8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Шынайы ғалымдардың ортақ белгілері

Шынайы ғалымдардың ортақ белгілері

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Бүкіл Әһли сүннет ғалымдарының ортақ ерекшелігі бар. Ол – қойылған сұрақтарға сұраған адамның дүниесін емес, ахиретін ойлап жауап берулері. Алайда, кейде сұрақ та, жауап та дүниелік болады, бірақ олар міндетті түрде сұраған адамның ахиретін ойлап және Аллаһ разылығына мән беріп жауап береді. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Егер мына дүниенің Аллаһтың алдында шыбынның қанатындай қадірі бар болғанда, дұшпаны болған кәпірге бір жұтым су да бермейтін еді» дегендіктен, Әһли сүннет ғалымдары дүниеге ешқандай қадір бермеді. Әйтпесе олардың әрбірі жақсы ғалым болмас еді.

Адамдарға Ислам дінін түсіндіру және жаю, бұл жолда пайдалы болу үшін тек ілім мен ықылас жеткіліксіз, ақыл және илми саясат та қажет. Илми саясат – адамдардың жағдайын, заманын және мемлекеттің шарттарын білу деген сөз. Бұлар болмаса, мәселелер кітаптан алып айтылса да фитнаға себеп болады. Шын мәнінде мүжтәһид болмағандар хадис шәрифтерді түсіне алмайды және онымен амал ете алмайды. Хадис шәрифтер – құжат, дәлел. Бірақ кейбір хадис шәрифтер тек бір адамға ғана қатысты айтылған. Кейбірлері бес адамға, ал кейбірлері баршаға айтылған. Осы тұрғыдан, біз сияқтылардың әр түрлі азық-түліктерді жинап, олардан нан жасауымыз мүмкін емес. Ұн мен шекерді қосып, халуа жасайтындай жағдайда емеспіз. Ұнды, немесе шекерді обал қылып, құртып аламыз. Оның маманы, ұстасы – пайғамбарымыздың мұрагерлері болған ғалымдар. Хазреті Хусейн бин Саид (қуддиса сиррух) өмірін беріп, ілімімен, ықыласымен күндіз-түні жұмыс істеп, мыңдаған Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан жинақтап, осы күннің адамына қажет болған білімдерді түсіне алатындай етіп әзірлеген. Осы себептен «Біздің кітабымыз өте құнды, өйткені ішінде бізге қатысты бірде-бір жазу, пікір жоқ. Біз тек ғалымдардың еңбектерін жазуға, олардың жазбаларын жеткізуге тырыстық» дейтін еді.

Бұл кітаптар жайында кім не десе де, тек өзінің құнын көрсеткен болады. Өйткені ғалымдардың кітаптары – айна. Әркім бұған қарайды, жүрегі таза болған, яғни сенімі мен амалы дұрыс болған адам мұның ләззатын сезеді. Ал жүрегі жаман болғандар өзінше қате іздеп, қарсы шығады, дұшпан болады. Сүйікті пайғамбарымыз «Бір адамның хидаятына (дұрыс жолға түсуіне) себепші болған адам Нұх алейһиссаламның өмірі бойы (мың жыл) ғибадат еткендей сауап алады» деді. Бұл мың жылдық ғибадаттарға парыздар да кіреді. Біреуге дұрыс болған діни кітапты берген адам да осы сауапты алады, яғни ол кісінің хидаятына себепші болғандай жиһад сауабына қол жеткізеді.