10 - Рамазан, 1442 жыл.
     22 - Сәуір, 2021 жыл.   



Мүлк сүресінің қасиеті

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мүлк сүресі жамандықтардың алдын алушысы және құтқартушысы. Ол қабір азабынан қорғайды.»

«Мүлк сүресін әр түні оқыған адамнан Хақ та’ала қабір азабын алып тастайды.»

«Мүлк сүресін оқымастан жатпа! Өйткені өлетін болсаң, қабірде саған жолдас болады. Әр түні Мүлк сүресін оқыған адам Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауапқа ие болады.»

«Мен Мүлк сүресінің үмбетімдегі әрбір адамның жүрегінде болуын ұнатамын.»

«Құран кәрімнен отыз аяттық бір сүре бір адамға шапағат етті және нәтижесінде кешірілді. Ол - Мүлк сүресі.»

Асхаби кирамнан бірнеше кісі бір жерге шатыр құрған еді. Бұл жерде бір қабірдің бар екенін білмеген еді. Шатыр астында Мүлк сүресінің оқылып жатқаны естілді. Расулуллаһ алейһиссаламға мұны айтқанда, ол:

«Бұл сүре адамды қабір азабынан қорғайды» деді.

 

Абдуллаһ ибн Аббас былай деді:

«Мүлк сүресін оқы! Оны жаттап ал! Бала-шағаңа және көршілеріңе де үйрет. Себебі бұл сүре азаптардан құтқарушы. Оқыған адамға Хақ та’аланың алдында шапағатшы. Егер адам оны жаттап алған болса, Аллаһтан оны тозақтан құтқаруын сұрайды. Аллаһ мұның себебімен әлгі адамды қабір азабынан құтқарады.»

 

Мұхаммед бин Алқами былай деді:

«Әр түні Тәбәрака (Мүлк) сүресін оқығандарға қабір сұрағы сұрамайды.»

 

Абдуллаһ ибн Мәсуд былай деді:

«Біреу қайтыс болып қабірге түсірілген кезінде азап періштелері мәйіттің басына келеді. Бас оларға: "Оған жоламаңдар, өйткені ол маған Мүлк сүресін оқыды" дейді. Содан соң қарын жағына барып отырады. Ол да: "Оған жоламаңдар. Өйткені ол менде Мүлк сүресін жаттап сақтаған" дейді. Осы себептен бұл сүреге "қабір азабына бөгет" мағынасында "Мания" делінген.»

 

Абдуллаһ ибн Мәсуд былай деген:

«Кімде-кім, әр түні Мүлк сүресін оқыса, Аллаһу та’ала мұның себебімен ол кісіні қабір азабынан құтқарады.»

(Мүлк сүресі Құран кәрімде 561-563 беттері арасында.)