа, ахиретте азапқа душар боласың.

Бұлармен амал етіп, дін бауырларыңа осылай істеуге кеңес берсең, саған пайдасы тиеді. Саған қайырлы дұға жасайды. Хақ та’ала дұғаларын қабыл етеді. Өйткені пенде пенденің дұғасымен кешіріледі.

 

БІРІНШІ БАП

3 - Әй, ұлым! [Намазыңның және] барлық ғибадаттардың қабыл болуы үшін, адамның ең алдымен Әһли сүннет сенімінде болуы, ғибадаттардың сахих (дұрыс) болуы, содан соң ықыласпен жасауы және адамның мойынында құл ақысының болмауы шарт. Ибн Хажар Меккидің “рахимә-һуллаһу та’ала” «Зәуәжир» кітабының 231-ші бетінде жазылған хадис шәрифтерде: «Йа Са’д! Дұғаның қабыл болуы үшін халалдан ішіп-же! Бір үзім харам азық жеген адамның қырық күн бойы ғибадаттары қабыл болмайды.» [Яғни сауап берілмейді] және «Харам болған жилбаппен (жамылғымен), яғни көйлекпен оқылған намаз қабыл болмайды» және «Үстінде харамнан жасалған жилбабы (киімі) болған адамның ғибадаттарын Аллаһу та’ала қабыл етпейді.» [Жилбаптың кейбір әйелдер киетін чаршаф деп аталатын екі бөлек қара киім еместігін осы хадис шәрифтер де көресетуде.] «Тек бір ақшасы харамнан болған он ақшаға алынған киіммен оқылған намаз қабыл болмайды» және «Мұсылман болмаған адамға зұлымдық жасаған адамнан, Қиямет күні, оның хаққын мен сұраймын» және «Кәпір болса да, мазлұмның (зұлымдық көрген адамның) дұғасы кері қайтарылмайды» делінген. [Олай болса, ей мұсылман! Ғибадаттарыңнын қабыл болуын қаласаң ұрлық жасама! Қулық пен қиянат жасама! Жұмысшының жалақысын тері кеппей тұрып бер! Жалға алған мал-мүлкіңді, көпшілік қолданатын жерлерді сындырма, бүлдірме! Қарызыңды тез және толық өте! Тасымал құралдарының ақысын толық бер! Үкіметке, заңға, басшыларға қарсы шықпа! Салықтан қашпа! Дар-ул-харбта, яғни кәпір мемлекеттерінде де, кәпірлердің алдында да осы хақтарға мән бер! Фитнаны (бүлікті) оятпа! Фитна шығару, яғни адамдар арасына іріткі салу, біреудің пәлекетіне себеп болу харам болып табылады. Мұсылмандықтың жақсы мінезін, әдебін жұрттар сенен үйренсін. Шынайы мұсылман Ислам дініне мойынсұнып, күнә істемейді, әрі заңға мойынсұнып, қылмыс істемейді. Фитна шығармайды. Ешбір жаратылысқа зиянын тигізбейді. «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдалы болатындары.» және «Араларыңда иманы үстем болғандарың – мінезі жақсы болғандарың!» хадис шәрифтерін ешқашан ұмытпайды.] Өлең:

Фитнаға бөгет болатын өтірік,

Жақсырақ фитнаны оятатын шындықтан.