17 - Мухаррам, 1446 жыл.
     23 - Шілде, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / МУСАФАХА (Қол алысу)

МУСАФАХА (Қол алысу)

25 - [Мусафаха барлық уақытта жасалады. Тек намаздардан кейін қол алысуды әдетке айналдыру мәкрух. Мұхаммед Хадими (рахимә-һуллаһу та’ала) «Бәриқа» кітабының 1220-шы бетінде былай деген: «Хадис-ул-жамиде "Мұсылман екі еркек немесе екі әйел кездескен кездерінде мусафаха етсе (қол алысса), әлі қоштаспай тұрып күнәлары кешіріледі" делінген. Қол алысу – муаккад сүннет. Қол алысқанда құшақтасу, сүйісу жаиз емес.» Әйелдердің бір-бірімен бөгде еркектер көрмейтін жерлерде қол алысуы жаиз.]

Әй, ұлым! Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Кімде-кім бір мүмин бауырын зиярат етіп көруге барса, олардың екеуіне де жәннатта бір-бірден дәреже беріледі.» [Тек бұл зиярат Аллаһ разылығы үшін болуы керек, басқа заттық және жеке басының пайдасы үшін болмау шартымен.] Сондай-ақ Расулуллаһ (саллалаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Кімде-кім бір мүмин бауырын зиярат етіп, мусафаха етіп (қол алысып) үш рет қолын сілкісе, қолдарын әлі жібермей тұрғанда Хақ та’ала екеуінен де разы болады. Ағаштан жапырақтар қалай төгілсе, олардан да күнәлары солай төгіледі.»

Қол алысқаннан кейін өлгендердің, ұстаздардың және басқа да өмірден өткендердің, әрі барша имандылардың кешірілуі үшін дұға ету керек. Осы арада пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уәсәлләм) салауат айту шарт.

26 – Әй, ұлым! Мешіттен шығарда «Аллаһым, маған мейірімің мен рахмет есігін аш!» деп сол аяғыңмен сыртқа шық. Шығарда «Иншааллаһ бұдан кейінгі намазға да келемін» деп ниет ет!

Өйткені Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Жақсы амалдар тек ниетке ғана байланысты болады» деді.Ниетсіз ғибадат болмайды. Бір адам жақсы бір амал жасауға ниет етсе, бірақ бұл амалды орындау нәсіп болмаса, ол адамға ниетінің сауабы жазылады.

Тағы да былай деген: «Намаз – діннің тірегі, кімде-кім намазын оқыса, дінін құрды, кімде-кім намазын оқымаса, дінін құлатты.» Себебі намаз – барлық ғибадаттардың ең құндысы. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген: «Намазды жамағатпен оқу, жалғыз оқудан жиырма жеті есе артық.»

Басқа бір хадис шәрифте: «Үзірсіз, үйінде [жалғыз] намаз оқыған адамның қарызы өтеледі, намазының сауабы нұқсан болады» делінген. Намазды кірген уақытында немесе тым болмаса ортасында оқу керек. Одан кейін оқитын болсаң, қарыз өтелсе де сауабы болмайды. Уақыты  шыққаннан кейін оқылатын намаз қаза ниетімен оқылады. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Миғраж түнінде бір топ адамның жағдайынан хабардар болдым. Қарасам, олар қатты азапталып жатыр. Жәбрейл алейһиссаламнан "Бұл топтағылар кімдер?" деп сұрадым. [Яғни не үшін азапталып жатыр?] Жәбрейіл алейһиссалам: “Бұлар намаздарын уақытында оқымағандар” деді.»

Бір адам намаз оқымаса, парыз екендігіне де сенбесе, яғни қарызын өтеуге ниет етпесе, ғалымдардың ауыз бірлігімен кәпір болып саналады. Бір адам бірде оқып, бірде оқымай жүрсе (үзірсіз) мүлдем оқымай жүргенмен бір болады. Себебі ол намазды масқаралаған болады. Намазды масқаралау (Аллаһ сақтасын!) – Аллаһу та’аланы масқаралау болады. Осы себептен, барлық ғибадаттарды да, намазды да үнемі және уақытылы орындау керек!