5 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     7 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Қолдағы сүйел

Қолдағы сүйел

Сұрақ: Бір жақынымның қолында бірнеше сүйел бар, дәрімен емдеуге тырыстық, пайдасы болмады, керісінше үлкейіп кетті. Сүйелді кетірудің шарасы бар ма?

Жауап: Сүйелге қарсы дұға төменде:

Үш дана буынды арпа сабағын алып, буындарымен сүйелдердің үстін сүрту керек және Таха сүресінің 105, 106 және 107 аяттары бір реттен оқылады. Кейін сабақтарды дымқыл топыраққа көміп, шіріп кетуін күту керек. Сабақтардың шіруімен сүйелдер де Аллаһу та'аланың рұқсатымен түседі.

Имам Қуртуби хазреттері: «Өз басым да, басқа адамдар да сынап көрді, пайдасы тиді» деген.